Лекции по "Биоорганикалық химия"
Автор: Bakdaulet Absamat • Январь 29, 2020 • Курс лекций • 2,355 Слов (10 Страниц) • 866 Просмотры
«Сырдария» университеті
«Жаратылыстану» факультеті
«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы
ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ (ТЕЗИСТЕРІ)
Модульдің коды, атауы: КР «Кәсіптік пәндер»
Пәннің коды, атауы: BKhTN «Бейорганиякалық химияның теориялық негіздері»
Жетісай, 201_
Құрастырған: х.ғ.к., доцент Ибраимов Ч
(оқытушының ғылыми дәрежесі мен атағы, аты-жөні)
Дәріс конспектілері (тезистері) кафедраның мәжілісінде талқыланған.
Хаттама №__ ___ _______ 201_жыл
Кафедра меңгерушісі, (х.ғ.к., доцент: ) _________ Қобланова О.Н
(қолы) (аты-жөні)
Лекция №1
КІРІСПЕ. ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН ЗАҢДАРЫ
Жоспар
1. Кіріспе
2. Химияның негізгі ұғымдары
3. Химияның негізгі заңдары
І. Кіріспе
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері пәні жалпы химияның бұкіл теорияларын қарастырады. Бұл пәнге оқу жоспар бойынша 4 кредит бөлінеді. 4 кредит деген – аптасына 2 сағат дәріс, 2 сағат зертханалық жұмыс, 2 сағат СӨЖОБ.
Сабақ барысында келесі әдебиеттер қажет
- Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. А: Ана-тілі, 1992ж.
- Аханбаев К. Жалпы және анорганикалық химия. А: Санат 1999ж.
- Пралиев С.Ж, Бутин Б.М. Жалпы химия. А: 1 том, 2003
- Стамкұлов Ө.С., Тұртабаев С.Қ. Жалпы және бейорганикалық химия Жаттығулары мен есептер жинағы. Шымкент, 1997
- Джолдасова Ш.А., Высоцкая Н.А. Химия пәнінің практикумы. Шымкент ОҚМУ, 2002ж
- Өтелбаев Б.Т. Химия І-ІІ том Шымкент 1998, 1999ж.
- Назарбекова С.П., Омарова Л.С., Бейсбекова Р.Д., Адырбекова Г.М. Химия. Есептер жинағы. Шымкент 2003. ОҚМУ
ІІ. Химияның негізгі ұғымдары
- Молекула дегеніміз – заттың химиялық қасиетінн сақтайтын ең кіші бөлшегі. Химиялық реакция жүрген кезде молекуланың құрамы өзгеріп кетеді.
- Атом дегеніміз – элементтің химиялық қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі. Химиялық реакция кезінде атом өзгеріске ұшырамайды, бір молекуланың құрамынан екінші молекулаға ауысады. Химиялық есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
- Элемент – бірдей оң зарядталған ядросы бар атомның түрі. Атом оң зарядталған ядродан және теріс зарядталған электроннан тұратын электрон бейтарап бөлшек.
- Жай заттар – молекуласы бір түрлі элемент атомынан тұрады.
- Күрделі заттар немесе химиялық қосылыс деп молекуласы бірнеше элемент атомынан тұратын заттарды айтамыз.
- Аллотрапия – бір элементтің бірнеше жай заттар түзуін айтамыз.
- Массаның атомдық бірлігі (м.а.б) көміртегі атомның (12С изотоптың) абсолюттік массасының 1/12 бөлігіне тең, 1,66 . 10-27 кг тең.
19,93 . 10-27 кг 1,66 . 10-27
12
Мұндағы 19,93 . 10-27 кг көміртегінің абсолюттік массасы. Егер атомды таразыға тартса оны абсолюттік масса дейді. Мысалы:
сутегі (Н) = 1,674 . 10-27 кг
оттегі (О) = 26,67 . 10-27 кг
көміртегі (С) = 19,93 . 10-27 кг
1961 жылы халықаралық келісім бойынша атомдық массаның өлшем бірлігі – массаның атомдық бірлігі (қысқаша м.а.б.) қабылданды.
- Салыстырмалы атомдық масса (атомның массасы) – элемент атомының массасының м.а.б. цеткасын айтамыз. Осы анықтамаға сүйеніп х элементі үшін былай есептейміз.
Ar (X) = m(x)ат
элементтің салыстырмалы атомдық массасы өлшемсіз сан
...