Есеп өндiрiстiк-технологиялык тәжiрибе бойынша ИП «ӘБЗӘЛ»
Автор: armanai03 • Июнь 20, 2023 • Отчет по практике • 3,932 Слов (16 Страниц) • 175 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы Техникалық факультет
2-ШІ ӨНДІРІСТІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША
ЕСЕП
В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» мамандығы
6В07201 – «Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы
Орындаған студент: Мұрат Арманай
3 курс (9триместр) тобы 20-20
Тәжірибе орны және кәсіпорын атауы: Астана қ.;
ИП «ӘБЗӘЛ» өндірістік кешені
Университеттен тағайындалған жетекші: Рзаев Б.Т
Тәжірибе бойынша есепті қорғауды бағалау
(қолы) күні_________
АСТАНА
Мазмұны
Кіріспе ............................................................................................................... | 3 |
1. Ет комбинаты және оның бөлімдері........................................................... | 4 |
1.1 Ет өндірісінің бөлімдері............................................................................. | 4 |
2. «Әбзәл ет компаниясы»..................................................................... | 8 |
2.1 «Нәрлен » сауда маркасы........................................................ | 9 |
2.2 Өндірісте қолданылатын аппараттар желісі............................................ | 12 |
2.3 Шығаратын өнім түрлері........................................................................... | 14 |
2.4 Шұжықты сынаманы алу және оны зертханалық талдауға дайындау........................................................................................................... | 16 |
Қорытынды....................................................................................................... | 20 |
Қолданылған әдебиеттер................................................................................. | 21 |
Кіріспе
Ет өнеркәсібінің халық шаруашылығындағы маңызы өте зор, өйткені ол елімізді жоғары сапалы өнімдермен - етпен, шұжық және тұздалған өнімдермен, ет консервілерімен, жылдам мұздатылған екінші тағамдармен, диеталық және балаларға арналған тағамдармен, т.б. қамтамасыз етеді. Ет өнеркәсібіңде өңделетін шикізаттың ерекшеліктері оны кешенді түрде қолдану арқылы өндірісті құрамалауды қажет етеді. Соңғы жылдары ет өнеркәсібінде кәсіпорындардың негізгі түрі ретінде ет комбинаттары жұмыс істеді, бірақ мемлекеттік жоспарлы түрде мал тапсырудың жойылуына байланысты олардың көбі шикізат тапшылығынан жабылып қалды. Жеке шаруашылықтарда сойылған малдардың еттері көбінесе тікелей рыноктарда сатуға шығарылды.
Пайда болған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өңдірістік қуаттары өте аз, құрал-жабдықтары қазіргі заман талабына сай емес. Сондықтан, олардың шығарған ет өнімдері сапасы және бағасы жағынан ресейлік өнімдермен бәсекелестікке төтеп бере алмады. Республикамызда мал және құс өсіретін, оның етін өңдейтін кәсіпорыңдар жеткілікті. Көптеген шаруашылықтарда мал мен құстың жоғары өнімді тұқымдары, мал мен құстың жеткілікті мөлшері және оларды жайып семіртетін мол жайылым бар. Бірсыпыра шаруашылықтарда бордақылау алаңы салынған. Онда ересек мал бордақыланады. Елімізде ет өндіруді арттыру жөнінде біраз табыстарға қол жеткенмен, халықтың бұл бағалы өнімге қажеттілігі әлі де болса толық қанағаттандырылмай отыр. Мұның негізгі себебі, барлық шаруашылықта ет өңдіру бірдей жолға қойылмаған. Мал етін өндіруді күрт арттыру үшін мал мен құстың тірідей салмағын және олардың қоңдылығын көтеру шарт. Ол үшін, ең алдымен малды күтіп бағу мен азықтандыру жағдайын жақсартып, оларды үстеп азықтандыра отырып, жайып семіртуді ұйымдастыру қажет.
...