Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шогырландырылган каржылык есептилик

Автор:   •  Декабрь 27, 2021  •  Реферат  •  1,077 Слов (5 Страниц)  •  233 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа тең құқықты әріптес ретінде енуіне байланысты барлық пайдаланушыларға, соның ішінде шетелдік инвесторларға түсінікті бухгалтерлік  есеп жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың қағидаларын жетілдіруге белгілі бір талаптар қойыла бастады. Осы тұста, шоғырландырылған қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес құру отандық компаниялардың халықаралық нарықтарға шығуының  негізгі шарты  болып табылады.  

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

  • отандық компаниялардың халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз  етуде  шоғырландырылған қаржылық есептілікті құру мәселелерін талдау қажеттілігі

Зерттеу тақырыбының мақсаты:

  • шоғырландырылған қаржылық есептілікті құру мәселелерін зерттеу және оны жетідіру жолдарын ұсыну

Зерттеу тақырыбының міндеттері:

  • шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрудың теориялық негіздерін қалыптастыру;
  • компаниялар Тобының шоғырландырылған қаржылық есептілігін құрудың әдістерін айқындау;
  • шоғырландырылған қаржылық есептілікті құру мәселелерін талдау;
  • зерттеу нәтижесімен қорытынды және ұсыныстар беру.

Дипломдық  жұмыстың  ғылыми жаңалығы  интеграциялық үрдістердің күшеюі жағдайында шоғырландырылған қаржылық есептілікті жетілдіру жолдарын анықтау және оларды тиімді пайдаланудың ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттарын негіздеу болып табылады.

        Тәжірибелік маңыздылығы зерттеу барысында алынған нәтижелер компанияның қаржылық және бухгалтерлік қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысында кеңінен қолданылуы мүмкін.

Магистрлік жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстан Республикасында ҚЕХС сәйкес және бас ұйым «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның талаптары бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік құратын және ұсынатын «Kен-Құрылыс-Сервис» ЖШС болып табылады.  

«Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС– Қазақстан Республикасында мұнай-газ және су құбырларын салумен  және оларды күрделі жөндеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорын. Серіктестік ҚР заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады.

 «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-нің бастапқы негізгі саласы Өзен кенорнын жайластыру болып табылатын  «Өзен» мұнай кәсіпшілік басқармасы жанынан құрылыс-монтаждау цехі ретінде 1968 жылы құрылған, ал 1970 жылы ресми өз алдына басқарма ретінде «Өзенмұнай» мұнай және газ өндіру басқармасына қарасты Құрылыс-құрастыру басқармасы деген атпен қайта құрылды.

1997 жылдың қаңтар айынан бастап «ӨзенМұнайГаз» ашық акционерлік қоғамына қарасты «ӨзенМұнайҚұрылыс» өндірістік филиалы ретінде қайта құрылды.

2009 жылдан бастап «БарлауӨндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ  Серіктестіктің тұтас құрылтайшысы (100% үлеспен) болып табылады.

 «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС -  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ  талабы бойынша бас ұйым ретінде, ал «Жолсервис» ЖШС мен «Кендірлі-Құрылыс» ЖШС оның еншілес ұйымдары болып  танылды. Серіктестік  өзінің қаржылық есептілігімен қоса, өзінің еншілес ұйымдарының қаржылық есептіліктерін біріктіріп, шоғырландырылған қаржылық есептілік дайындайды және оны «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ тапсырады.

Экономикалық көрсеткіштері. 2015 жылы «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС кәсіпорындар Тобының өнімді өткізуден түскен табысы 8 605 277 мың теңге құрады. Оның 2013 жылмен салыстырғанда 2 839 856 мың теңгеге ұлғаюының себебі кәсіпорындар ұсынатын қызметтің артуымен байланысты, ал 2014 жылмен салыстырғанда 821 154 мың теңгеге қысқаруы мұнай бағасының төмендеуімен түсіндіруге болады. Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының 2013 жылмен салыстырғанда 5 018 493 мың теңгеге және сәйкесінше 2014 жылмен салыстырғанда 1 465 434 мың теңгеге өсуі де кәсіпорындар Тобы қызмет көрсетуде пайдаланатын негізгі құралдар бағаларының өсуіне байланысты. Кәсіпорындар Тобының 2015 жылы таза табысының 2013 жылмен салыстырғанда 3 244 589 мыңға және 2014 жылмен салыстырғанда 2 835 688 мыңға артып, 3 245 383 мың теңге құрап теріс деңгейде қалыптасуы 2015 жылы орын алған дағдарыс пен мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты.

...

Скачать:   txt (16 Kb)   pdf (87.3 Kb)   docx (12 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club