Гидролиз аппараты
Автор: aqnazim • Ноябрь 15, 2022 • Реферат • 1,714 Слов (7 Страниц) • 201 Просмотры
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
[pic 1][pic 2]
БӨЖ
Тақырыбы:гидролиз аппараты
Орындаған: Божабанбай А
Тобы: ЖБТ-111
Қабылдаған: Умиров Бауыржан
Түркістан, 2022
Жоспары:
- Гидролиз-аппараттары
- Гидролиз-аппараттарының сипаттамасы
- Мерзімді әрекетгі гидролиз-аппарат
Гидролиз-аппараттарының сипаттамасы
Бұл аппараттар әсіресе өсімдік және ауылшаруашылық шикізаттарын гидролиздеу үшін пайдаланылады.
Нәтижесінде алынған гидролизат мынадай қоспалардан тұрады:
-моносахаридтер, - декстриндер;
-құрамындағы қант терең ыдырауға түсетін өнімдер.
Өсімдік және ауылшаруашылық шикізаттарының гидролизаттары СҚО микробиологиялық синтездеу кезінде пайдаланылады.
Өндірістерде гидролиздеудің перколяционды әдісі қолданылады. Гидролиздеудің перколяционды әдісі гидролиздеу аппаратының өнімділігің өзгертуге мүмкіндік беретін, гидролиз температурасын жоғарылататын және қышқылдар шығынын азайтатын түрлері болады.
Перколяциялаудың келесі нұсқалары болуы мүмкін:
• тік перколяция - сұйық фаза жоғарыдан төменге қарай жылжижы; гидролизат төменнен алынады;
• тік-көлбеу перколяция - сұйық фаза алғашқыда жогарыдан төменге жылжиды да гидролизат төменнен аланады, ал гидролиздеу процесінің екінші жартысында - көлденең жазықтықтағы қатты фазаның барлық биіктігі бойынша және бар биіктігі бойынша сәулелік құбыр көмегімен алынады;
•комбинирленген перколяция -сұйық фазаның кейбір бөлігі жоғарыдан төменге, ал қалғаны көлденең ағын бойынша өтеді; сондықтан бір уақытта екі жерде сұйықты алу процесі орындалады: қатты фаза қабатының биіктігі бойынша төменнен және жанынан алады.
Аралас ағынды дұрыс қолдану, яғни гидролиздеу зауыттарының бірқатарында жүргізілетін тік-көлденең перколяция әдісі өнімділігі бойынша ең жақсы нәтиже береді және негізгі материалдар шығыны аз болады.
Өсімдік шикізатын гидролиздеудің принципиальды сұлбасы 8.5 - суретте көрсетілген. Принципиальды сұлба келесі операциялардан тұрады (4.10 сурет):
- мерзімді әрекетті гидролиздеу аппараттарында жүргізілетін гидролиз;
- гидролиздеуге күкірт қышқылы мен суды беру;
-буландырғыштарда алынған гидролизаттарды жекелеп салқындату (қосымша гидролиз).
Өсімдік шикізаты (үгінділермен араласқан ұсақталган жаңқа) гидролиздеу аппараттының 5 жоғарғы жағынан беріледі. Гидролиздеу аппаратының жоғарғы конусында арнайы штуцер бар, оның көмегімен араластырғыштан 3 үздіксіз түрде араласқан ыстық күкірт қышқылы келіп отырады. Ол су ысытқышта ысытылған ыстық сумен (180 - 190° С) және концентрацияланған күкір қышқылымен араластырылып алынады. Перколяциялау үшін берілген концентрацияға сәйкес қышқылды араластыру қыздырылған су ағыны және концентрацияланған күкірт қышқылы қатынасы арқылы араластырғышта реттеліп отырады.
Перколяциялау бастапғанга дейін гидролиз-аппаратының ішіндегілерді қыздыру үшін төменгі конустан өткір бу беріледі. Гидролиз-аппаратындағы ауаны шығару үшін жоғарғы конус штуцермен 4 жабдықталған. Гидролиз-аппаратының жоғарғы қақпағының астындағы кеніңстіктегі қысымды манометр көмегімен бақыланып отырады. Белгіленген темпетаураға дейін аппаратты қыздырғаннан кейін перколяция кезеңі басталады (бір уақытта қайнату қышқылын беру және гидролизатгы шығару жүргізіледі). Гидролиз-аппаратта 150-185°С температураға дейін қыздырылған гидролизат бір біріне тізбектей жалғанған буландырғыш 6, 7 және 8 (үш сатылы буландыру) жүйесіне салқындатуға беріледі. Буландырғыштың жүмысы бірінші буландырғышта қысым ең жоғары, ал ең соңғыда қысым атмосфералыққа жақын болатындай реттеліп отырады. Гидролизде буландырудың соңғы сатысында 100-105°С температурада инвенторға 16 түседі. Қосымша гидролизденгеннен кейін ашытқыштарды одан әрі өсіруге қажетті гидролиздер өңдеуге жіберіледі.
...