Аудит стандарттары
Автор: zhanzhigitovaa • Октябрь 1, 2021 • Реферат • 851 Слов (4 Страниц) • 231 Просмотры
Орындаған: Жанжигитова Амина МА-31
Мекеме екі мемлекеттік аудитордың аудиторлардың этикалық кодексін бұзып жатқандығы туралы ақпарат алды. Аудиторларға тағылған айыптардың қатарына мыналар кірді:
2-аудитор үшін:
а) мемлекеттік органнан осы мемлекеттік органға байланысты құнды тақырып алды, онда ол дәріс оқыды;
б) аудит объектісінен құнды зат алған;
в) жергілікті қайырымдылық ұйымының басшысы ретінде толық емес жұмыс істейді;
г) семинар барысында аудиторлармен аудит әдістері туралы ақпаратпен бөлісті;
д) баспадан мемлекеттік сектор аудиті тақырыбында кәсіби кітап шығарғаны үшін авторлық сыйақы алды;
е) мемлекеттік мекеменің басқа бөлімінде жұмыс істейтін әріптесінен құнды зат алған
Анықтаңыз: Аудиторларға қатысты келтірілген қанша тұжырым Әдеп кодексін бұзылғандығын және Есеп комитетімен бекітілген Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын атаңыз?
Менің ойымша, осы ситауацияда А жағдайы дұрыс
А) осы жағдайда аудиттің құпиялылық қағидасына сүйенеміз.
құпиялылық – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында алынатын немесе өздері жасайтын құжаттарды үшінші тұлғаларға беру не онда қамтылған мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз сақтау жөніндегі міндеттемесі; Яғни, аудитор мемлекеттік құнды қағаздарды басқаларға жариялауға құқылы емес
Тапсырма. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы құқық қолдану тәжірибесін, мемлекеттік аудит стандарттарын және қаржылық бақылауды сақтау үшін мемлекеттік аудит және қаржы бақылау органдары өз қызметін үйлестіру мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесін құрады.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сүйене отырып, сондай-ақ Есеп комитетінің ресми сайтынан (үйлестіру кеңесі туралы ереже, үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспары және т.б.) материалдарды пайдалана отырып, үйлестіру кеңесімен атқарылатын қызметтердің орындалуын талдаңыз.
Үйлестіру кеңесінің 2021 жылдың жоспарына келетін болсақ:
- Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының 2020 жылғы қызметін бағалау
- Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына жүргізілген бақылаудың нәтижелері
- Тиімділік аудитін жүргізу рәсімдерін жетілдіру
- Республикалық және жергілікті бюджеттердің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021-2025 жылдарға арналған даму стратегиясын құру
- Есеп комитетінің құрылуының 25 жылдығын және тексеру комиссияларының құрылуының 10 жылдығын мерекелеу шеңберінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция жүргізу
- Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарыН құру
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) бейнеконференция режиміндегі VIII отырысының хаттамасы
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары:
Қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бағалау бағыттары, өлшемшарттары және көрсеткішетрі бойынша бағалау көрсеткіштерін жақсарту жөнінде шаралар қабылдасын;
2021 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде олардың қызметіне бағалау жүргізу барысында анықталып, көрсетілген кемшіліктер бойынша рәсімдік стандарттардың талаптарын, әдеп нормаларын және заңнама талаптарын сақтау бөлігінде жұмыскерлерге техникалық оқу өткізсін;
...