Отчет по практике в «Астана қаласы Әкім Аппараты»
Автор: 08072011 • Май 28, 2018 • Отчет по практике • 4,116 Слов (17 Страниц) • 7,984 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
«Эккономика және басқару» факультеті
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы
Өндірістік тәжірибе бағдарламасын орындағаны туралы
ЕСЕБІ
Тәжірибе өткен орны «Астана қаласы Әкімінің аппараты» ММ
6М051000- «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1курс магистранты Умургалиев Султан Батырханович
Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі | ___________________ | ___________________ |
Кафедрадан тәжірибе жетекшісі | __________________ | Э.ғ.к., аға оқытушы Мухамбетова Л.К. |
20_____ ж. «_____»__________________
Астана, 2018 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | 3 |
1 «Астана қаласы Әкім Аппараты» мемлекеттік мекеменің жалпы сипаттамасы | 4 |
2 «Астана қаласы Әкім Аппараты» мемлекеттік мекеменің қызметін талдау | 7 |
3 «Астана қаласы Әкім Аппараты» мемлекеттік мекеменің қызметін жетілдіру | 13 |
Қорытынды | 17 |
Қолданылған әдебиттер тізімі | 18 |
Кіріспе
Өндірістік іс-тәжірибе студент оқу орнында алған барлық білімін көрсетеді. Өндірістік тәжірибе магистрантқа теориялық білімін бекітуге және тәжірибелік дағдыландыру алуға мүмкіндік береді.
Өндірістік іс-тәжірибе – тәжірибелік жұмыстарды дамыту және тереңдету, студенттердің оқу процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде бекіту жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың соңғы этаптарының бірі болып табылады.
Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – мекеме жұмысының барысы мен жұмыстардың жүзеге асырылу тәртібін, құжаттардың дұрыс толтырылуын және аймақтағы жұмыссыздық денгейін зерттеу болды. Мемлекеттік қызметшінің іскерлік қатынасы тиімділігінің аса маңызды шарты олардың өз коммуникативтік мүмкіндіктерін, коммуникативтік құзыреттілігінің деңгейін білуі болып табылады. Мемлекеттік қызметке өздеріне сенетін адамдардың қызмет ететіні белгілі, олардың көбісі барлық қатынастарда, соның ішінде іскерлік қатынас саласында да табысты, қабілетті болып саналады. Осы сенімділік көп ретте кәдімгі жаңылысу болып шығады да, мемлекеттік қызметші өзінің коммуникативтік проблемалары туралы білдім. Көптеген оқыған теорияларымды практика жүзінде қолдана алдым. Болашақта өзіме жұмыс барысында керек болатын көптеген мәліметтер қорына ие болдым. Тәжірибе өту барысында орталықтың қызметі мен міндеттерімен, құрылыммен таныстым. Берілген мәлімметтерді, ақпараттарды қолдана отырып, құжаттармен жұмыс жасадым. Аймақта сауалнама жүргізіп жұмыссыздық деңгейін анықтай алдым. Мемлекеттік мекеменің нормативтік – құқықтық актілерді талдау барысында қажетті ауданның динамикалық даму жоспарын жасауға өз үлесімді қостым. Арнайы семинарлық жұмыстар және жұмыссыз тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп тәжірибеден өту барысында алған мәліметтерді қорытындыладым.
Тәжірибе өту объектісі болып «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме таңдалды, ол өз қызметін мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етіп, сондай-ақ заңнамамен көзделген шектерде оның құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Акиматта негізгі міндеттері аудан тұрғындарын әлеуметтік және экономикалық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.
«Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті бюджет арқылы қаржыланатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
...