Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Резенция «Медиасауаттылық»

Автор:   •  Декабрь 14, 2022  •  Контрольная работа  •  266 Слов (2 Страниц)  •  126 Просмотры

Страница 1 из 2

Нечаев  негізгі орта  мектебінің  қазақ  тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Садыкова Асель Асылхановна және тарих пәнінің мұғалімі  Ахметова Жанар Кенжешевнаның  авторлығымен  құрастырылған «Медиасауаттылық»  тақырыбына арналған факультативтік курсына

Рецензия

«Медиасауаттылық»  тақырыбына арналған факультативтік  курсы (жоба) 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы  ӘНХ- ң нәтижесінде құрастырылған. Медиасауаттылық, нақтырақ айтсақ медиалық және ақпараттық сауаттылық , қазіргі уақытта трендтегі тақырыптардың  ең қажетті, ең өзектісіне  айналып отыр.Енді бұл курсты  мектеп қабырғасынан  бастап  оқытудың қажеттілігі туындады. «Медиасауаттылық»  факультативтік  курсы оқушылардың  ақпаратқа талдау жасау дағдыларын жетілдіруге, олардың  өз беттерінше өздері тұтынатын ақпарат  көздерінің сенімділігін саралай алуға  және шынайы ақпаратқа сұранысты қалыптастыра алуға бағытталған. Факультативтік курс  7-9 сыныптарға арналған.

 7 сыныпқа «Журналист» медиаклубы.

 8 сыныпқа «Кино әлемі» мектеп киноклубы .

 9 сыныпқа «Медиа білім» 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың   кез келген бөлігі спиральдік  принциппен  құрастырылған. Жобаның  әр бөлімі өзінше жеке дара. Мысалы, кез келген  тарауды немесе тақырыпты алуға болады. Бірінші тарауда лекция және пікірталас форматында өтетін  сабақтар топтастырылған. Екінші тарауда жаттығу жұмыстары берілген. Үшінші тарау анықтамалық және әдістемелік мәліметтерден тұрады. Практикалық жұмыстарды орындау барысында, оқушылар жобалау, дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер жасауды үйреніп, эксперименттік жұмысқа бейімделеді, болашақ мамандық таңдауына да ықпалын тигізеді. «Медиасауаттылық»  тақырыбына арналған  факультативтік курс  заман талабына сай, оқушылардың қызығушылығын тудыратын қосымша білім беру құралы ретінде пайдалы. Оны қызықты етіп құрастыру тапқырлықты, ізденуді қажет етеді. Сондықтан да бұл авторлық бағдарламаны  құптарлық деп бағалаймын. «Медиасауаттылық»  тақырыбына арналған  факультативтік курсты    жасауда педагогикалық, психологиялық талаптар ескерілген.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (65.4 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club