Тұздардың гидролизі
Автор: anel2001.05 • Апрель 3, 2019 • Реферат • 878 Слов (4 Страниц) • 3,450 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
ХИМИЯ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:ТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ
Орындаған:ТФП 1-010 топ студенті
Бейщанова Анель
Тексерген : Аширбекова Б.Б
Қарағанды 2019
ЖОСПАР:
- Гидролиз ұғымы
- Гидролиздену реакцисы
- Гидролиздің қоғамдық өмірдегі мәні
Кейбір тұздардың суда диссоциацияланғанда түзілгенгидраттанған катиондары немесе
аниондарының су молекуласымен сәйкесінше қышқылды немесе сілтілі орта түзе әрекеттесуі тұздардың гидролизі деп аталады.Гидролиз процесіне құрамында әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіздің иондары бар тұздар ғана түседі. Ал күшті қышқылдар мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздар (NaCl, KNO3, BaCl2 және т.б.) гидролизденбейді. Себебі, олардың гидраттанған иондары су молекуласымен әрекеттеспейді және нәтижесінде әлсіз
электролит түзілмейді.
Тұздардың табиғатына байланысты үш түрлі гидролиздену реакциясы болады:
1. Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CuCl 2, NH4Cl,
Al2(SO4)3 және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда гидролиз реакциясына, яғни тұзды ң
құрамындағы гидраттанған катион мен су молекуласы әрекеттеседі де, н әтижесінде
түзілген оксоний ионына байланысты ерітінді қыш қылды (рН < 7) болады. Мысалы AlCl3
тұзы суда ерігенде диссоциацияланып, иондарға толық ыдырайды:
Диссоциациялану теңдеуі:
AlCl3 → Al3+ + 3Cl-
HOH → H+ + OH
Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl-
Гидролиз реакциясының иондық теңдеуі:
Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl-
Гидролиз реакциясының молекулалық теңдеуі:
AlCl3 + H2O → Al(OH)Cl2 + HCl
Ерітіндіде Al3+ ионы су молекуласынан гидроксид-ионды OH - оңай қосып алып, өте нашар
диссоциацияланатын (Al(OH)3-ке қарағанда) Al(OH)2+ ионына ауысады. Мұның нәтижесінде
судың келесі молекуласы диссоциацияланады. Сонымен, ерітіндіде сутегі иондарының
көбеюіне әсер етеді.
Тұз ерітінділеріндегі индикатор бояулары:
алюминий хлориді AlCl3
натрий карбонаты Na2CO3
натрий хлориді NaCl
Алюминий хлоридінің гидролиз механизмі
H2O H+ + OH-
AlCl3 Al3+ + 3Cl-
Al3+ +3Cl- +HOH Al OH2- +H+ + 3Cl-
Алюминий хлоридінің гидролиз
сызбасы
AlCl3
Al(OH)3 HCl
әлсіз негіз күшті қышқыл
[OH]- < [H]+
ҚЫШҚЫЛДЫ ОРТА
2. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздардың
CH3COONa, Na2CO3, KCN, Na2SO3, KNO2 және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда
гидролиз реакциясына тұздың құрамындағы әлсіз қышқылдың қалдығы болып
саналатын гидраттанған анион түседі де, нәтижесінде ерітінді сілтілі (рН > 7)
болады.
Диссоциациялану теңдеуі:
Na2CO3 ⇄ 2Na+ + CO32-
H2O ⇄ H+ + OH-
2Na+ + CO32- + HOH ⇄ 2Na+ + HCO3- + OH-
Гидролиз реакциясының иондық теңдеуі:
2Na+ + CO32- + HOH ⇄ 2Na+ + HCO3- + OH-
Гидролиз реакциясының молекулалық теңдеуі:
Na2CO3 + H2O ⇄ NaOH + NaHCO3
Натрий карбонатының гидролиз
механизмі
H2O H+ + OH-
Na2CO3 2Na+ + CO32-
2Na+ +CO32- +HOH HCO3- +2Na+ +OH-
Натрий карбонатының гидролиз
сызбасы
Na2CO3
NaOH H2CO3
күшті негіз әлсіз қышқыл
[OH]- > [H]+
СІЛТІЛІ ОРТА
Натрий хлоридінің гидролиз механизмі
H2O H+ + OH-
NaСl Na+ + Cl-
Na+ +Cl- +HOH Cl- + Na+ + HOH
Бұл тұздың түрі гидролизға ұшырамайды.
...