Отчет по практике в Алматинском университете управления
Автор: ドゥラット アスカー • Март 29, 2019 • Отчет по практике • 8,171 Слов (33 Страниц) • 543 Просмотры
МАЗМҰНЫ | ||
КІРІСПЕ.......................................................................................................... | 3 | |
1. | «BI ALMATY PROJECTS» ЖШС ҰЙЫМДЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ | 4 |
1.1 | «BI Almaty Projects» ЖШС-нің құрылу тарихы мен дамуы.................. | 4 |
1.2 | «BI Almaty Projects» ЖШС-нің даму стратегиясы................................. | 7 |
1.3 | «BI Almaty Projects» ЖШС-нің негізгі қызметтері мен өнімдері ........ | 10 |
1.4 | «BI Almaty Projects» ЖШС-нің қаржы бөлімдерінің қызметкерлерінің функционалдық міндеттері | 15 |
2. | «BI ALMATY PROJECTS» ЖШС-НІН ҚАРЖЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ...................................... | 18 |
2.1 | «BI Almaty Projects» ЖШС-нің қаржылық жағдайы.............................. | 18 |
2.2 | «BI Almaty Projects» ЖШС-нің қаржылық көрсеткіштерін талдау...... | 21 |
2.3 | «BI Almaty Projects» ЖШС-нің жедел және стратегиялық қаржылық басқаруды ұйымдастыру | 29 |
2.4 | «BI Almaty Projects» ЖШС-нің - қаржылық менеджментін жетілдіру ұсыныстары | 31 |
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. | 33 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................ | 35 |
КІРІСПЕ
Осы оқу тәжірибені өту мақсатым Алматы Менеджмент Университетінде алған теориялық білімімді бекіту, тәжірибелік дағдылар мен құзірет алу және алдыңғы қатарлы тәжірибені игеру болып табылады. Оқу практикамды «BI Almaty Projects» ЖШС-гінде 15 қаңтар мен 24 мамыр аралығында өттім.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.
Дипломалды практиканың міндеттері:
- «BI Almaty Projects» ЖШС- нің сыртқы ортасымен және соңғы 2-3 жылдардағы қызметінің ұйымдастырылуымен танысу;
- «BI Almaty Projects» ЖШС-ның ережесімен, қаржы құжаттарымен танысу.
- «BI Almaty Projects» ЖШС-да қолданылатын қаржылық менеджменттің түрлері мен әдістерін шетелдік және алдыңғы қатарлы отандық тәжірибемен салыстыру жұмыстарын өткізуге арналған материалдарды жинау;
- зерттелетін мәселе шеңберінде «BI Almaty Projects» ЖШС-нің қызметін дамыту мен жетілдіруге бағытталған нақты шараларды жасап шығару;
- кәсіптік қызметпен бастапқы танысу;
- алғашқы тәжірибелік іскерліктің және таңдалған мамандық бойынша машықтың қалыптасуы;
- таңдалған мамандыққа қызығушылықты тәрбиелеу мен теориялық білімді игеруге ұмтылу;
- экономикалық ақпараттық жүйедегі алғашқы кәсіптік іскерлік пен машықтылықты игеру;
- тәжірибенің бағдарламасын орындау;
- «BI ALMATY PROJECTS» ЖШС – НІҢ ҰЙЫМДЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ
1.1 «BI Almaty Projects» ЖШС-нің құрылу тарихы мен дамуы
ВI Group - ірі инвестициялық-құрылыс холдинг әрі Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы танымал көшбасшы. Компания 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде өз ісінің кәсіпқойы әрі сенімді серіктес ретінде абыройға ие болды. Бүгінде BI Group холдингі – құрамында құрылыстың әртүрлі саласында еңбек ететін бірнеше дивизондары бар көпсалалы компания болып табылады. Бұл тек қана тұрғын үй және коммерциялық ғимараттарды салу мен девелопмент қана емес, сонымен қатар нысандарды басқару мен пайдалану, сондай-ақ аймақтық және трансұлттық маңызға ие жолдары салу, өнеркәсіптік нысандардың құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру де.
...