Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Географии"

Автор:   •  Февраль 22, 2022  •  Контрольная работа  •  2,394 Слов (10 Страниц)  •  605 Просмотры

Страница 1 из 10

  1. Топырақ  дегеніміз

Топырақ дегеніміз  тау жыныстарының бұзылуы қабатының үстіне орналасқан,тау жыныстарының ағзалардың, климаттың, жер бедерінің және уақыт ағымның өзара қарым өатынасы әсерінен түзілген құнарлығы бар,көп бөлімді ашық құрылымдық жүйе.Топырақтың ең негізгі қасиеті – табиғи құндылығы, яғни, құрамында өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректі заттардың мол болуы

11.Топыраққа  баға жетпес халық  байлығы, халық қазынасы қалай түсінесіз

Адамзат қоғамына қатынастылығына байланысты топырақ бір жағынан адам өмір сүретін табиғи орта, тіршілік кеңістігі болып саналса, екінші жағынан ол экономикалық негіз және негізгі өндіріс құралы болып табылады. Сайып келгенде, топырақ – баға жетпес халық байлығы, халық қазынасы. Сол себепті барша адамзат оны ауыл шаруашылығында тиімді де, дұрыс пайдалануы керек, оны құнарсызданудан, жойылудан сақтап, қорғау қажет. Келесі ұрпаққа топырақты тоздырмай, ластамай, құнарлы қалпында жеткізу әр адамның парызы деп есептеуге болады.

2.Өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайлы топырақ тығызыдығы қай көлемде жатады

г/см3:1,0-1,2.

12.Топырақ кескіні  салу мақсатында байланысты неше түрлі болады

Топырақ кескін құрылысы ерекшелігіне байланысты бірнеше типтерге бөлінеді:қарапайым,толық дамымаған ,кәдімігі кескін, әлсіз жіктелген кескін,бұзылған кескін, қалдықты кескін, көп мүшелі кескін,полициклді кескін,аударылған кескін,мозайка тәрізді кескін.

Қарапайым бұл кескін топырақ құралуының алңашқы сатыларында қалыптасады,топырақ құралуы жыныстардың беткі қабатында ғана өтеді.

Толық дамымаған тығыз кристалды масивті жыныстарда немесе құрлама беткейлерде қалыптасады,көбінесе таулы жерлерде болады.

Кәдімгі топырақ кескінінде генетикалық қабаттары толық және жақсы дамыған топырақ кескінінің кең тараған түрі.

Бұзылған жерді жыртқаннан, су немесе жел эрозиясына әр дәрежеде шалдыққан топырақтар.

Аударылған кескіндерде астыңғы топырақ қабаттар жсанды түрде жоғарыға шығарылып,жоғарға қабаттар астына түсірілген.

Мозайка кеңістіктері әр түрлі болып үйлескен қабаттардың қабысуынанпайда болған кескін.

3.Иллювиальды қабаты қай топырақтарда дамиды

Күлгін  топырақтарда

13.Топырақтың негізгі ерекшелігі басты қасиеті не

Топырақтың ең басты қасиеті ол құнарлығы

Топырақтың құнарлығы дегеніміз оның өсімдіктерді қажетті мөлшерде минералды элементтермен , сумен,оның тамырларын ауамен,жылумен қамтамасыз етіп,өсімдіктің өсім өнім беруіне мүмкіндік бере алатын қасиеті

4.Топырақты неге табиғи ерекше дене деп қараймыз

Топырақты ерекше табиғи дене ретінде қарауымызға бірінші себеп, оның құрамында әрі минералды, әрі органикалық заттардың және айрықша органикалық, органикалық-минералдық заттар тобының – қарашіріндінің (гумустың) болуы. Ал, екінші себеп, оның құрамында тірі ағзалар: өсімдіктердің тамыр жүйесі, топырақта қоныстанған жәндіктердің және неше түрлі орасан көп микроорганизмдердің болуы, яғни оның тірі бөлігінің болуы. Сонымен бірге, топырақ көп бөлікті күрделі жүйе екенімен де ерекшеленеді. Ол қатты, сұйық, газ және тірі бөліктерден құралған. Топырақтың негізгі ерекшелігі, басты қасиеті оның құнарлылығының болуы.

14.Топырақтың ауа  өткізгіштілігі қандай физикалық қасиеттеріне байланысты

Топырақтың ауа өткізгіштігі оның өз бойынан ауаны өткізу қабілетімен сипатталады. Оның мөлшері топырақтың гранулометриялық құрамына, тығыздылығына және түйіртпектілігіне байланысты.

5.Топырақтын физикалық механикалық қасиеттерінің жақсатру үшін қолданылатын шараларды атаңыз

Топырақтың физикалық және физикалық-механикалық қасиеттерін жақсарту үшін бірқатар шаралар қолданылады: органикалық тыңайтқыштарды қолдану, көпжылдық шөптерді өсіру, жасыл көң егу, оның ылғалдылығына байланысты өңдеу уақыты мен әдістерін таңдау.

15.Қазақстанның жазықтық жерінде қандай топырақ географиялық айтмақтары бар

Қазақстан территориясының 86%-ын жазықтар алып жатыр. Жазықтарда топырақтардың үш түрін ажыратады: қара топырақтар , каштан ,қоңыр және сұр-қоңыр. Қара топырақтар республиканың солтүстік бөлігінде кең таралған.Бұл белдеу Солтүстік Қазақстан облысын түгел, Қостанайдың көп бөлігін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін қамтиды және 25,5 млн га немесе 9,5% аумақты алып жатыр. республика.Каштан топырақтары қара топырақтардан оңтүстікке қарай орналасқан. Олар Орталық Қазақстанның көп бөлігін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл топырақтар оңтүстікте 90,6 млн га немесе республика аумағының 34% алып жатқан құрғақ дала және шөлейт аймақтарда басым.Қоңыр және сұр-қоңыр топырақтар каштанның оңтүстігінде орналасқан және Қазақстанның оңтүстік бөлігін қамтиды. Олар 120 миллион гектарды немесе республика территориясының 44 пайызын алып жатыр. Бұл топырақтарда қарашірік мөлшері 2,0-1,0% құрайды. Негізі бұл мал шаруашылығы өңірі, егіншілік тек суару арқылы ғана мүмкін.

6.Глейлі қабат қай топырақта дамиды

Ормандардың қоңыр топырақтарының түзілу процесін қоңыр топырақ түзілу  деп  атайды.  Оның  негізіг  құраушылыры  гумус жиналу процесі, глейлену болып келеді.Глейлену  топырақ  кескінінің орталық  бөлігінде  болады,  үйткені  онда  оңтайлы  су  және  температуралық режим қалыптасады, осыған орай глейлі қабат қалыптасады

16.Тың игеру жылдары қай  жылдардан бастап қарқынды жүргізілді

Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды.Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын.

7.Топырақтың негізгі экологиялық қызметтерін атап көрсетіңіз  ?Топырақтың жалпы және ең басты бірінші экологиялық қызметі жер бетіндегі тірішіліктің табиғи ортасы болып,тірі ағзалардың,жан-жануарлардың өмір сүруіне жағдай жасауы болып саналады.Екінші маңызды экологиялық қызметі құрлық биогеоценозында өтіп жататын геологиялық және биологиялық заттар мен энергия айналымдарының сыбайлатығының орталық буыны болуы.Топырақ басқа да көптеген экологиялық қызметтер атқарады.Олар мыналар:ағзаларды сумен қамтамасыз етуі,атмосфера және жерасты сулармен келген заттарды сіңіруі,өсімдік тұқымдарын сақтауы,топырақтағы тірі ағзалардығ саны мен құрамын реттеуі

8.Топырақтағы ауа неше күйде кездеседі

Өсімдіктерге тыныс алу үшін оттегінің көзі ретінде ауа (атмосфералық және топырақ), қоректену үшін азот пен көмірқышқыл газы қажет. Ол топырақтағы микробиологиялық процестерге де қажет. Атмосфералық ауа (көлем бойынша %) тұрады: азот – 78,08; оттегі - 20,95; көмірқышқыл газы - 0,039.

17.Топырақ сіңіру қабілеті қандай көрсеткішпен өлшенеді

Топырақтың күн нұры энергиясын сіңіру қасиетінің мөлшерін сипаттайды. Оны альбедо көрсеткішімен өлшейді

18.Топырақ түсірілім масштабы неге байланысты болады. .

Топырақты зерттеудің ауқымы шаруашылықтың мамандануына, жерді пайдалану сипаты мен қарқындылығына, топырақ жамылғысының күрделілігіне байланысты. Мысалы, негізгі егістік жерлер 1: 10 000 масштабта, көкөніс алқаптары 1: 5000 масштабта, ауылшаруашылық емес топырақтың үлкен аумақтары (ормандар, батпақтар) 1: 50 000 масштабта зерттеледі

9.Топырақ үлгісі қай мезгілде алынады

Топырақ үлгісін ерте көктемде немесе кеш күзде, яғни өсімдіктердің вегетациялық кезеңіне дейін немесе одан кейін алу керек. Егер үлгі көктемде алынса, бұл ұрықтандыруды қолданар алдында, егер күзде болса, онда соңғы ұрықтандырудан кейін кем дегенде 2 ай өткен соң және олар күзгі қазу үшін қолданылғанға дейін жасалуы керек

19.Топырақ түзілу процесін теориялық негізін қалаушы ғалымдарға  тақталсақ

Топырақ түзілу процесінің теориялық негізін қалаушы орыс және шетел ғалымдары В.В.Докучаев, П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев, В.Р.Вильямс, К.Д.Глинка, Г.Йенн, Ф.Дюшофур болды

20.Топырақтың су құбылымын жақсарту үшін қолданылатың шараларды баяндаңыз

10.Топырақтың тыныстануын қалай түсінесіз

Топырақтың тынысы-топырақ температурасының ауытқуы немесе атмосфералық қысымның өзгеруі кезінде топырақ ауасының кеңеюі мен қысылуы нәтижесінде топырақ пен атмосфера арасындағы ырғақты ауа алмасу. Топырақтың тыныс алуы – биогеосфераның негізгі құрамдас бөліктері арасындағы газ алмасу, топырақ түзілу, геологиялық тау жыныстарының өзгеруі, топырақтың органикалық заттары мен топырақта тіршілік ететін организмдердің биомассасында жинақталған энергияның шашырауы процестерінде көрінетін күрделі, көп функциялы табиғи құбылыс.

[pic 1][pic 2]

21.Топырақтың түзілу  нақтылығын неден көруге болады

Морфологиялық белгілерінен

31.Топрыақтану ғылымдағы таксономикалық бірліктерін айтыңыз

Топырақтану ғылымындағы таксономиялық бірліктер: топырақ типітипшесі (подтип), тегі (род), түрі (вид), түршесі (разновидность), қатаршасы(разряды).

Топырақ типі – біртектес биологиялық, климаттық, гидрологиялық жағдайда дамыған және негізгі топырақ түзілу процесінің айқын сипат алуымен бірге басқада процестердің қосарлануы мүмкіндігі бар топырақтардың тобы.

Топырақ типтері типшелерге бөлінеді. Олар негізгі топырақ түзілу процесіне қосымша үрдістер әсерінен айрықша белгілері байқалатын топырақ типі ішіндегі топырақ топтары.

Топырақтың тегі түрлерге бөлінеді. Түрлерді анықтаушы белгілер негізінен топырақ түзуші процестердің даму қарқынымен және оның ерекшеліктерімен байланысты.

Түрден кейінгі таксономикалық бірлік - түрше. Түршені анықтаушы белгі топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамы. Топырақ қатаршасы (разряды) таксономиялық бірліктің ең кішісі. Ол аналық тау жынысының генетикалық қасиеттеріне байланысты анықталады

22.Топырақ құралу үрдістері неше топқа бөлінеді

Топырақ құралу үрдістері үш топқа бөлінеді. Олар:- қарапайым микроүрдістер;- топырақ түзілуінің құрамды үрдістері (элементарные почвенные процессы);- жалпы макроүрдістер

Жалпы макроүрдістер белгілі бір топырақты (типін, типшесін) қалыптастыруға қатысады. Оларға қара топырақ, күлгін топырақ, кебірлер түзілу үрдістері т.б. жатады. Топырақ типтері (мысалы: қара топырақ, күлгін топырақ немесе кебір) топырақ түзілуінің құрамды үрдістерінің бірнешеуінің қосарлана жүруі әсерінен пайда болады.

Топырақ түзілуінің құрамды үрдістері -топырақтың пайда болуына басты себебін тигізетін, топырақта үйлесімді, өзара байланысты жүретін биологиялық, химиялық және физикалық құбылыстар. Олар топырақтың басты белгілерін қалыптастыруға қатысады

Қарапайым микроүрдістер -Органикалық заттардың ыдырауы мен минерализациялануы. Органикалық және минералды заттардан қарашірінділі заттардың пайда болуы;-Топырақ ерітіндісінің қышқылдануы. Топырақ ерітіндісінің бейтараптануы;-Минералды қосылыстардың сумен қосылуы. Осы заттардың судан арылуы;- -Еріген заттардың топырақтың үстіңгі қабаттарына көтеріліп, шоғырлануы.Топырақтың әр түрлі қабаттарының жіктеліп пайда болуы.

32.Топырақтың қатты бөлігінің жиынтығын қалай деп атайды

Топырақтың қатты фазасы минералды бөліктен (қатты фаза массасының 90-99%) және органикалық бөліктерден тұрады. Топырақтың минералдық бөлігінде күллі химиялық элементтердің барлығы, жалпы азоттың 1-3%, ол топырақтың органикалық бөлігінде толығымен дерлік болады. Ал көміртегі, сутегі, оттегі, фосфор, күкірт сияқты элементтер топырақтың минералды және органикалық бөліктерінде кездеседі

33.Үлгі алудың неше түрі болады

Табиғи бірікпесі бұзылған және бірікпесі бұзылмаған кезде

34.Топырақтың көлемі  0.001 мм бөлігі үлкен болса ол  қалай аталады

Физикалық құм фракциясы

23.Қылтүтіктегі ылғал өсімдіктерге тиімді ме

Қылтүтіктегі ылғал топырақтың нәзік кеуектерінде қылтүтік күші әсері арқылы сақталады.Қылтүтіктегі ілінген су топырақта жақсы сақталады,өсімдіктерге тиімді болып келеді

37.Қара қоңыр топырақтардың қандай тектері Қазақстанда кездеседі  

Солтүстіктен оңтүстікке құрғақ және шөлді-далалы белдем үш белдемшелерге бөлінеді:құрғақтау дала - топырағы күңгірт қара қоңыр, қара шірінді мөлшері 3-4%;құрғақ дала - топырағы қара қоңыр, қара шірінді мөлшері 2-3%;шөлді дала - топырағы бозғылт қара қоңыр, қара шірінді мөлшері 1,5-2%.

24.Топырақтың негізгі кескіні не үшін салынады

Негізгі кескін жергілікті жердегі басым топырақтардың сипаттамасын жан-жақты анықтау және топырақ астын зерттеу үшін салынады

38.Қара шірінді қосылыстары ерігіштігіне қарай неше топқа бөлінеді

Қарашірінді дегеніміз пайда болу тегінің, кейбір жалпы қасиеттерімен құрамының, құрылысының ұқсастығына байланысты топтастырылған, бірақ, әр топтың қасиеттерімен құрамының, құрылысының өзгешелігі бар жоғары молекулалы азотты органикалық заттардың қоспасы. Қарашіріндінің құрамына кіретін заттарды 2 топқа ажыратады. Бірінші топқа ерекше емес органикалық қосылыстар (аминоқышқылдар, ақуыз, органикалық негіздермен қышқылдар, сахароза) жатады. Олардың мөлшері қарашірінді құрамында аз – бірнеше пайыз ғана. Ал, екінші, негізгі бөлігін ерекше зат қарашірінді қосылыстары құрайды.

25.Сор топырақтың ерітіндісінің концентрациясы қай көлемде болады

Сор топырақтың ерітіндісінің концентрациясының көлемі 120млн гектардай, яғнт ТМД елдерінің 5,4%-ы

39.Далалық  жағдайда қандай морфологиялық белгілерге анықталады

Далалы сипатталатын топырақтың негізгі морфологиялық белгілеріне мыналар жатады: топырақ құрылымы (генетикалық горизонттарды анықтау), топырақтың қалыңдығы және оның жеке горизонттары, түсі, ылғалдылығы, механикалық құрамы, құрылымы, құрамы, ісіктері мен қосындылары

26.Топырақтың пайда болуына қандай кезенге бөлуге болады

Топырақтың пайда болуын үш кезенге бөлуге болады:1) топырақ құралуының алғашқы кезеңі;2)топырақтың даму кезеңі;3)топырақтың кемелденіп жетілген кезеңі.

1)Топырақ құралуының алғашқы кезеңі тау жыныстарына тірі ағзалардың қоныстануынан басталып, топырақ түзілуіне себепкер факторлардың қатысуымен жүреді. 2) Топырақтың даму кезеңінің басталуына жер бетіндегі экожүйелердің биологиялық өнімінің ұлғаю себеп болады деп есептеуге болады.Осы кезеңде жоғары сатыдағы өсімдіктердің әрекетінің көлемі жоғарылап, биологиялық зат айналымның мөлшері ұлғаяды. 3) Топырақтың кемелденіп жетілген кезеңінде топырақ бойында түрлі құбылыстар өзара үйлесімді кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында өтіп, заттардың биогеохимиялық айналымын құрайды. Оның әсерінен топырақтардың қасиеттерінің ұдайы толысып отыруы байқалады

41.Қай топырақта глейлі қабат дамиды

Ол гидроморфты топырақта дамиды.Ұзақ уақыт және тұрақты ылғалданудың нәтижесінде топырақта оттегінің жетіспеушілігінен тотықтану үрдісі жүреді.

27.Әрбір бедер эелменті және аналық жыныстардың ауасы қандай кескінмен анықталады

Негізгі кескін

42.Қай мезгілде топырақта  тотықтану үрдісі жүреді

Топырақ құрамындағы органикалық заттардың өзгерістерге ұшырауы кезінде тотығу үрдістері қарқынды жүреді. Топырақтағы өсімдік қалдықтары құрамындағы илік заттар, аминоқышқылдар, ақуыз ж.т.б. тотығу үрдісіне ұшырайды. Қарашіріндінің құралуы негізінен тотығу үрдісі арқылы өтеді.Топырақтағы тотығу үрдістерінің басым бөлігі бір бағытта өтеді, яғни кері бағытта бұл құбылыстар қайталанбайды

28.Захаровтың анықтауынша түтпектіліктің неше типі бар

Топырақтың түйіртпектілігі– оның пішіндері және ірілігі әр түрлі болып келетін түйіршіктері жиынтығы С.А.Захаровтың анықтауынша түйіртпектің үш типі бар: 1) куб тәріздес – бөлшектер бір–біріне перпендикуляр үш бағытта бірқалыпты қалыптасқан; 2) призма тәріздес – бөлшектердің даму бағыты негізінен тік бағыт бойы қалыптасқан; 3) тақта тәріздес – бөлшектер негізінен көлденең жазықтық екі ось бойымен қалыптасқан. 

43.Қандай көлемдегі механикалық элементтер тобы физикалық балшыққа  жатады

Топырақтың механикалық элементтері (элементарлы топырақ бөлшектері) деп бір-бірімен химиялық байланысқан тау жыныстарының, минералдардың, кристалдардың, сондай-ақ аморфты қосылыстардың оқшауланған сынықтары жатады. Ұқсас өлшемдегі бөлшектер бөлшекке біріктіріледі. Механикалық элементтердің келесі түрлері бар: минералды, органикалық және органоминералды. Өлшемдері 0,01 мм-ден аз топырақтың барлық механикалық элементтерінің қосындысы физикалық саз деп аталады, ал 0,01 мм-ден жоғары - физикалық құм, сонымен қатар олар 1 мм-ден аз бөлшектерді қамтитын ұсақ топырақты және топырақ қаңқасын шығарады. - 1 мм-ден асатын бөлшектер (механикалық элементтердің өлшемдері бойынша жіктелуі).  Тығыз жыныстар үгілу процестерінің нәтижесінде механикалық элементтер деп аталатын әртүрлі өлшемдегі бөлшектерден тұратын борпылдақ массаға айналады. Көлемі жақын механикалық элементтер фракцияларға біріктіріледі. Механикалық фракциялардың жиынтығы топырақтың механикалық құрамын білдіреді.

29.Қара топырақтың ерінтіндісінің концентрациясы қай көлемде болады

4-6 г/л

44.Топырақ түйіртпектілігінің  маңызы

Түйіртпектің агрономиялық маңызы топырақтың келесідей басты қасиеттері мен құбылымдарына оң ықпал тигізуі арқылы сипатталады:· физикалық қасиеттеріне (тығыздылығына, қуыстылығына);· ылғалдылық, ауа, жылу, тотығу–тотықсыздану, микробиологиялық және қоректік заттар құбылымдарына;· физикалық-механикалық қасиеттеріне (қаттылығына, сыбағалы кедергісіне);· эрозияға төзімділігіне

30. Топрақтың тығыздылығы қандай сәндік көрсеткішімен көрсетіледі

Топырақтың тығыздылығы дегеніміз - табиғи құрылымы бұзылмаған құрғақ топырақтың бір текше көлемінің салмағы. 

Негізінен топырақтың тығыздылығы оның қатты фазасы құрамындағы минералдық және органикалық бөлшектер мөлшерінің арақатынасына тікелей байланысты.  Егер топырақта қарашірік көп болса, онда қатты фазаның тығыздылығы төмен болады. Құмды топырақтың қатты фазасының тығыздылығы -2,70 г/см, қара топырақтікі-2,37 г/см, ауыр сазды топырақтікі-2,67 г/см болады.Топырақ тығыздылығының жоғары болуы тамырдың  төмен бойлап өсуіне, тұқымның көктеп өсуіп шығуына кедергі жасайды. Топырақ тығыздылығының ең қолайлы мөлшері өсімдіктің биологиялық  ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Топырақ тығыздығының шамадан тыс жоғары болуынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.Сонымен бірге топырақ тығыздылығы ондағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты, себебі олардың тығыздылығы 1,25 г/см,-ден 1,80 г/см –ге дейін болса, ал минералдарда бұл көрсеткіштер 2,3 г/см –ден 3,0 г/см-ге дейін ауытқиды. Яғни, топырақта органикалық зат көп боған сайын , оның тығыздылығы төмендейді. 

45.ЭОЛ шөгірділерді қалай түсінесіз

Эол – шөгінділері – жел әсерінен қалыптасқан борпылдақ, тау жынысы. Негізінен шөл аймағында қалыптасқан (Қызылқұм, Қарақұм, Мойынқұм). Эол шөгінділеріне эолдық құмды, құмайтты және құмбалшықты жыныстар жатады. Олардың құрылысы жарықшақты, қуыс түсі күңгірт келеді, гранулометриялық құрамы ұсақ түйірлі құмнан тұрады

48.Топырақ түйіртпектілігінің маңызын сипаттаныз

Түйіртпектің агрономиялық маңызы топырақтың келесідей басты қасиеттері мен құбылымдарына оң ықпал тигізуі арқылы сипатталады:· физикалық қасиеттеріне (тығыздылығына, қуыстылығына);· ылғалдылық, ауа, жылу, тотығу–тотықсыздану, микробиологиялық және қоректік заттар құбылымдарына;· физикалық-механикалық қасиеттеріне (қаттылығына, сыбағалы кедергісіне);· эрозияға төзімділігіне.

Топырақтың түйіртпектілігі– оның пішіндері және ірілігі әр түрлі болып келетін түйіршіктері жиынтығы (агрегаттары). Олар түрлі жағдайлар арқылы біріккен ұсақ бөлшектерден құралады. Егер топырақ белгілі пішіні бар түйіршіктерге бөліне алатын болса түйіртпектігі (структурасы) бар деп есептейміз. Ал майда үгілген бөлшектерге немесе үлкен пішінсіз кесектерге бөлінген болса ол түйіртпексіз деп саналады

47.Топырақ құнарлығын арттыру  шараларына  тоқталсаныз

 Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктер дүниесін қажетті қоректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен және қолайлы физ.-хим. ортамен қамтамасыз ету қасиеті. Топырақты жердің құнарлылығын арттыру үшін:Ең алдымен органикалық тыңайтқыштарды қолдану ; Дымқылдың/судың жетуін қадағалау маңызды мәселе.Газалмасу процесін жақсарту мақсатында автоматты түрде Арамшөптерді жұлмай қопсыту; Жауын құрт популяциясын  кеңінен қолдану; Болмай жатса арнайы жерлерде/дүкен-мекемелерде  профилердің ақылына жүгіну;

49.Литосферада және топырақ құрамында ең көп таралған химиялық  элемент

Литосферада және топырақ құрамында ең көп таралған элемент оттегі, одан кейін кремний, сонан соң алюминий, темір, кальций т.б.Литосфера құрамымен салыстырғанда топырақ құрамында көміртегі мөлшері 20 есе, азот 10 есе көп. Сонымен бірге топырақ құрамында оттегінің, сутегінің, кремнийдің мөлшері олардың литосфера құрамындағы мөлшерінен молырақ, ал алюминийдің, темірдің, калийдің, натрийдің, кальцийдің мөлшері азырақ.

50.Топырақтың гранулометриялық құрамы дегеніміз не

Топырақтың құрамында механикалық элементтер топтарының мөлшері әр түрлі болады. Олардың бір-бірімен салыстырмалы мөлшері топырақтың гранулометриялық құрамы деп аталынады. Гранулометриялық құрамы құм, құмайт болып келсе олар «жеңіл» топырақтар, ал ол ауыр құмбалшық, саздақ, балшық болса – «ауыр» топырақтар қатарына жатады. Топырақтың ылғалдылық, физикалық, физикалық–гранулометриялық, ауа, жылу қасиеттері, сіңіру қабілеті, қоректік заттар мөлшері оның гранулометриялық құрамымен өте тығыз байланысты. Гранулометриялық құрамы құм, құмайт «жеңіл» топырақтардың су өткізгіштігі жақсы және тез қызады

51.Аэроация дегеніміз не

Топырақтың экологиялық қызметі белсенді жүруі үшін топырақ ауасымен атмосфера ауасы арасында газ алмасу құбылысы тұрақты өтіп жатуы қажет. Осы екі ауа арасындағы алмасу құбылысын газ алмасунемесе аэрация деп атайды. Аэрация топырақ құнарлылығын анықтаушы жағдайдың бірі болып саналады

...

Скачать:   txt (38.4 Kb)   pdf (365.8 Kb)   docx (219.9 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club