Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «АО КХП Аққайнар»

Автор:   •  Сентябрь 16, 2020  •  Отчет по практике  •  8,826 Слов (36 Страниц)  •  717 Просмотры

Страница 1 из 36

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық  университеті

«Агрономия» факультеті

“Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің

технологиясы” кафедрасы

5В072800- «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»  мамандығының

технологиялық тәжірибеден өтуі бойынша қорытынды

ЕСЕБІ

Орындаған : ТПР-21 топ студенті А.М.Халиоллиева

Қабылдаған: т.ғ.к.,  доцент  м.а Т.А.Байбатыров

Орал, 2019 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I.Негізгі бөлім

1.1.Кәсіпорынның сипаттамасы.............................................................................4

1.2.Өңдеуге жататын негізгі шикізатты сақтау шарты және сипаттамасы........7

1.3.Өндірілетін өнімнің ассортименті..................................................................16

1.4.Дайын өнім үшін шикізатты дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық құрылғы........................................................................................21

1.5. Өнімнің сапасына қойылатын талаптар........................................................25

1.6.Өнеркәсіптегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік,өрт ережелері.....................28

II.Қорытынды.........................................................................................................33

III. Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................35

Кіріспе

Бүгінгі күндегі отандық ұн өндірісі агроөндірістік кешеннің әлеуметтік мәні жоғары салаларына жатады. Ұннан жасалынатын нан, тоқаш, макарон және жарма өнімдерін кез келген жастағы адам қажет етеді. Еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігінің басты шарттарының бірі – халықты астық өнімдерімен қамтамасыз ету. Бұл өнімдер жоғары тағамдық құндылыққа ие бола отырып, тұрғындарымыздың рационының бестен бір бөлігін қамтиды.

          Қазіргі кезде Қазақстанда 250-ден аса әртүрлі өнімділіктегі ұн зауыттары бар. Бұл зауыттар еліміздің халқын толығымен ұнмен қамтамасыз етіп, шетелге ұнды экспортқа шығару көлемі бойынша алдыңғы қатарда келеді.Өткен ғасырдың 80-90-жылдары ұн өндірісіндегі жүргізілген қайта жарақтау шаралары ұн өндірудің тиімділігін едәуір арттырды. «АО КХП Аққайнар» өнеркәсібі  шығарған жоғары өнімділіктегі жабдықтарды пайдалану арқылы ұн зауыттарының потенциалдық мүмкіншіліктері жоғарылады.Соңғы жылдары елімізде жүргізіліп жатқан экономиканы реформалау шаралары ұн зауыттарының жұмысына едәуір әсерін тигізуде. Ұн нарығы дамып, өркениетті деңгейге жетті.Ұн зауыттарының тиімді жұмыс атқаруының басты бөлігінің бірі – заманауи технологияларды енгізу, жоғары өнімділіктегі үнемді жабдықтарды пайдалану және ең негізгісі, шағын, үлкен наубайханалардың қажеттілігін қамтамасыз ету, сонымен қатар­кондитер кәсіпорындары үшін арнайы тапсырыстарды орындау, әртүрлі ұн сұрыптарынан ұн қоспаларын құрастыру, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығына арнайы жемдік өнімдерді шығару.Тұтынушыға жоғары, тұрақты сападағы және төменгі бағадағы өнім қажет. Осыған байланысты ұн зауыттары тұтынушылардың талаптарын зерделеп, шикізат сапасына және дәнді дайындау мен ұнтақтаудың жалпы технологиялық үдерісіне қажетті бақылау орнатуы керек.

Техникалық тәжірибеден өту мақсатым тәжірибеден өтетін мекемемен танысып, сол өндірістің технологиясын меңгеріп,болашақта осы салаға деген қызығушылығымды арттырып,өз пайдамды тигізу.

1.1 Кәсіпорынның сипаттамасы

Комбинаттың құрамына кіретін диірмен зауыты 1910 жылы көпес Карев және Старовпен салынған, крупозавод 1898 жылы Овчинниковпен салынған, Қазан социалистік революциясына дейін оның жеке диірмені болды. 1919 жылы Орал қаласында Кеңес өкіметі орнағаннан кейін диірмен мен просообдир Орал Губсинархозына бағынуымен мемлекеттік меншікке өтті.                                                                                                                                 1924 жылдан 1996 жылға дейін комбинат Республиканың әр түрлі ведомстволары мен шаруашылық серіктестіктерінде болды.

...

Скачать:   txt (117.6 Kb)   pdf (816.9 Kb)   docx (684.5 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club