Бунакденелiлердiн сырткы курылысы
Автор: nazerkem1 • Август 7, 2020 • Реферат • 1,831 Слов (8 Страниц) • 724 Просмотры
II-тарау БУНАҚДЕНЕЛІЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
2.1. Бастың құрылысы
Жануарлар дүниесіндегі ең көп таралған түрлер – бунақденелілер. Зоологияның жақсы дамыған саласының бірі - энтомология.
Энтомология – бунақденелілер туралы ғылым. Оның табыстарын жоғалтып алмай, жануарлар дүниесін қорғау және ғылыми негізінде ұтымды пайдалану, табиғат байлықтарын көбейту ісі әрбір адамның борышы.
Бас (Cranium) қатты тығыздалған бассүйектен немесе бас сауытынан құрылған және оның қосалқылары - мұртшалар мен ауыз мүшелері болып табылады (6-сурет).
[pic 1]
6-сурет. Бунақденелілер басының алдыңғы жағынан (А), бүйір жағынан көрінісі (Б); 1-бас қаңқасы, 2-қарапайым көзшелері, 3-күрделі көз, 4-мұртша,
5-мандибула, 6-жоғарғы ерін, 7-мұртшаның тіркелетін орны, 8-төменгі ерін,
9-төменгі жақ; Ыдыратылған қоңыз – Lucanus cervus (B); 1- төменгі ерін,
2-төменгі жақ, 3-мандибула, 4-жоғарғы ерін, 5-бас, 6-мұртша, 7-алдыңғы кеуде, 8-кеуде аяқтарының 1-ші жұбы, 9-қанаттарының алдыңғы жұбы
(үстіңгі қанат), 10-ортаңғы кеуде, 11-кеуде аяқтарының екінші жұбы,
12-артқы кеуде, 13-қанаттарының артқы жұбы (астыңғы қанат), 14-кеуде аяқтарының үшінші жұбы, 15-құрсақ (абдомен).
Бас сауыты бастың сыртқы қаңқасын құрайды, онда күрделі немесе фасетті жұп көз және қарапайым көздер немесе көзшелері орналасқан. Бастың үстіңгі беті жеке, кейде өзара жіктермен ерекшеленген бөліктерге ажыратылған. Тарақанда және басқа төменгі сатылы бунақденелілердің басының алдыңғы жағында көздерінің арасынан эпикраниалды деп аталатын V-тәрізді жік анық көрінеді.
Бастың алдыңғы жағындағы кеңейген беті – маңдай (frons), ол үстіңгі жағына қарай төбеге (vertex), одан ары желке немесе шүйде (occiput) бөліктерімен жалғасады. Маңдайдан төмен немесе алдына қарай маңдайша немесе клипеус (clypeus), ал одан төмен ауыз мүшелерін бүркеуші қозғалмалы жақтау тақтайша сияқты жоғарғы ерін (labrum); бастың бүйірінде көздердің астыңғы және артқы жағында жақтар (genae), олардың артында артқы жақ (postgenae) орналасқан.
Кейде маңдайда жай көздер орналасады. Олар төбеден эпикраниалдық тігіс немесе жіктің желісі, ал маңдайшадан фронтоклипеальды тігіс арқылы бөлінген. Бірақ бұл тігістер көбінесе жойылып, төбенің алдыңғы жағында бір жұп қарапайым көздер орналасады. Төменгі сатыдағы бунақденелілерде (топтарда) желке мен артқы жақтары, төбе және жақтардан желке тігісі арқылы ажыратылған және олардың артында артқы желке тігісі дамыған болады. Кейде маңдайшаның алдыңғы бөлігі немесе антеклипеус (anteclypeus) және артқы бөлігі немесе постклипеус (postclypeus) деп бөлінеді. Ол жұтқыншақты кеңейтетін еттің бекитін орны және аса дамыған болуы мүмкін.
2.2. Бастың қосалқылары
Мұртшалар. Мұртшалар немесе антенналар (antennae) бір жұп ұзарған бунақты түрдегі құрылым және олар бунақденелілерге тән; тек мұртсыздар (Protura) отрядында олар болмайды, бірақ бұл жойылудың салдары. Өзінің атқаратын қызметі бойынша мұртшалар сезім мүшесі, атап айтқанда: ет сезімі және иіс сезімі қызметін атқарады. Олар маңдайдың бүйірлерінде көздердің аралығында немесе олардан ілгері, әдетте нақты мұртша ойысында шұңқырда орналасады немесе бекиді. Мұртшалар буынды және жуан негізгі буыннан, немесе тұтқа деп аталатын буыннан (scapus), одан кейін аяқша немесе педицелл (pedicellus), ал үшінші буыннан бастап қалған бөлігі флагеллум (flagellum) деп аталатын буындардан тұрады (7-сурет) .
[pic 2]
7-сурет. Мұртша құрылысы:
1-жіпшесі; 2-аяқшасы; 3-тұтқасы немесе скапусы;
4-мұртша ойысы.
Мұртшалар бастың ішкі қаңқасынан шығатын және
негізгі буынға бекіген ет арқылы қозғалады; педицелл негізгі буыннан шығатын ет арқылы қозғалады.
Мұртшалардың құрылысы алуан түрлі және көбінесе әр түрлі бунақденелілердің түрін анықтау үшін қолданылатын жақсы белгі
(8-сурет).
[pic 3]
8-сурет. Мұртшалар түрлерi: 1-қылшықтәрізді; 2-жiптәрізді; 3-таспиқ тәрiздi; 4-ара тiстi; 5-тарақ тiстi; 6-шоқпарлы; 7-ұршық пiшiндi; 8-тақта ьұртша;
...