Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақтөбе хром қослыстар

Автор:   •  Октябрь 17, 2019  •  Курсовая работа  •  13,243 Слов (53 Страниц)  •  493 Просмотры

Страница 1 из 53

` n                                                                                                                            

.

 КІРІСПЕ

Хром қосылыстары қолданылмайтын халық шаруашылығының саласын табу өте қиын. Нарықтық экономикаға ауысу кезеңінің және өндіріс қызметтерінің тұрақталуына байланысты көптеген өнеркәсіптер қазіргі уақытта толық қуатта жұмыс жасап жатыр. Осыған байланысты барлық өндіріс салаларында хром өніміне қажеттілік артты.

 Өндіріліп жатқан хромды қосылыстардың көп бөлігі экспортталып жатқанын атап өту керек.

Көптеген хром қосылыстарының ішінде өнеркәсіпте кең қолданысқа ие болатын натрий бихроматы   Na2Сr2О7(натрийлі хромпик), хром ангидриді Сr2O3, сонымен қатар хромның (ІІІ)  оксиді Сr2O3және хром сульфаты  СrSО3. Натрий бихроматы хром оксиді мен сульфаттарын, калий бихроматын алу үшін басты өнім болып табылады. Натрий бихроматы қанық оранж түсті, кристалды зат, ауада балқиды және оның гигроскопиялық қасиеті жоғары. Өнім тері және былғары өнеркәсібінде илегіш ерітіндіні дайындау үшін пайдаланылады. Металдық хромды балқыту үшін, машина және қондырғы құрылысында,   хром    пигменті   мен  катализатор     дайындағанда,     химиялық, парфюмерлік, фармацевтикалық, текстильді және басқа да өнеркәсіп салаларында қолданылады.Натрий бихроматы хромның үш және алты валентті көптеген қосылыстарын алуда бастапқы шикізат болып табылады. Натрий бихроматы сонымен қатар текстильді өнеркәсіпте, тері өндірісінде, химиялық өндіріс орындарындағы бейорганикалық пигменттер және катализаторлар өндірісінде кеңінен қолданыс табуда.

Машина және прибор құрылыс өндірісінде натрий бихроматы металдар коррозиясының алдын-алу немесе сақтау мақсатында қолданылады.

Сонымен қатар ауыр органикалық синтезде, парфюмериялық және фармацевтикалық өнеркәсіпте органикалық қосылыстарды тотықтыру үшін; мұнай, газ және басқа да өнеркәсіп салаларында антикоррозиялық ерітінділер, ингибиторлар алу мақсатында және ағаштарды, жасыл-желектердің бүлінуін болдырмас үшін сіңіргіш ретінде қолданылады. Тағы сол сияқты натрий бихроматы кинофото өнеркәсібінде, қағаз өнеркәсібінде, типографиялық жұмыста, пиротехникада және т.б. өнеркәсіп салаларында кең көлемде қолданыс табуда.

Қазақстанда хром рудаларына бай аймақ Ақтөбе облысыболып табылады.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Әдеби шолу

Хром қосылыстары өндірісі 200 жылдан бері белгілі. Ол хром элементі және негізгі хромды минерал –хромит ашылғаннан кейін бірден пайд болды. Хромитте хром тотығымен қатар темір, алюминий, магний және кремний оксидтері болады. Ерімейтін хром тотығын сілтілік қақатау арқылы еритін хроматқа айналдырады. Ол бір жұмыс процесінде хромды қоспалардан бөлуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта өнеркәсіпте шығарылатын хром қосылыстарының ассортименті келесідей: натрий бихроматы, калий бихроматы, хром ангидриді, хром оксидтері, натрий монохроматы және реактивті квалификациядағы аз тоннажды хромды препараттар.

1760жылдар шамасында орыс академигі И. Леман Оралдан қызғыш сары минерал крокоитті тапты. 1797ж француз химигі Луи Воклен одан жаңа элементті ашып, оны ашық түсіне байланысты хром деп атады. Крокоит қорғасын хроматы болып шықты [1].

1798ж Сібірде және Оралда хромит кен орындары табылды.

Ресейде хром қосылыстары өндірісінің алғашқы ұйымдастырушысы мәскеулік дәріханашы Гельм болды: 1811жылы ол Насоновтың фарфор зауытында ыдысты бояуға арналған хром тотығын дайыдай бастады, сосын Екатеринбургке көшіп, матаға сурет салу қажеттіліктері үшін калий хроматы және бихроматын өндіретін шағын өндірісті ұйымдастырды.

Хром қосылыстарын қолданатын салалар біртіндеп өсе бастады, сұраныстың көөбеюі оларды өндіру кһлемінің артуына және жетілдірілуіне әкелді.

1850жылы К. Я. Ушков сол замандағы ірі хромпик өндірісін Кокшанск зауытында ұйымдастырды. Бұл уақытта Еуропа мен АҚШ-тың кейбір елдерінде де хром қосылыстары өндіріле бастады.

1887жылы сол уақыт бойынша жақсы жабдықталған жылына 500т хромпик өндіретін Богословский хромпик зауыты салынды.

1904жылы салынған Воздвиженский зауытының да өнімділігі осы шамада болды. Бұл зауыттар бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Ресейдің хром тұздарына деген қажеттілігін қанағаттандырып келді. 1913жылы 2387т хромпик өндірілді [41].

...

Скачать:   txt (168.8 Kb)   pdf (2.7 Mb)   docx (3.5 Mb)  
Продолжить читать еще 52 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club