Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақбілек романы

Автор:   •  Апрель 6, 2023  •  Реферат  •  485 Слов (2 Страниц)  •  163 Просмотры

Страница 1 из 2

Мәтінге шолу

Ақбілек романы қазақ қызының бастан кешкен жағдайларын сипатқа ала отырып, күрделі әрі қатігез өмірдің бейнесін, қазақ ауылындағы өмір шындығын көруге мүмкіндік береді. Романда көтерілетін басты мәселе - әйел теңсіздігі. Бұл қазақ әйелінің образын автор Ақбілек есімді кейіпкер арқылы көрсетеді. Сол уақыттағы қазақ қыздарының бастан кешкен азабын, киліккен қасіретін көрсету арқылы озбырлық бейнесін ашады.

Ақбілектің орыстардың арасында көрген азабы шыныменде жан түршігерлік. Тіпті оқырман үшін қазақтың қызының осындай қияметке ұшырауы жүрекке ауыр тиеді. Ақбілектің көрген азабын оқи отыра, сол уақытта қазақ қыздарының көрген сұмдығын елестете отыра жанын ашиды. Мәселен, Ақбілектің орыстардың қолына түскен мезеттегі сипаттаманы оқи отыра жаным түршікті. “Ақбілекті аш белінен жібермей қысып, бетіне аузын ала ұмтылтып еді” сияқты үзінділерін оқыған кезде қазақ қыздарының осындай жағдайдан өткені есіне келгенде өте аянышты. Ақбілекке жасалған қастандықты автор бозторғайға теңеген мезет өте керемет сомдалған. Ақбілек торғайдың азабын көріп өзің торғайға теңейді, ал өзіне қастандық жасағандарды жыланға теңейді. Роман барысында Ақбілек торғайға ұмтылған жыланды өлтіреді, сонда ойына маған қиямет жасағандарды да біреу өлтіретін шығар деген ой келеді. Бұл жерде біз Ақбілектің өте батыл екенін көреміз, бастан өткен жағдайларға қарамастан ақырында Ақбілекте жақсы өмірге жетуге деген үміт болатынын байқаймыз. Ақбілектің бойында ажалға қарсы шабу, өмір сүруге деген талпыну анық байқалады. Мысалы, Ақбілектің қасқырмен арпалысы бұған бір де бір дәлел. Сонда да біз Ақбілектің орыстан қаша алса да, ойында қатты күйзеліс екенін байқаймыз. Әрине, қанша дегенмен де күнәсіз, пәк қыз үшін орыстардың қорлығына ұшырап, солардың лебізіне бөліну өте ауыр жағдай. Біз Ақбілектің іштен тынуын, өзімен-өзі арпалысуын байқаймыз. Бұндай күйзеліс дуана Ақбілекті тауып алғанда, Ақбілектің бай үйлерге кірмеуін өтінуі кезінде байқалады. Бай болғандықтан олар мені тегім арқылы танып қояды деген үреймен, Ақбілек дуананы басқа үйге жөнелтуге өтінеді. Егер байлар кім екенімді біліп қойса, менің орыстардан азап көрген қыз екенімді біліп қояды деп қорқады. Ақырында, Ақбілектің ойында болған арпалыс зая болмағанына куә боламыз. Алдымен, әкесінің қолдауынан айырылады, тіпті әкесі көз салмайды. Кейін, сүйген адамы Бекболаттың Ақбілектен теріс қарайтынын білеміз. Бұны біз қазіргі уақыттағы қазақ қыздарымен болып жатқан жағдаймен салыстыра аламыз. Қазір егер қыз қияметке ұшыраса, сонын әсерінен жүкті болып қалса, оны жақындарына айтудан бас тартады. Себебі, осы романдағы жағдай сияқты болуы мүмкін деген ой болады, яғни менің басымнан не өткенін сүйетін адамым, немесе жанұям білетін болса, менен теріс қарайды деген ойға әкеледі. Сол үшін қазіргі уақытта қыздар басынан өтетін көптеген мәселелерді жария етуге қорқады. Қазақ қыздарымен болатын осындай жағдай, әрине мен, қазақ жігіті үшін ауыр жаныма батады. Мен оқырман үшін оқу барысында ең жиіркенішті сәттердің бірі болып орыс офицерінің ойы сипатталатын жер болып табылады. Мысалға, “Отанды біз қорғамасақ, орыс күшті жұрт болмаса, осы надан қазақ күн көре алар ма еді?” деген жолдарды оқи отыра офицердің тәкаппарлығын сезіне отыра, өзімді ұстап отыру қиын. Қазақ бола тұра, бойымда бар патриотизммен осы орыстың ойын оқу мен үшін өте қиын болды. Біз Жүсіпбектің қалай нақты кейіпкерлердің ойын келтіре алатынына романнын барысында куә боламыз. Қорытындылай келе, Ақбілек романы қазақ халқының жаңа өмірге бет бұрысын қарапайым қазақ қызының бастан кешкен оқиғалары, қиын тағдыры арқылы кең көлемде көсететін туымды.

...

Скачать:   txt (6.5 Kb)   pdf (38.5 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club