Отчет по практике в «Ақ босаға риэлти» ЖШС
Автор: arailymauezkhan • Март 28, 2023 • Отчет по практике • 1,264 Слов (6 Страниц) • 183 Просмотры
МАЗМҰНЫ
I КІРІСПЕ
1.1 «Ақ босаға риэлти» ЖШС туралы сипаттама
1.2 Компанияның ұйымдық-басқару құрылымы
1.3 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Компаниядағы логистикалық процесстер
2.2 Кәсіпорынла қолданылатын логистикалық құжаттар
2.3 Компания көліктеріне және қоймаларына талдау
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
КІРІСПЕ
Логистикаға қатысты мәселелердің жиынтығы әртүрлі ағындарды (адам,
материал, энергия, қаржы және т.б.) басқару мәселелері болып табылады.
Бүгінгі таңда логистика:
• өндірістен тұтынуға дейінгі жүктерді тасымалдау және сақтау бойынша
шығындарды жоспарлау процесі;
• дайын өнімнің өндіріс орнынан тұтыну орнына дейін тиімді қозғалысы;
• материалдық және ақпараттық ағындарды басқарудың ұтымды әдістерін
әзірлеумен байланысты жаңа ғылыми бағыт;
• өндіріс пен таратуды ұтымды ұйымдастыру туралы ғылым.
Кәсіпорынның шығындарын азайту және ішкі және сыртқы ағындық
процестерді ұйымдастырумен логистика бөлімі айналысады, оның құзыретіне
сатып алу, тапсырыстарды өңдеу, өндірістік процесті ұйымдастыру, сақтау,
тарату, сату және сатудан кейінгі қызмет көрсету саласындағы
ұйымдастырушылық және басқарушылық сипаттағы бірқатар функциялар
кіреді. Қазіргі уақытта логистика бөлімінің болуы тауарларды жеткізу, буыптүю, тапсырыс топтамаларын жинақтау, тауарларды таратудың оңтайлы
траекторияларын әзірлеу, шикізат пен материалдарды жеткізушілерді таңдау,
қосалқы бөлшектер, жартылай фабрикаттар, негізгі контрагенттерді талдау
саласындағы экспедиторлық, қойма, тарату және әртүрлі қызмет түрлерімен
айналысатын кәсіпорындар үшін негізгі бәсекелестік артықшылық болып
табылады.
Өндірістік практика студентті одан әрі кәсіби қызметке дайындаудың
кезеңі және практикалық тапсырмаларды орындауға байланысты кәсіби білім
алуды білдіреді.
Мен өндірістік практиканы "Ақ босаға риэлти " ЖШС кәсіпорнында
өттім, онда мен логистика саласындағы маманның кәсіби құзыреттілігін
игердім.
Практикадан өтудің негізгі мақсаты теориялық білімді бекіту және
мамандық бойынша практикалық дағдыларды алу.
Міндеттері: Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасын зерттеу және
логистикалық процесін талдау, ұйымдық құрылымды және өндірістік процесті
түсіну.
4
1.1 «Ақ босаға риэлти» ЖШС туралы сипаттама
«Ақ босаға риэлти»-көлік-экспедиторлық компаниясы. Компания жүк
жөнелтушіден (клиенттен) жүк алушыға жүктерді тасымалдауды
ұйымдастырумен айналысады. Көп жағдайда компания жөнелтуші мен
тасымалдаушы арасындағы делдал болып табылады. Жүктерді
тасымалдаудың сапасы мен уақтылығы осы компанияның құзыреттілігі мен
кәсібилігіне байланысты. Компанияның негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
кіріс тапсырыстарды жылдам және нақты өңдеу, белгіленген мерзімде көлікті
іздеу және ұсыну,
...