Контрольная работа по "Географии"
Автор: nurazat02 • Октябрь 2, 2019 • Контрольная работа • 719 Слов (3 Страниц) • 525 Просмотры
1. Алматы облысы Қапшағай қаласында 02.02.2017 ж. жағдай бойынша белгіленген қуаты 2 МВт күн электр станциясы жоспарлы түрде жұмыс істейді. 2015 жылы 2 МВт СЭС барлық электр жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қуат жабдықтарына қажетті кешенді сынақтар жүргізілді. 01.10.2014 ж. бастап «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-мен белгіленген мөлшерлеме бойынша электр энергиясын сатып алу туралы келісім жасалды; 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қапшағай қаласындағы 2 МВт күн электр станциясында 3,267 мың кВт / сағ электр энергиясы өндірілді, оның ішінде 3,154 мың кВтсағ. 2016 жылы «Samruk-Green Energy» ЖШС атмосфераға 1,685 мың тоннадан астам СО2 шығарындыларының алдын алды.
2. Алматы облысында кіші энергетика саласы қарқынды дамып келеді. Аймақты дамытудың 5 жылдық жоспары бойынша Жетісу жерінде баламалы қуат көздерін өндіруге арналған 28 жоба жүзеге асуы тиіс еді. Бүгінде соның тең жартысы іске қосылды. Аймақта ГЭС-термен қоса желден және күн көзінен қуат өндіретін шағын станциялар пайдалануға берілді. Соның үшеуі Қапшағай қаласының іргесіндегі Шеңгелді сілемінде орналасқан. Қапшағай қаласының іргесіндегі мына жел электр станциясы өткен күзде іске қосылды. Мұндағы 5 жел мұнарасы 4,5 МВт қуат өндіреді. Оны бүгінде жергілікті тұрғындар пайдаланып отыр. Шетелден мамандар келіп, біздің мамандарды Қапшағай қаласында оқытып-үйреткен. Шеңгелді сілемі жел энергетикасын дамытуға өте қолайлы жер. Мұнда екі станция жұмыс істеп тұр. Бірі 5 генераторлы мұнарадан тұрса, екіншісіне 7 жел мұнарасы орнатылған. Болашақта олардың саны 4-5 есеге дейін өседі деп жоспарланып отыр. Оның жалпы құны 6-7 млрд теңге болатын үлкен жоба. Қапшағайда күн электр станциясы да жұмыс істеп тұр. Жалпы аумағы 6 гектар жерге монокристалды панельдер орнатылған. Соның 30 пайызы автоматты түрде басқарылса, қалғаны стационарлық батареялар. Оның қуаттылығы 2 МВт. Алматы облысында алдағы екі жылда осындай 4 электр станциясы іске қосылады. Амандык Баталов, Алматы облысының әкімі тағы да біз 250 МВт өзеннен ағатын суларға кіші ГЭС-тарды салсақ, содан алуға бізде мүмкіндік бар деп жоспарлап отыр. Содан кейін тағы Шелек дәлізі қатты жел соғатын жерлер, Жоңғар қақпасына инвесторлар келіп, солармен жұмыс істейін деп жатыр екен. Алматы облысында баламалы қуат көзінің барлық түрін өндіруге болады. Жетісу жерінде 2025 жылға дейін қуаты 900 МВт жететін 35 «жасыл» жоба жүзеге асырылмақшы. Айта кетсем, Алматы облысы жылына 600 МВт электр қуатын тұтынады. Соның 120-140 МВт Жамбыл мен Павлодардан алып отыр. Талдықорғаннан қуаты 500 МВт жылу электр станциясы салынатынын ескерсек, облыс алдағы 2-3 жылдың ішінде энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізеді.
...