Лекции по "Географии"
Автор: Санжар Тилеуберген • Октябрь 1, 2021 • Курс лекций • 17,452 Слов (70 Страниц) • 328 Просмотры
- Лекция КІРІСПЕ
Пәнді игеру нәтижесінде студент:
білу керек:
- пәннің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттерін
- этнология ғылымының тарихы мен қазіргі жағдайын;
- этнологияда қолданатын негізгі теориялық және әдістемелік
қағидаларды, аспектілерді, этнология ғылымындағы әдіс-тәсілдерді;
икемі болу керек
- этнографиялық терминдер мен анықтамаларды кәсіби қолдана білу;
- этнографиялық деректерді тарихи зерттеулерде қолдана білу;
меңгеру керек
- нақты бір халықтың мәдениетінің негізгі компонентін сипаттау
негізінде этнографиялық мәтінді құруға дағдылану.
Қаралатын сұрақтар:
1 Әлем халықтарының этнографиясы пәні, мақсаты мен
міндеттері, зерттеу нысаны.
- Әлем елдеріндегі ғылымның қалыптасу тарихы, пәннің басқа
гуманитарлық пәндермен байланысы.
- Этнографиялық деректер мен зерттеу әдістері
- Пәннің әлеуметтік және танымдық қызметі.
Әлем халықтарын зерттеумен ғылымда «этнография» айналысатындығы танылған. Бұл да көптеген басқа да ғылымдардың атауы сияқты ежелгі грек тілінен шыққан, этнос - халық және графия - жазамын деген екі сөзден тұрады. Этнография дегеніміз тарих ғылымының бір саласы болып, дүние жүзіндегі халықтардың қоғамдық тұрмысын және мәдениетін түбегейлі зерттейді. Ал тұрмыс дегеніміз әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған сан саласы тіршілігі, салт санасы, әдет-ғұрып, күнделікті қоғамдағы өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі. Мәдениеттің өзін материалдық және рухани мәдениет деп бөліп алып қарастыруға болады. Материалдық мәдениетке адамзаттың тіршілік көзін қамтамасыз ететін: баспана, киім, тағам, қолөнер бұйымдары яғни дене күшімен жасалынған барлық материалдық игіліктері жатса, рухани мәдениетке адамзаттың ақыл-ой күшімен қалыптастырған барлық мәдениет игіліктері: жазу, сызу, халық шығармашылығы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, діні, наным сенімдері, т.б. жатады.
Пәннің мақсаты дүние жүзінің этникалық картасын, халықтардың географиялық, антропологиялық, тілдік құрамын және шаруашылық- мәдени типін, сонымен қатар әлем халықтарының этникалық тарихы, тұрмысы мен мәдениетіндегі ерекшеліктерді ажырата білуге үйрету. Оқу құралының негізгі міндеті – білім алушылардың әлемнің этникалық бейнесі жөніндегі танымын қазіргі әлемдік этнология ғылымына сәйкес қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент әлем халықтарының этногенезі, этникалық тарихы, дәстүрлі мәдениеті мен қазіргі кезеңдегі этникалық және этномәдени үдерістерімен танысып, әлем халықтары жөнінде терең білім алып, дүниетанымын кеңейте алады. Қазіргі қоғамдағы әлем халықтарының географиялық классификация бойынша орналасуы, тілдік топтарға бірігуі, антропологиялық типтері жөнінде білім ала отырып, олардың даму тарихын, мәдениетінің сақталуы мен трансформациялану үдерісін де салыстыра отырып, талдауға мүмкіндік алады.
Этнологияның ғылым ретіндегі алғашқы тарихын ХVIII-ға жатқызуға болады. ХVIII ғ. аяғында этнология және этнография деген терминдер пайда болған. Бірақ жеке ғылыми пән ретінде бөлініп шыға алған жоқ.
Этнология ғылымының пайда болуына ХVIII –ХIХ ғ. басындағы кейбір тарихшылар мен философтардың дүние жүзілік тарихи процестер мен мәдениет дамуының кезеңдері жабайылық пен варварлықтан цивилизацияға дейінгі тарихына тарихи талдау жасаған пікірлерінің маңызы зор.
Этнология халық туралы ілім-ғылыми пән ретінде 150 жылдан астам бұрын Европа мен Американың, кейінірек басқа елдердің университетінде оқу пәні ретінде Ресейде 1880 жылы (Москвада), Петербургте 1890 ж. жүрді.
Этнологияның (этнография) - ғылым әрі білім беру пәні ретінде қалыптасуы жалпы әлемдік тәжірибеге сай ХІХ ғ. орта кезеңіне жатады. Осы кезеңнен бастап, халықтардың мәдени дамуындағы айырмашылықты теориялық жағынан түсіндіру, этникалық психологияның қалыптасуы мен ерекшелігі механизмін түсіндіру, халықтардың әртүрлі нәсілдік ерекшелігін түсіндіру, қоғамдық құрылым мен этникалық ерекшеліктің өзара байланыстылығын құру, мәдениеттің гүлденуі мен құлдырауын анықтау, т.б. қажеттіліктер туындады. ХІХ дейін этнология түсінігі кең жайылған жоқ. Халық, мәдениет жөніндегі жаңа туып келе жатқан ғылым ретінде пайдалануды француз ғалымы Жанжак Ампер ұсынды. Ол 1830 ж. антропологиялық ғылымның жалпы классификациясын талдады. Жеке ғылым ретінде бекітілуін 1839 ж. Париж қоғамының этнологиясы негіз болды. Халық туралы ғылым жеке білім саласы ретінде Европада және Солтүстік Америкада ХІХ ғ. ортасынан бастап қалыптаса бастады.
...