Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үстеме шығындарының есебі және олардың бөліну тәртібі

Автор:   •  Апрель 26, 2018  •  Реферат  •  1,505 Слов (7 Страниц)  •  2,200 Просмотры

Страница 1 из 7

Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялық университеті

Тіл және менеджмент факультеті

«Есеп және аудит» кафедрасы

                        Басқару есебі 2  пәні бойынша

                             Практикалық жұмыс

                     Тақырыбы:  «Үстеме шығындарының есебі және олардың бөліну тәртібі»

                                                                                       

   Орындаған:_УА-311_топ студенті

                                                                                           __Ихсангалиева З.Е______

                                                                            Тексерген:_ Рахметкалиева Г.К ___

Уральск – 2018

    Жоспар

Кіріспе

Үстеме шығындардың түсінігі және олардың түрлері

Негізгі бөлім

Үстеме шығындардың ерекшеліктері

Қорытынды

Үстеме шығыстарды тарату ставкасын есептеу

 Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсету және негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің (жұмыс,қызмет) түрлеріне (бірлігіне) , өндірістік процеске, сату көлеміне, сатып алатын топқа жатқызуға болмайды.

Бір сөзбен айтқанда , үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар: цехтағы басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі материалдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы; үйлерді, ғимараттарды және жалпы өндірістік бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары; өндіртік сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірбие жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге байланысты басқа да цехтық шығындар.

Нақты үстеме шығындардың құрамына ішкі себептер бойынша тұрып қалудан болған жоғалтулар, цехтарда (бөлімшелерде) материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі бүлінуден болған жоғалтулар, сонымен бірге басқа өндірістік емес шығындар және өндірістегі жоғалтулар кіреді.

Үстеме шығындар екі топқа бөлінеді:

1. Жалпы өндірістік шығындар:

● Жалпы өндірістік персоналды ұстау шығындары (еңбекақы, іс-сапар шығындары т.б);

●  Өндірісті ұйымдастыру мен даярлау шығындары;

●  Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы;

●  Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарды жөндеу;

●  Өндірісте пайданылған коммуналдық шығындар;

●  Жалпы өндірістік мақсаттағы негізгі құралдарға төленетін жалгерлік ақы.

2. Өндірістік жабдықтарды пайдалану шығындары:

● Жанар-жағар майлардың құны;

● Өндірістік құрал-жабдықтың амортизациясы;

● Өндірістік құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеуден өткізу;

● Жабдықтарды күтіп ұстайтын, жүргізетін жұмысшылардың еңбекақысы;

● Еңбекақыдан аударымдар;

● Электр қуаты, бу мен судың құны;

● Көмекші өндірістің қызметі;

● Басқа да шығындар.

Нақты үстеме шығындардың құрамына ішкі себептер бойынша тұрып қалудан болған жоғалтулар, цехтарда материалдық құндылықтарды сақтау кезіндегі бүлінуден болған жоғалтулар, сонымен бірге басқа өндірістік емес шығындар және өндірістегі жоғалтулар

Үстеме шығындар есебі бухгалтерлік есептің жұмысшы шоттар жоспарында 8440 «Үстеме шығыстар» шотында есепке алынады:

8411 – «Материалдар» шоты үстеме шығындардағы материалдардың барлық түрлерін есепке алу үшін арналған;

8412 – «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» шоты жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;

...

Скачать:   txt (21.3 Kb)   pdf (117.2 Kb)   docx (20 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club