Лекция по "Химии"
Автор: Goxa18 • Январь 31, 2021 • Лекция • 4,620 Слов (19 Страниц) • 525 Просмотры
1 ші аналитикалық топ
Бірінші аналитикалық топқа Li+, Na+, K+, NH4+ катиондары жатады. Бұл катиондар айқын металлдық қасиеттерге ие. Олардың иондарының аяқталған сегіз электрон қабықтары бар. Калий, натрий және аммоний тұздарының көпшілігі және олардың гидроксидтері суда жақсы ериді.Бірінші аналитикалық топтың катиондарының көптеген тұздары суда жақсы ериді. Топтың барлық үш катионын тұндыратын топтық реагенті жоқ.
Бірінші аналитикалық топ катиондары аяқталмаған 2 электронды және 8 электронды сыртқы электрондық қабаттан тұрады. Na+, K+ (s-элементтер) иондарының тұрақты тотығу дәрежесі бар, сондықтан тотығу-тотықсыздану реакциялары оларға тән емес.
Na+, K+, NH4+ иондары түссіз, олардың қосылыстарының түсі анионның (K2CrO4 – сары, KMnO4 – таңқурай түсті) бояуымен ғана анықталады.
Na+ және K+ катиондары үшін жалын түсінің өзгеру реакциялары тән (Na+ иондары жалын түсін сарыға, K+ - күлгін түске өзгертеді).
І аналитикалық топ катиондарының жекелік реакциялары
К+ катионының жекелік реакциялары
1.Шарап қышқылының натрий гидротұзы (NaHC4H4O6) немесе натрийдің гидротартратының әсері:
[pic 1]
Реакцияның жүру жағдайлары:
1. Бұл реагенттер ерітіндісінің рН–ы 5-7-ге тең болу керек;
2. К+ иондарыныңконцентрациясы жоғары болу керек.
3. Реакция толық жүруі үшін сынауықтың ішкі қабырғасын шыны таяқшамен үйкелеу қажет.
2.Натрий гексанитро-(ІІІ) кобальтаты (Na3[Co(NO2)6])-калий катиондарымен әрекеттескенде натрий-калийдің гексанитро-(ІІІ) кобальтаты комплексті тұзының сары түсті тұнбасы түзіледі.
[pic 2]
Реакцияның жүру жағдайлары:
- Ерітіндінің рН = 7 шамасында болуы керек, рН < 7 тұнба түзілмейді, рН>7 қоңыр тұнба түзіледі;
- Ерітіндіде CI-; Br-; I-иондары болмауы керек;
- Бұл реакцияның сезгішгігі жоғарыдағы реакцияға қарағанда басымырақ. Оның сезгіштігі Ag+ иондары қатысында артады;
- Натрийдің гексанитро-(ІІІ) кобальтаты (Na3[Co(NO2)6]) ыдырап, қоңыр түстен қызғылт түске ауысып кетеді:
[pic 3]
- Микрокристаллоскопиялық реакция: натрий-қорғасынының гексанитро-(ІІ) купраты-Na2Pb[Cu(NO2)6] калий катиондарының тұздарымен әрекеттесіп, қара куб тәрізді кристалдар-К2Pb[Cu(NO2)6] түзеді.
Na2Pb[Cu(NO2)6] + 2КCI→ К2Pb[Cu(NO2)6]↓+2NaCI
2K++Pb2++[Cu(NO2)6]4-→ К2Pb[Cu(NO2)6]↓
Реакцияның жүру жағдайлары:
- Реакция рН=6-7 шамасында жүргізіледі;
- Реакцияның жүруіне NH4+ катиондары кедергі жасайды, себебі К+ катиондары сияқты NH4+ катиондары да натрий-қорғасынының гексанитро-(ІІ) купраты Na2Pb[Cu(NO2)6] реактивімен қара түсті куб тәрізді кристалдар түзеді (сурет 35).
- Жалын түсінің боялуы: Платина немесе нихром сымдарыбөгде тұз қалдықтарынан жақсылап тазартылады. Ол үшін сымды тұз қышқылына батырып, спирт шамы жалынынында қыздыру керек. Жақсылап тазартылған сымның ұшын калий тұзына батырып от жалынында ұстайды. К+ катиондары жалын түсін ашық күлгін түске бояйды. Жалын түсі көк шыны арқылы немесе индиго ерітіндісі бар тегіс флакон арқылы жақсы көрінеді. От жалынның түсінің өзгеруін көру үшін калий хлориді тұзын (ұшқыш болғандықтан) алынады.
Na+ катионының жекелік реакциялары
1. Калийдің дигидроантимонатының (KH2SbO4) әсері:
...