Лекции по "Географии"
Автор: Zhanserikbro • Декабрь 26, 2021 • Курс лекций • 8,945 Слов (36 Страниц) • 314 Просмотры
Лекция № 1
Тақырып: Кіріспе. Географиялық карта және картографияның дамуының тарихи кезеңдері.
Лекция жоспары.
Кіріспе.
1.1Антикалық кезеңіндегі географиялық карта мен картография.
1.2Орта ғасырлар кезеңіндегі картографияның дамуы және географиялық карта.
1.3Жаңа заман кезеңінің картографиясы.
1.4Бүгінгі картография және оның даму келешегі.
Кіріспе.
Картография, табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта тағы басқа да картографиялық шығармаларда бейнелеу, сонымен қатар осы бейнелердің қасиеттері, оларды жасап шығару және пайдалану туралы ғылым.
Географиялық карталар, атластар, бедер карталары, глобустар тағы басқа да картографиялық шығармлар, сонымен қатар электрондық карталар, сандық түрдегі картографиялық материалдар, әр түрлі гео бейнелер, қазіргі картографияның жетістіктері болып табылады.
Картография құрылымы бойынша картографиялық ғылымдар жүйесі болып табылады. Оның негізгі құрамдас бөліктері – картатану, картографиялық информатика, математикалық картография, картометрия т.б.
Картатану – географиялық карта және оның қасиеттері, картографияның тарихы және карталарды пайдалану әдістемесі туралы ғылым.
Картографиялық информатика – карталарды жүйелендіру (жіктелу), талдау, баға беру, сақтау және тарату мәселелерін қарастырады.
Математикалық картография – карта бетінде географиялық объектілер орналасуын бейнелеудегі дәльдігін қамтамасыздану мәселесін шешеді.
Картометрия – карта бойынша өлшеу тәсілдерін жасап шығарады.
Географиялық карта – жер бетінің моделі болып табылады, яғни болмысты арнайы белгілер арқылы көрсетеді. Белгілі картограф К.А. Салищев географиялық картаның төрт функциясын ажыратады:
1. Коммуникативтік функциясы – картаны мәліметтер дерегі ретінде пайдалану, яғни ақпарат жеткізу, демек географиялық карта ақпарат қоры болып табылады.
2. Оперативтік функциясы – карта арқылы қолданбалы мәселелерді шешу, мысалы навигацияда, жол салуда, территорияны игеру жоспарын жасап шығаруда т.с.с. пайдалану.
3. Картның тану функциясы – картадан білім алуды түснеміз (мамандар, студенттер, оқушылар үшін).
4. Картаның болжау функциясы – зерттеп жатқан құбылыстардың даму келешігінің бағытын анықтауда орындалады.
Бүгінгі картографияда географиялық карта ғылыми зерттеудің маңызды құралына айналуда.
Географиялық картаны пайдалану және талдау негізінде белгілі бір құбылыстарды зерттеу картографиялық зерттеу әдісі деп атайды.
Географиялық картаның негізгі элементтері: картаның картографиялық бейнесі және оның математикалық негізі. Картографиялық бейне деген – картада болмыстың объектілері мен құбылыстарды бейнелейтін шартты белгілері.
Картаның математикалық негізі құрамдас бөліктері ретінде геодезиялық негізді, масштабты және картографиялық проекцияны қамтиды.
Картографиялық бейне және математикалық негіздерін тыс территорияны қосымша сипаттайтын элементтері болады. Олар қосымша ішкі карталар (врезные карты), профильдер, графиктер, фотосуреттер т.с.с. Өрнектеу элементтеріне жататындар: шартты белгілері (картаның легендасы), картаның аты, масштабының белгісі, картографиялық тордың сызықтары т.б.
1.1 Антикалық кезеңіндегі географиялық карта мен картография.
Географиялық карта, алғашқы қауым адамдардың қарапайым картографиялық суреттерінен қазіргі заман географиялық картаға дейін ұзақ уақыт даму жолын өтті. Қарапайым картографиялық сурет жазудан алдын пайда болған. Оның дәлелін жазуды білмейтін алғашқы қауым жағдайында жасайтын халықтардың картографиялық суреттерінен байқаймыз (Солтүстік Американың эскимостары, Мұхит аралдарының микронезийліктер
...