Элита
Автор: amankululpan • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 503 Слов (3 Страниц) • 360 Просмотры
«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.
Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:
Еңбектік бөлінуі;
Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;
Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;
Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.
Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
Жоғарғы элита;
Ортаңғы элита;
Әкімшілік элита.
Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан: Гильдия және антрепренерлік.
Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.
Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.
Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.
азақстандағы саяси элитаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Бірінші кезеңі – XV ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін, — дәстүрлі дала элитасының қалыптасу дәуірі деп аталады. Қазақтың көшпенді қоғамында билеуші элита құрастыру және оның қалыптасуы көшпенділердің тұңғыштың орны деген салт-дәстүрінен шыққан.
...