Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «Алғабас А» ЖШС

Автор:   •  Сентябрь 9, 2018  •  Отчет по практике  •  12,835 Слов (52 Страниц)  •  3,049 Просмотры

Страница 1 из 52

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кафедра «Есеп, аудит және талдау»

Экономика факультетінің

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы

студентінің өндірістік тәжірибе бойынша

ЕСЕБІ

АБЖЕТОВА АҚДАНА ТАЛҒАТҚЫЗЫ

(аты-жөні)

Тәжірибе орны:         «АЛҒАБАС А» ЖШС

(кәсіпорын атауы)

Кафедра атынан тәжірибе жетекшісі: Успамбаева Мадина Карабаевна

Кәсіпорын атынан тәжірибе жетекшісі: Тасболатова Гүлшара

Астана  2017


                                                МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУ..........................................................................................4

1.1 Тәжірибе базасымен танысу.......................................................................4

1.2 Бухгалтерлік жұмыс ұйымдастыру ..........................................................7

 2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.............11

2.1 Қысқа мерзімді активтер есебі.................................................................11

2.2 Ұзақ мерзімді активтер есебі....................................................................21

2.3 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі..................23

2.4 Өз меншігіндегі капитал есебі..................................................................27

2.5 Қаржылық есептілік..................................................................................29

3 БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ........................31

3.1 Өнім өндіруге кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі.................................................................................................31

4 ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ТАЛДАУ..............................36

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................42

ҚОСЫМШАЛАР.............................................................................................44

               


КІРІСПЕ

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Яғни кәсіпорынның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат беретін бухгалтерлік есептің бүгінгі күнгі басқару жүйесіндегі маңызы зор. Осыған орай, бухгалтерлік есеп саласында жоғары оқу орнында алынған теориялық білімдерді тәжірибиеде пайдалану үшін өндірістік тәжірибиесі  өтілетін орын болып «Алғабас А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таңдалды. 2017 жылдың 22.05-7.06 аралығында Ақтөбе облысы, Алға қаласында орналасқан  «Алғабас А» ЖШС өндірістік  практикадан өттім.

Қаржылық есеп ауқымында алған терең теориялық білімі арқылы экономикалық талдау мен негізгі құралдардың есебін жүргіземіз, ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары және заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.

«Алғабас А» ЖШС-де өндірістік практика өту барысында келесі міндеттерді орындадым:

- кәсіпорынмен, оның қызмет саласымен, заңы мен құқықтарымен, басқаруы мен ұйымдастыру құрылымымен танысу;

- бухгалтерия жұмысының ұйымдастырылуын зерттеу;

- бас бухгалтер мен бухгалтерияның өзге де қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерімен танысу;

- кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру;

- алғашқы құжаттармен танысу;

- бухгалтердің жұмыс орнында өзіндік жұмыс дағдысы мен тәжірибе жинау;

- қаржылық есептілікті құру мен ұсыну тәртібімен танысу;

- өнім өндіруге кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Өндірістік тәжірибиесінің негізгі мақсаты білім алушылардың жоғары оқу орнындағы оқыту процесінде алған теориялық білімдерін тәжірибие негізінде бекіту болғандықтан, ол жерде жинақтаған білімімді қолдандым және қабылданған материалдардың, шот фактуралардың, жүк құжаттары мен орындалған жұмыстардың актілерін қабылдап, жинақтау және 1С: Кәсіпорын  8.2 бағдарламасында жүргізуді үйрендім.

...

Скачать:   txt (175.1 Kb)   pdf (518 Kb)   docx (75.4 Kb)  
Продолжить читать еще 51 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club