Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аудиторлық қызметтің жалпы принциптері мен жоспарлау

Автор:   •  Ноябрь 16, 2022  •  Реферат  •  811 Слов (4 Страниц)  •  336 Просмотры

Страница 1 из 4

Модуль 1. Аудиторлық қызметтің  жалпы принциптері мен жоспарлау

1.1- тақырып:  Аудиттің мәні, мақсаттары  және түрлері

Мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді тереңдету, нақтылау,теориялық және тәжірибе материалдарын жалпылау дағдыларын беру

Ситуация 1.  «Әділ» аудиторлық компаниясының аудиторлық қызметті жүргізуге лицензиясы №0000762, азаматтық-құқықтық жауаркершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты бар, Алматы қаласының аудиторлар Палатасының мүшесі болып табылады. Компанияда ХҚЕС бойынша сертификатталған 3 маман жұмыс істейді. Халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес 7 аудиттелген кәсіпорыны бар. Қаржылық ұйымдардағы аудит саласында тәжірибесі 1 жылды құрайды.

Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілеріне сүйене отырып мына сұраққа жауап беріңіз: бұл компания қаржылық ұйымдардың міндетті аудитін жүргізе ала ма? Жауабыңызды жазбаша негіздеңіз.

Тапсырма 1.  Ұсынылған және одан өзге әдебиет көздерін пайдалана отырып:

  1. аудиттің функцияларын ашып көрсетіңіз;
  2. аналитикалық кесте құрып сыртқы және ішкі аудиттің салыстырмалы сипаттамасын жасаңыз.

Есеп беру нысаны: Ситуациялық есептерді шығару, қысқаша шолу 

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының  20.11.1998 ж № 304-І  «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (өзгерістер және толықтыруларымен) - http://adilet.zan.kz
  2. Қазақстан Республикасының 12.11.2015 ж № 392-V ҚРЗ «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы - http://adilet.zan.kz
  3. Аудиттің халықаралық стандарттары -http://www.minfin.gov.kz
  4. Абленов Д.О. Аудит. – Оқулық. Алматы: Экономика, 2013
  5. Исақова С.А. Аудит теориясы: оқу құралы / С.А. Исақова, А.Б. Қалабаева.- Алматы: Эверо, 2014.
  6. Шарипов  А.Қ. Аудит: оқу құралы /-Алматы: Экономика, 2010
  7. Аренс А., Лоббек Дж. Аудит.Перевод с англ. – М.: Финансы истатистика, 2001
  8. Юдина, Г.А. Основы аудита [Электронный ресурс]: электронный учебный курс - М.: КНОРУС, 2008.- 1 электрон. опт. диск:  
  9. Аудит Монтгомери. Перевод с англ. – М.: Аудит, 1995
  10. Алибекова Б.А. Аудит I. Учеб.-мет.комплекс. – Астана: ЕНУ, 2008 г

1.2 - тақырып:  Аудиторлық қызмет және оны нормативтік – құқықтық реттеу

Мақсаты: тақырып бойынша алынған білімді тереңдету, нақтылау,теориялық және тәжірибе матриалдарын жалпылау дағдыларын беру

Ситуация 1.  Білікті аудитор куәлігі бар Арпабеков О. өзінің жеке аудиторлық фирмасын ашу шешімін қабылдады.

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметті реттеу бойынша нормативті-құқықтық актілерге сүйене отырып, құрылатын фирмаға қойылатын талаптар бойынша Арпабеков О. Консультация беріңіз.

Ситуация 2. «Техприбор» АҚ аудиторлық тексеріс жүргізілгеннен кейін және аудиторлық есеп құрылғаннан кейін «Арал» аудиторлық ұйымының басшысына аудиттелген ұйымның бас бухгалтері аудиторлар топ басшысының күйеу баласы екені мәлім болды.

Жағдайды бағалаңыз.

Ситуация 3. 20Х6 жылдың қаңтарында «Бейбітшілік» АҚ  «Арал» аудиторлық фирмасына келесідей қызметтерге келісім-шарт жасасуды ұсынды:

  1. 20Х5 жылдың екінші жарты жылдығына бухгалтерлік есепті қайта құру;
  2. 20Х5 жылға қаржылық есептілік құру;
  3. 20Х5 жылға салық есебін құру;
  4. Бизнесті бағалау;
  5. 20Х5 жылғы ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау;

«Арал» аудиторлық фирмасы бұл ұсынысты қабылдай ала ма?

Тапсырма 1.  Қазақстын Республикасында аудиторлық қызметті нормативті-құқықытық реттеу актілеріне сүйене отырып:

  1. Аудиторлыққа үміткерлер аттестациясының сызбасын құрыңыз.
  2. Аудиторлық ұйымдарды лицензиялаудың сызбасын құрыңыз.

Есеп беру нысаны: Ситуациялық есептерді шығару, сызба құру

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының  20.11.1998 ж № 304-І  «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (өзгерістер және толықтыруларымен) - http://adilet.zan.kz
  2. Қазақстан Республикасының 12.11.2015 ж № 392-V ҚРЗ «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы - http://adilet.zan.kz
  3. Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 Қаулысы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200001434#z10 
  4. «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі N 265 актісі, 26.02.2014 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен 
  5. «Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы N 115 Бұйрығы
  6. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 117 Бұйрығы

1.3 - тақырып:  Клиенттің ішкі бақылау және аудит жүйесі

Мақсаты: теориялық мәліметтерді нақтылау және айқындау, оларды нақты мысалмен бекіту, студенттерді  логикалық ойлау қабілетіне және теориялық әрі практикалық мәліметтерді жалпылауға дағдыландыру.  

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (106.9 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club