Шаруаларды ұжымдастыру
Автор: klmzio • Сентябрь 28, 2021 • Реферат • 824 Слов (4 Страниц) • 307 Просмотры
20 - шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру , халықтың материалдық әл - ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді . Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес , экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды . Жаңа экономи калық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді . Алайда , 20 - шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді . Басты міндет – ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды . Индустрияландыру қам - қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді . Атап айтқанда , бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау , яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды . Сөйтіп , 20 - шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды . Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ , ол жоғарыдан берілген әмір , нұсқаулар негізінде жүргізілді . Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді . Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса , 1928 жылы - 2354 , ал 1929 жылы - 4876 - ға жетті . Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді . Оларды құру барысында небір сұмдық зорлыққа , күштеуге жол берілді.
Әміршіл - әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылық тарында да қандай қарқынмен жүргізілсе , мал өсіретін шаруашылықтарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді . Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ . too overal Қолдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды . Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып , олар өте көп шарушылықты біріктірді . Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен , шөптің , жайылымның жетпеуінен қырылды . Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ . Сөйтіп , 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн . 509 мыңнан 965 мыңға , қой 18 млн . 566 мыңнан 1 млн . 386 мыңға , жылқы 3 млн . 516 мыңнан 316 мыңға , түйе 1 млн . 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Яғни, бұл дегеніміз елде жаппай ашаршылықтың болуы.
Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға күшейді . Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын кеміді . Халықтың тұрмысы нашарлап , қайыршылануы көтерілісі болып , оған 80 мындай адам қатысты . Созақ
...