Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бактериялды токсиндер

Автор:   •  Август 11, 2021  •  Лекция  •  2,724 Слов (11 Страниц)  •  331 Просмотры

Страница 1 из 11

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министірлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

Технология және биоресурстар факультеті

       

        СӨЖ

Тақырыбы:Бактериялды токсиндер

Орындаған: Маскубаева Аружан

Тексерген: Амандық Тасмағамбет

Топ: ТПРП-212-К

                                           Алматы 2021 ж

Жоспар

Бактериялық токсиндер туралы түсінік1

Токсиндер классификациясы2

Эндотоксиндер және экзотоксин.............................................................................................................3

Микроағзалар клеткасында  және олардың тіршілік ететін ортасында күрделі биохимиялық өзгерістер болады. Мұнда бактериялар процестерді тездететін ерекше заттар – ферменттерді жасап шығарады. Кейде оларды энзимдер деп атайды. Бір сөзбен айтқанда, ферменттер – органикалық катализаторлар. Ферменттерді тұңғыш рет орыс ғалымы К.С. Кирхгофф 19 ,асырдың бас кезінде ашқан. Ферменттер химиялық активті күшти заттар. Ф-тер тек тірі клеткада ғана емес , сонымен бірге клеткадан тыс ортада да өз күшін жоймайды реакцияны тездетеді. Олар суда, спиртте және глицерин мен түрлі тұз араласқан ортада ериді. Сонымен қатар ферменттер белгілі бір жағдайда ғана әсер ете алады. Ферменттердің әсер етуі үшін қолайлы температура, клеткалар тіршілігі үшін қажетті температурадан, әлдеқайда жоғары болады. Мәселен, көптеген бактерияладың көбейіп, өсіп дамуы үшін қолайлы температура +25 - 30° болса, ферменттердің көпшілігі +45 - 50° градуста, ал кейбіреулері тіпті  +60° градуста жықсы әсер етеді. Температура +80 – 100 градусқа жеткенде ферменттердің әсері мүлдем жойылады.

Ферменттер тек тірі клеткаларда түзіледі және цитоплазмамен тығыз байланысты болады. Дегенмен оларды клеткадан бөліп алуға да мүмкіндік бар. Осындай қасиетіне сүйене отырып, ферменттерді эктоферменттер, яғни тірі клеткалардың сыртқы ортаға бөліп шығаратын ферменттері және эндоферменттер, яғни клетка ішінде әсер етеін ферменттер деп бөледі.Эктоферменттер көбінесе ортадағы күрделі органикалық заттарды құрылысы қарапайым заттарға дейін ыдыратады да тірі клеткаға тірі заттар даярлайды. Ал эндоферменттер қореқтену процесімен бірге, энегияны бөліп шығару реакциясына да активті қатысады.

Организмде кездесетін ферменттердің саны мыңға жуық. Олардың молекуласы негізінен белоктық заттардан құралған. 1961 жылы ферменттердің ғылыми негізде құралған жаңа классификациясы жасалды. Осы классификация бойынша барлық ферменттер 6 классқа бөлінеді:

Тотығу- тотықсыздану ферменттері;

Трансферазалар;

Гидролазалар;

Лиазалар:

Изомеразалар;

Лигазалар;

Гидролазалар ( гректің «гюдор» - су деген сөз) Ферменттердің бұл тобыны полисахарид, дисахарид, майлар және белоктарды ыдырататын түрлері жатады. Бұлардың кейбіреулерінен қазіргі кезде кристалл күйінде бөліп алады. Мұнда ферменттік реакция тек судың қатысуымен жүреді. Бұл топқа ең алдымен карбогидраза ферменттері жатады. Карбогидразаны көптеген микроағзалар бөліп шығарады. Олардың ішіндегі аса мыңыздылары мыналар:

Амилаза

Мальтаза

Сахараза

Целлюлаза

Целлобиаза

Пектиназа

Протеазалар

Протеиназа

Полипептидаза

Дезаминаза

 

Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді: S + E → S·E → EP → E + P Ферменттердің катализдік ерекшелігіне келесі қасиеттері жатқызылады: а) Фермент өздігінен жаңа реакция жүргізбейді. Ол тек термодинамикалық мүмкін реакцияны ғана жүргізеді. Реакция барысында активтендіру энергиясы төмендейді. 2-суретте көрсетілгендей, реакцияның үлкен кедергі энергиясын сатылап бөліп, төмендету және активтендіру энергиясын жоғарлату арқылы реакция жылдамдығын жоғарлатады. б) Фермент басталған реакцияның бағытын өз бетінше өзгерте алмайды. Ол бір ғана реакция өнімі түзілуі бағытында жұмыс істейді. Мысалы, глюкокиназа глюкозадан тек глюкоза-6-фосфат түзілуін жүргізеді. в) Фермент қатысатын реакция қайтымды болса, ол реакцияны екі бағытта да жүргізе алады. Мысалы, көмірсулардың гликолиздік ыдырауына қатысатын фосфогексо-изомераза, альдолаза, фосфоглицерат-киназа, фосфоглицератлидаза және т.б.

...

Скачать:   txt (44.7 Kb)   pdf (215 Kb)   docx (160.7 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club