Гумус
Автор: zhaniya033 • Ноябрь 14, 2022 • Реферат • 2,435 Слов (10 Страниц) • 257 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...................................................................................................3
1. ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ҚАБАТЫ.................………………….....4
1.1. Гумус…………………….......................................................................4
1.2. Гумус қабаты.......................................................................................5
2. ГУМУСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ...................................………..............5
2.1. Гумустық заттар……………………………….................................6
2.2. Гумустың пайдасы.................................................................................7
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР...............................................10
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы саласының басты өндіріс құралы – жер, оның ең үстіңгі құнарлы қабаты – топырақ. Топырақтың құнарлылығы арқылы адамзат қауымы пайдаланатын азық-түліктің 98 пайызы және өндіріске қажет көптеген шикізат өндіріледі. Сонымен бірге топырақ – табиғаттың құрамды бөлігі, әлемдегі экологиялық жүйелердің тұрақты дамуының негізі болып табылады.
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген.Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтқыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
Топырақтың қатты фазасының біраз бөлігін органикалық заттар құрайды. Олардың рөлі топырақта орасан зор. Олар топырақ қасиеттерін қалыптастыруға, оның құнарлылығына әсер етеді.
Органикалық заттардың негізгі көздері - жыл сайын топырақта өсетін өсімдіктер, майда жәндіктер мен микробтар қалдықтары, олар топырақ бетінде, оның қабаттарында жиналады. Органикалық қалдықтардың біразы толық ыдырап минералданса, біразы қайтадан топырақта органикалық заттардың осы жаңа күрделі түріне, биохимиялық синтез арқылы айналады. Минералдану мен гуминдену процестері микроорганизмдер арқылы жүреді.
Гумус (қара шірік) – топырақтағы, бірақ тірі организмдер құрамына кірмейтін бүкіл органикалық қосылыстар жиынтығы.
Гуминді заттар гумус құрамында болады. Ол – қоңыр түсті, топырақта, торфта, көмірде және басқа табиғи денелерде түзілетін, азот құрайтын жоғары молекулалық қосылыстар. Олар энергия және қоректік элементтерді жинайды, катиондар миграциясына қатысады, токсинді заттардың жағымсыз әсерін төмендетеді, организмдердің дамуына ықпалын тигізеді. Гумус - органикалық заттардың өсімдіктер мен басқа тірі организмдердің ыдырауының нәтижесінде пайда болған.
3
- ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ҚАБАТЫ
Топырақ кабаты – топырақ түзілу процесінде жекелеу, жер бетіне параллель орналасқан біршама біртекті топырақ қабаты. Түсі, құрылымы, құрамы, жаңа түзілімдерінің және баска да белгілері бойынша ерекшеленеді. Топырақ қабаты ендірілу,жылыстау,шығарылу және топырақтары заттектердің айналуы нәтижесінде пайда болады. Тұтас алғанда олар топырақ қимасын кұрайды. Топырақ өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жагдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ кабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да коректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша - қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, орманды сұр топырақ, кара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырактың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты.Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар.Топырак - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен,тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер кыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.Топырактың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы.
...