Өлшеуіш ток трансформаторы
Автор: a.murzakeshov • Март 3, 2023 • Лабораторная работа • 917 Слов (4 Страниц) • 348 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КОМЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
«ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
«Электр станциялары және электр энергетикалық жүйелері» кафедрасы
[pic 1]
№1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Электр станциялары және қосалқы станциялар пәні
Тақырыбы: Өлшеуіш ток трансформаторы
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған: Жаксылыков А.
Тобы: ЭЭк-19-5
Қабылдаған: Тойбазар Д.
_________ ________________ «___»_______________ 2021 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2021 ж.
№1 Зертханалық жұмыс Өлшеуіш ток трансформаторлары
Жұмыстың мақсаты: Ток трансформаторлары туралы негізгі мағлұматтарды, құралымын, түрлерін білу және техникалық қажетке жарату ережелеріне сәйкес сынақты өткізу.
1.1 Ток трансформаторлары туралы жалпы сипаттама
Ток трансформаторлары кернеуі 1000 В дейін және жоғары қондырғыларда қолданылады. Олар өлшеуіш трансформаторларға жатады және олар өлшеу аспаптарының шегін кеңейту үшін, ал жоғары кернеулі тізбектерде реле және өлшеу аспаптарын жоғары кернеуден оқшаулау үшін арналған.Ток трансформаторларының көмегімен реле және өлшеу аспаптары жоғары кернеуден оқшаулағанынан басқа, сонымен бірге басқару қалқанына орналастырылып жағары кернеуден қашықтау мүмкін болада. Ток трансформаторы бірінші реттік орамындағы номинал токты екінші реттік орамында 5 А немесе 1 А-ге дейін төмендетеді. Ток трансформаторы жұқа электртехникалық болат табақтарынан жиналған тұйықталған өзек темірден, бірінші және екінші реттік орамнан құрылған. Бірінші реттік орам желіге тізбектей қосылады, ал екінші реттік орамға әр түрлі аспаптардың және реленің ток катушкалары қосылады. Ток трансформаторының құрылғысы және амперметрге қосылу сұбалары 1.1 суретінде көрсетілген, 3 магнит өткізгішіндегі магнит тасқыны 1 бірінші және 2 екінші реттік орамдардағы ток арқылы пайда болады. Ток трансформаторында магниттейтін куштерді қарастырғанда, олардың фаза бойынша ығысуын ескерту керек. Ток пен бірінші және екінші реттік манниттейтін куштер арасындағы фаза бойынша ығысуды векторлық диаграммадан байқай аламыз (өз бетімен қарастыру керек). Демек, ток трансформаторында ток өлшеу қателігінен басқа бұрыштық қателік бар. Бірінші реттік орам векторы I мен екінші реттік орам векторы 2 I арасындағы бұрыш жылжуының қатынасын бұүрыштық қателік дейміз. Екінші реттік орам жүктемесі өскен сайын бұрыштық қателік өседі. Реле қорғанысының күрделі жүйелерінде бұрыштық қателіктің әсері ескертіледі. Ток өлшеудегі қателік ток трансформаторын қолданудың бүкіл жағдайда ескертілу керек.
[pic 2]
а – құрылғысы, б,в – ток трансформаторы арқылы бақылау тізбекке амперметрдің тура қосылу сұлбасы
U,В | I1,А | I2,А | Авт-р |
0,79 | 0,0619 | 0,0622 | 0 |
3,07 | 0,25 | 0,29 | 25 |
7,2 | 0,6 | 0,67 | 50 |
А2 ток трансформаторының жүктемесін есептейміз: [pic 3]
[pic 4]
[pic 5]
[pic 6]
А2 ток трансформаторы қателігін есептеу: [pic 7]
[pic 8]
[pic 9]
[pic 10]
Ток трансформаторы номиналды трансформация коэффициентімен сипатталады, ол бірінші реттік орамдағы номинал токтың екінші реттік орамдағы номинал тоғының қатынасына тең, немесе орамдар санының орамдар санының қатынасына тең:
...