Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Географии"

Автор:   •  Апрель 17, 2022  •  Контрольная работа  •  1,006 Слов (5 Страниц)  •  178 Просмотры

Страница 1 из 5

І.ЭТИОЛОГИЯЛЫҚ МИФТЕРДІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

Мифологияның негізгі тақырыбы-хаостан космостың реттеліп пайда болуы. тек бір ғана мифте, яғни эсхатологиялық мифте болашақ болжанады, ал онда жасампаздық емес, керісінше күйреушілік туралы баяндалады. Барлық мифте бүкіл әлемнің хаостан космосқа айналуы сөз болса, эсхатологиялық мифте ғана космостың хаосқа кері айналуы, яғни ақырзаман әңгімеленеді. Сонымен бірге миф хаостан космостың реттелуін құр баяндап қана қоймайды, ол хаостан қалған қалдықтарға, яғни космосты күйреткісі келетін күштерге қарсы күрес жүргізеді.

Мифте өткен шақ, осы шақ, болашақ - үшеуі тоғысып тұрады. . Бұл жанр әсіре түсіндірмелі, себебі ол байырғы замандарда (мифтік дәуірде) бабалар орнатқан реттілік пен тәртіпті, үйлесім мен үлгілерді қорғаушы әрі орнықтырушы. Оның мәтіндері осы құндьшықтарды растайды, куәлендіреді, ережелейді, сендіреді, сол мақсатта түсіндіреді, демек, мифтің этиологиялы болуы содан.

Шынтуайтында, мифология мэтінінің түпкі мақсаты - бүкіл әлемнің мінсіз кескінін жасау, рәміздеу, суреттеу. Бұнда тұңғыштық сипат айрықша мәнге ие. Күнделікті көзімізге көрініп тұрған барша өмір,тіршілік атаулының маңдайалды тұмса үлгісі мифтік ерекше уақытта жаралған, паида оолған деп дәріптеледі де, қазірп қарапайым тірлік сол озық үлгіні қайталау, еліктеу деп түсіндіріледі. Бұл киелі бейнелер мен рәміздер қауымның өсіп-өнуінің, өмір сүруінің айнасы,кепілі,кілті. Түптеп келгенде, мифология осы ұланғайыр қызметінің ақырында белгілі қауым мүшесінің, яғни адамның ортаға бейімделуіне әлеуметтік-табиғи күштерге үйлесімділік табуына айқын бағыт-бағдар беретін ғаламның дэстүрлі бейнесін сомдап, соның нәтижесінде жалпақ космосқа универсал классификация жасап береді.

1.Хайуанаттар мен Өсімдіктердің жаратылуы жайында

Аң-құстардың пайда болуы. Фольклортануда әсіре түсіндірмелі деп сипатталатын этиологиялық мифтердің бір түріне аң мен қүстардың пайда болуы туралы айтылатын аңыздаулар жатады. Осы тақырыптағы мифтерде аң-қүстардың алғаш рет пайда болу тарихы мен олардың кейбір дене-мүшелерінің ерекшеліктері түсіндіріледі. С.А. Қасқабасов былай деп жазады: «Мұнда бір ескеретін жай:жалғыз жануарлар жайындағы мифтер ғана этиологиялық емес, түптеп келгенде, мифтің барлық түрі этиологиялық, яғни себептік болып келеді.

Қазақ пен моңғолдағы аң-құстардың жаралуы туралы сюжеттерді мазмұны мен тарихи-стадиялық ерекшеліктеріне сай екі топқа жіктеуге болады:

1. Қандай бір хайуанаттың алғаш пайда болуы мен оның денемүшесінің, өмір-тіршілігінің ерекшелігін түсіндіретін мифтер.( «Жылқы қалай адам көлігі болған?», «Неліктен түйенің мүйізі жоқ, қүйрығы қысқа?», «Түйені көрсе, жылқы неге қалтырайды?»)

2. Адамдардың қарғыс-жаза мен басқадай жайттарға байланысты аң-құсқа айналуы (Құбылу сарыны бойынша).(«Ұйықтаған батыр»,«Ат жоқ», «Байғыз туралы»)

II топқа жіктеген мифтерде хайуанаттар құбылу сарыны бойынша өмірге келеді. Өйткені, мифологиялық сананың екінші сатысында адам мен табиғаттың арасындағы теңдестік заңы (закон тождество) бұзылады да, адам қоршаған дүниеден өзінің бөлек екенін сезініп, енді оған өзін қарама-қарсы қою арқылы айналаны таниды, осы таным негізінде жаңаша мифтер туады. I топқа жіктеп талданған сюжеттерде адам мен табиғат теңдікте, онда хайуанаттардың жаңа түрінің пайда бодуы жаратылыстың заңдылығы сияқты көрінеді.

С.А. Қасқабасов: «Миф міндетгі түрде себеп-салдарлы болады. Қандай да бір кұбылушылықтың, яғни өзгерістің (айталық, қарлығаш құйрығының өзгеруі) себебі бар. Мифтердегі құбылушьшық үш түрлі себепке байланысты болып келеді. Бірі – адам өте шаршағандықган ұйықтап кетіп, сол бойда тасқа, я болмаса аңға, құсқа айналып кетеді.Екінші себеп - адамның кінәлі болуы. Мұндағы құбылушылық жаза ретінде қабылданады. Мәселен, «Сынтас», «Келіншектау» мифтерінде әкесінің

...

Скачать:   txt (14.4 Kb)   pdf (53.4 Kb)   docx (11.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club