Уильям Шекспирдің
Автор: yerasylakhan • Март 2, 2019 • Реферат • 10,320 Слов (42 Страниц) • 1,337 Просмотры
Асауға тұсау
Алғашқы әсер
Уильям Шекспирдің қай шығармасы болмасын жер бетінде өмір сүретін театрлар репертуарынан сонау Шекспир заманында ойып тұрып орын алып,әлі күнге дейін ақуалын жоғалтпаған.Оның шығармаларында қозғалатын мәселе ғасырдан сақталып,жыл өте жаңарып осы қоғамның сұмдығын ашып тұрады.Сол себепті Шекспир сұранысқа ие драматург әрі тәжірибесіз режиссерға шағылмайтын жаңғақ.Трагедия жанрындағы ең тұшымды шығарма Шекспирда болса,енді комедия жанрында ең ауқымды көркем классика Шекспирде.Бұл оның театр тарихында алтын әріппен қалған атына шек келтірмейтін дәлел.Бүгінде оның бес актілі Асауға тұсау комедиясымен танысып шықтым.Шығармадағы Шекспирге ғана тән ерекшелік: әрекет,қимыл қозғалыстардың бір уақытта басталып әр бағытқа дамитындығымен қызықты.Және оқиға өрбуі арқылы оқиға соңын болжап болу мүмкін емес.Шығарманы оқи отыра сол заманның сиқырын,сол елдің мәдениетін,тұрмыс тіршілігін,сол қоғамның мәселесін тұла бойыңнан өткізесің. «Нағыз трагедия сатира астында жасырынады» дейди Шекспир. Бірақ бұл шығарма арқылы ол сол замандағы әйел саудасы,таптар мәселесін қозғағанымен айтқысы келген ойы бұл емес.Сол мәселелерді қозғай отырып ол махаббатты да қалжың араластырып жастық жалындыда көрсетіп шығармаға өзгеше шыраймен қатар өлмес құндылық сыйлады. Әрекет арқауы болған бас кейіпкердің мінез құлқы,көз қарасының өзгеруі де шығарманы комедиялар арасындағы шашбауын көтеріп алдыңғы қатарда болуына септігін тигізіп тұр.Үлкен қызды ұзатып,кіші қызға жол ашу үшін бір мақсаттағы үш дау, үш түрлі кейіпкерлер арасында ,үш жерде,үш күйде дамиды. Гартензио мен Гремио таласқа екінші дем беріп,қызметшілерімен алмасады.Кіші қызға үшінші ынтық Лючензио өз қызметшісімен алмасып,ол қызметшісі қожайынның әкесінің орнына басқа адам жалдап астыртын ойларын жүзеге асырмақ болғанда Лючензионың шынайы әкесі оқиға үстінен түсіп,басқа адам өз атын жамылып жүргенін көргені.Осы уақыттағы баласының,әкесінің,қызметшісінің сахнасы қатты ұнады.Жалпы Шекспир шығармашылығын алып қарасақ қай шығармасындада оқиғаның қарқынды өрбуі,әрі қазіргі кинофильмдерге тән сюжеттің бір кейіпкер басынан өтуі,немесе бір кейіпкердің оқиғаға баға беруімен емес ,әр кейіпкердің жеке көзқарасы,өткен оқиғаға беретін бағасы,оқиғаны бір уақытта басталып тармақтары жан-жаққа таралып шешілуі.Ұлы драматургтың бес актілі бұл комедиясыда оқиға бір кейіпкер басынан ғана өтпейді.Бұл шығарманы оқу арқылы сонау дәуірдің сән-салтанатты тұрмысы және төменгі таптың күнкөрісін өз басымнан өткізгендей әсерде болдым. Барлық кейіпкер өзінше бір-бір төбе.
Қысқаша мазмұны
Дәулеті мен сәулеті жарасқан елдің лорды.Тамағы тоқтық,көйлегі көктік өмір зеріктіріп,көңіл көтермек болады.Қызметшілерімен саят құрып,аңшылықтан келе жатырған лорд жергілікті трактирдің Слай есімді маскүнемін шарапқа сылқия тойып,ұйықтап жатырған жерінен тауып алады.Қызметшілеріне бұйрық беріп оны сарайға кіргізеді де қымбат киіндіріп,үлде мен бүлдеге орап,хош иістендіріп,мамық төсекке жатқызады да барлық сарай қызметшілеріне маскүнемді Лорд деп атауға, ұйқыдан оянғанда оған өзінің он бес жыл ұйқыда жатқанын, маскүнемдік өмірі тек түсінде болғанын, ал шынында қайырымды лорд екенін айтып соған сендіруді жүктейді.Шараптан басы дуылдап,ауызына тамызатын бір тамшы суды аңсап оянған Слай маскүнем сарай ішінде жатұанын,қымбат киіммен әшекей таққанын көріп аң- таң болады.Алғашында сарай қызметшілеріне өзінің ешқандайда лорд емес трактирдің маскүнемі екенін айтып түсіндірмек болады.Бірақ уақыт өте ұйымдасқан өтірікке илана бастайды. Өзінің қараса көз талатын,талдырмаш жас сұлу жары барын біледі. Лорд жоспарын жүзеге асыру мақсатында оларға ақсүйектің ауруынан айығуы үшін көңілді комедия ойнап беруді шын жүректен өтініп сарайына қаңғыбас актерлік труппаны шақыртады.Қойылым бес актілі комедия «Асауға тұсау».Пьеса Пиза елінің ақсүйегі Винченцио баласы Люченционың білім,ғылым қуып Падуяға келуінен басталады.Қасында сенімді қызметшісі,адал досы Транио болады.Екеуі Падуяға келе салысымен қызық оқиғаға тап болады.Сол елдің Баптиста атты беделді,байқуатты ақсүйегінің кіші қызы Бьянкаға ,бірі жас,бірі егде екі ақсүйек бірдей көңіл етіп,жар етіп алмақ мақсатпен таласады.Бьянканың сыртынан бір көріп биязы мінезімен,көркем ажарына бірден ғашық болып қалған Падуяның қонағы,Бьянкаға талас жүргізіп жатырған серілердің қатарына қосылып,ынтықтардың қатарын толықтырады.Ал бұл үш серіге жалғыз ғана кедергі бар.Бұл Баптиста ақсүйек,Бьянка әкесінің қойған шарты.Ол кіші қызды ұзатпас бұрын,үлкен қыз Катаринаға күйеу табу.Үлкен қызды ұзатпай ,кіші қызын күйеуге бермейді.Ал үлкен қыздың мінезі ауыр тіпті нашар.Нағыз долы қыз.Дегенмен жасауы мығым.Бьянкаға ғашық жігіттер қызға жол ашу үшін,үлкен қыздың қыңырлығын көзге ілмей,долы мінезін көтеріп,жасауына қызығып,тек соңынан келетін байлық үшін Катаринаны жар қып алатын бай іздейді.Бақтарына орай оларға Веронадан келген сері Петручио кезігеді.Петручио Катаринаның долылығына қарамай,алтын үшін қатын қылып алуға келіседі.Ал Бьянка ғашықтары үлкен қызды ұзатқан соң,өзара таластарын жалғастырады.Түрлі айлаға барып ,ақсүйек кейіптерінен тайып бірі оқытушы,бірі музыкант болып Бьянканы оқытуға деген сылтаумен ғашықтарына жақындайды.Ал долы Катарина Петручиомен қосылған соң қойдай момын әйелге айналады.Петручио түрлі сылтау тауып тамақтан,ұйқыдан,сәнді киімнен тыйып,әбден қитығына тиеді. Грумио мен Люченцио кейпіндегі Транио Бьянка үшін ашық күреске кіріседі. Баптиста қызын кім көп мұра атайды соған беремін деп шешеді. Транио жеңіске жетеді, бірақ Баптиста Люченционың әкесі өзі келіп капиталдың шын иесі екендігін растаса ғана беретінін баяндайды. Жексенбі күні Петручио тойына кешігіп келеді. Үстіне көрсе көз ұялтарлық киіммен келіп, жұрттың бәрінің зәресін ұшырады. Олардың киім ауыстырыңыз деген өтінішіне құлақ аспай, шіркеуге солай барады. Неке қию кезінде өзін сондай дөрекі ұстап, ақырып, жекіреді. Поптың қолынан кітабы ұшады. Неке қияр аяқталған соң Петручио асқа қарамай Катаринаны алып өз еліне аттанады. Грумио, Петручионың қызметшісі, қожайынының қала сыртындағы үйіне келіп, барлық қызметшілерді жинап мырзасы мен ханымның келе жатқанын хабарлайды. Ол келе жатқан жолда болған қызық, адам айтса нанғысыз оқиғаны баян етеді. Петручио үйге келгенде де өзін дөрекі етіп көрсетіп, барлығына жекіріп сойлеп, ұрсады. Алдарына әкелген асты қуып, Кэтті аш қалдырады. Түнде де әр нәрсені сылтау етіп, ұйқы бермейді. Падуяда Гортензио Бьянка мен Люченционың қатынасына куә болады. Ол Бьянкадан бас тартып, бай жесір қатынды алуды ұйғарады. Люченционың қызметшісі Бьонделло Падуя көшелерінен Мантуялық бұрынғы ұстазды кездестіріп қалады. Оны әкесіне қатты ұқсағандықтан дереу хабарды мырзасы Люченцио мен досы Траниоға кешікпей жеткізеді.Ақылды Транио мырзасын сабырға шақырып Мантуялық Педантты алдап Падуяда Мантуялық қырғын барын айтып,оның Падуядағы сапары жеке өмір қауіпсіздігі үшін қауіпті екенін айтып сендіреді де артынша оған бастарта алмайтын ұсыныс жасап Падуяда Баптиста алдында жалған Люченцио болып жүрген Транионың қыз әкесі алдында атаған пұлына кепіл болып Винченцио рөлін ойнап Бьянка әкесінің алдында Винченцио болып Баптистаның алдына апаратын болып келіседі. Осы уақытта Веронада байғұс Катаринаны ас сусыз аш қатырып, ұйқысынан айырған. Петручио Катаринаға қатты ұнаған көйлек алып келген тігіншіні,Катарина сұлу киім кимесін деген ниетпен жақсы тіккен көйлектен мін тауып тігіншіге өтірік ашуланып үйінен дереу Катаринаға білдірмей қуып шығады. Катаринаға естіртпей Грумио тігіншінің ақысын төлеп шығарып салады. Жолға сол баяғы өз киімдерімен аттануға тура келеді. Падуяға барар жолда Петручио Катаринаны өз еркісіне бағындыру үшін әдейілеп екеуі тағы келіспей қалады. Бірақ Петручио бұл жолы да өз дегенін жасайды.Катаринаны өз айтқанына көнбейінше төркініне бару үшін жолға шықпайтынын айтып жол жүрмек болып тұрған қызметшілерін тоқтатып, күймені кері қарай бұруды тапсырады.Катарина амалының жоқтығынан Петручионың айтқан қисық сөздеріне келіседі және алдағы уақытта да солай болады деп уаде береді. Жолда ұлы Люченционы іздеп бара жатырған Винченциомен кездеседі. Перучио, Катарина, Винченцио және малайы Люченционың үйіне келеді. Терезеден жалған Винченционы көреді. Осы кезде шын Винченцио мен жалған Винченционың арасында қырғын болады. Ақырында Бьянка мен Люченцио некелерін қидырып болып келеді. Бар шындықты баяндайды. Люченцио той жасайды. Барлығы стол басына жиналады. Сол кезде Петручио кімнің қатыны тілалғыш екендігін білу үшін жүз крон бәс қояды. Барлығы Петручионы күлкі қылады. Гортензио мен Люченцио біртіндеп әйелдерін шақырады. Екеуі де келмейді. Ен соңынан Петучио Катаринаны шақырады. Ол бірден келеді. Таң қалған Баптиста бәсті жиырма мың кронға көтереді. Күйеуінің бұйрығымен Катарина қалған долы қатындарды ертіп әкеліп, оларға ер алдындағы міндеттерін түсіндіреді. Сөйтіп, асауды шын тұсаулаған Петручио Баптиста және басқа ақсүйектер алдында беделі өсіп, жеңіске жетеді.
...