Лекции по "Химии"
Автор: Nurzat Rametova • Ноябрь 2, 2023 • Курс лекций • 895 Слов (4 Страниц) • 141 Просмотры
1.Химия өнеркәсібінде судың қолданылуы. Өндірісте белгілі сапалы су қолданылады. Суды дайындау және тазарту оның белгілі талаптарға сай болуын қамтамасыз ету үшін қолднылады. Суды жұмсартады, қоспалардан тазартады, атп атйқанда артық темрі қосылыстарынан, минералдардан және т.б. Химиялық өнеркәсіпте су келесі бағыттарда қолданылады:
- жылыту және салқылдату жүйелерінде,
- бу қазандықтарында,
- мембраналық қокндырғыларда;
- заттарды ерітуде;
- жүйелерді жуып-шаюда;
- қатты заттарды тасымалдауда;
- абсорбциялау процестерінде;
-флотациялац процестерінде;
- экстракциялау және т.б. процестерде.
Көптеген ірі өндірістерде тәулігіне мыңдаған кубометр су қолданылады. Сонымен қатар, су химиялық өнімдердің құрамында да болуы мүмкін, мысалы, қышқылдар, сутегі, ацителен және т.б. өндірістерінде.
Бұл өндірістерде сапалы су қажет. Егер де суды алдын-ала дайындаудан өткізбеме жылуалмасу процестері қиындайды, қыздырушы элементтер күйіп кетуі мүмкін. Өз кезегңнде, бұд қондырғылардың тозуына, өнімділігінің төмендеуіне, жұмыс уақытының қысқаруына алып келеді. Қондырғыларды саңацлар мен жарықтар пайда болады, бетінде қақ түзіледі, барлық жүйенің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) төмендейді. Сондықтан, жоғары бағаысна қарамай химиялық өнеркәсіптерде судайындауға маңызды назар бөлінеді. Өнеркәсіптік су дайындау технологиялық процестердің жүруін жеңілдетеді және судың қажетті сапасын қамтамасыз етеді. Ол үщін түрлі дайындау және тазарту әдістері қолданылады.
- мөлдірлеу;
- сорбциялау;
- оттегімен байыту;
- ультрафильтрациялау;
- темірсіздендіру;
- электродеионизациялау;
- ультракүлгін саулелерімен өңдеу;
- натриймен катиондау;
- кері осмос және т.б.
Дайындалған және тазартылған суды қолдану алдында қондырғылардың бетін міндетті түрде коррозия ингибиторларымен өңдеу қажет, себебі олар таөартылған судың әсерінен тез істен шығуы мүскін. Ал сәйкесті өңдеу коррозия процесін баяулатады және қондырғыны жұмысшы шартта ұстауға мүмкіндік береді.
2. Су мен будың физика-химиялық қасиеттері. Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Таза су - түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Су қабатының қалыңдығы 5м-ден асқанда ол көгілдір түсті болып көрінеді. Су атмосфералық қысымда 100°С-де қайнайды, ал 0°С-де мұзға айналады. Мұздың тығыздығы 0,92 г/см3, сондықтан мұз судың бетінде қалқып жүреді. Температурасы 4°С болғанда судың тығыздығы 1г/см3 болады. Судың жылусыйымдылығы өте жоғары болғандықтан жыл маусымының жаз айларында су жылуды сіңіріп, өзеннің жағалауын салқындатып тұрады. Су жер бетінен тараған жылудың шамамен 60%-ын ұстап қалып, оны салқындаудан сақтап тұрады. Судың массалық құрамы: Н - 11,19 %, О - 88,81%. Судың молекулалық массасы 18,0153. Су – жер шарындағы ең көп тараған заттардың бірі болып саналады, агрегаттық күйі бойынша су үш түрде болады - бу, су және мұз күйінде. Су күшті еріткіш болып табылады.
Су буы түссіз, дәмсіз және иіссіз зат. Ол су молекулаларын буландыру нәтижесінде пайда болады. Будың жылусыйымдылығы, яғни конденсациялану жылуы, өте жоғары болғандықтан ол жылутасымалдағыш ретінде қолданылады.
3 Табиғи сулардың жалпы сипаттамасы. Су атмосферада, топырақта, көптеген минералдар мен тау кендерінің құрамында болады, ол тірі ағзалардың негізгі құраушысы болып табылады. Су қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың жақсы еріткіші болғандықтан
...