Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «Астана-Энерго» АҚ

Автор:   •  Апрель 15, 2024  •  Отчет по практике  •  3,886 Слов (16 Страниц)  •  84 Просмотры

Страница 1 из 16

МАЗМҰНЫ

Кіріспе        3

«Астана-Энерго» АҚ туралы қысқаша мәліметтер        5

Жеке тапсырма        6

Газ турбиналы қондырғылардың сипаттамасы        6

Табиғи газдың негізгі көрсеткіштері        8

Турбинадағы түтіндік газдардың кеңею процесінің есебі        13

Экономикалық        негіздеме        16

Станцияның экономикалық көрсеткіштерін есептеу        16

Пайданы және инвестицияның тиімділігін анықтау        18

Қорытынды        20

Пайдаланылған        әдебиеттер        тізімі        21

КІРІСПЕ

Батыс-Қазақстан облысында көмірсутектің мол қорының болуына қарамастан, энергия тапшылығы мәселесі әлі күнге дейін толығымен шешілген жоқ. Қазір облыстағы электр энергиясын өндіретін нысандар: Орал қалалық ЖЭО, қуаты 160 МВт ҚПО ГТЭС, қуаты 54 МВт ГТЭС. Көрші аудандардың ішінен Атырау облысымен «Правобережная-Индер» 220 кВ электр желілері арқылы байланысқан. Ақтөбе облысымен байланыс орнатылмаған. Осы облыстарының әрбіреуіндегі энергия тұтыну артып келе жатқандықтан, электр энергия тапшылығын әрбір ауданда электр қуатын өндіретін станциялар салу арқылы жою көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта БҚО Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің батыс аумағының құрамына кіреді. Географиялық орны жағынан басқа аудандарынан алыс орналасуына және электр байланыстарының орнатылмағандығына байланысты Қазақстан БЭЖ-дің басқа бөліктерінен оқшауланған.

Ауданаралық электрлік торабы БҚО энергожүйесін Атырау және Маңғыстау облыстарының энергожүйелерімен кернеуі 220 кВ Орал- АтырауМАЭК транзиті арқылы байланыстырады.

БҚО энергобалансын құру көбінесе электр энергия нарығын қалыптастыру мен энергия көздерінен алынатын электр энергия тарифтерін орнатудан тәуелді болады.

Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің дамуы еліміздің электр энергетикасының дамуымен тығыз байланысты болуы тиіс. Өйткені, Қазақстанның газды алу мен тасымалдау жүйелерінің энергожүйенің ішкі ресурстарын қанағаттандырарлықтай мүмкіндігі зор.

2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының дaму стрaтегиясындa мұнай-гaз кешені айтарлықтай орынды aлaды. Бұл сала ҚР энергетикалық қуат көзі бойынша екінші орында тұр. Мұнай-газ саласы еліміздің энергетикалық балансында мұнай-газ саласының негізгі үлесі көмір салаласынан кейін 18,6 % және 14 % құрайды (көмір 63,4 %).

ҚР мұнай-газ саласы негізінен төрт бағытқа бөлінеді: мұнай өндіру, мұнай өңдеу, газ өндіру, газ өңдеу. Бұл салалар өзара байланысты, өйткені өндіру және өңдеу процесстері бірін-бірі толықтырады. Барланған қордың көлемі бойынша, әлемде Қазақстан мұнай бойынша 12-орында, газ конденсаты бойынша 15-орында, ал өндіру деңгейі бойынша 23-орында тұр. Қазақстанның үлесіне әлемдік мұнай қорының 1,5 % келеді, мұнайдың алынатын қоры –2,2 миллиард тонна, конденсат 690 млн. тонна және 2 трлн. м³

газ қоры бар. Қазақстан Республикасында көмірсутек ресурстарының болжамдық көлемі 17 млрд. тонна мұнайды құрайды, оның 8 млрд. тоннасы Каспиий теңізінің қазақстандық бөлігіне тиеді.

Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнайгаз, 11 газ-конденсат, 19 гaз кен орындaры бар. Бaрлaнған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд.т, газ – 2,5 трлн./м3, конденсат – 0,7 млрд.м3. Қазақстанда мұнайдың болжамды қорлaры 20–25 млрд.т деп бағаланады. Мұнaй мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы- газды аймағында шоғырланған. Мұндa 122 кен орны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд. т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1,7 млрд.м3 бос және 577 млрд.м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30%дан асады. Оңт. Маңғыстау мен Солт. Үстірт

...

Скачать:   txt (45.2 Kb)   pdf (298.3 Kb)   docx (805.5 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club