Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бабалар ізімен

Автор:   •  Январь 28, 2022  •  Доклад  •  441 Слов (2 Страниц)  •  280 Просмотры

Страница 1 из 2

 «Бабалар ізімен»

Жоспар

І.Тәуелсіздік – аңсаған арман

ІІ.Тәуелсіздік жолындағы бабаларымыздың ерлігі

ІІІ.Бабалар өсиеті – өскеленң ұрпаққа өнеге.

        «Тәуелсіз ел –таңбасы таста қашалған құдіретті ұғым,ата-бабаларымыздың сан ғасырдан бергі аңсаған арманы.Ол– қуатты, ынтымағы берік,келер ұрпағы болашағына нық сенімді,бақытты Ел құру еді.

          Тәуелсіздік-киелі ұғым. Ол  өлең, ол  ән, ол  сұлулық, ол шалқыған дәулет, көркейген сәулет.Айтылуға оңай болған сөздің астында қанша салмақ бар.Азаттығымыз үшін жасалған қадамның барлығын тарихқа үңіліп,айқын байқаумызға болады.Қан судай аққан шайқастар,бодандық,аштық,жау тылында қалған халықтың мұңы мен зары,туған тілі мен дәстүрі жерге тапталған кездерді еске алуға жүрегіміз бармайды.Қазағымның басына не келіп,не кетпеді?

   Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түскен сый емес. Тәуелсіздік дегенде кең - байтақ жерімізге қызыққан жаулардан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен батыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған жүрегі жерім деп соққан ержүрек бабаларым- ай! 

    Тамыры тереңге жайылған тарихқа көз жіберетін болсақ, еліміздің ел болып қалыптасуына сан мыңдаған жылдар,ғасырлар кеткеніне көз жеткіземіз. Бұдан бес ғасыр бұрын Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды. Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар бастаған қазақ жауынгерлерінің қолы талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, ата жауларымен кескілескен шайқастар өткізді.

...

Скачать:   txt (5.9 Kb)   pdf (54.7 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club