Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электроснабжение и электрооборудование участка кузнечно-прессового цеха

Автор:   •  Март 16, 2018  •  Реферат  •  9,888 Слов (40 Страниц)  •  1,159 Просмотры

Страница 1 из 40

Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.

Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.

Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болатыны.

Электр энергиясының негізгі өндірушілері:

I. Жылу электрстанциялары (ЖЭС):

Конденсациялық электрлік станциялары (КЭС);

Жылумен жабдықтау электрлік станциялары (ЖЖЭС);

Атомдық электрлік станциялары (АЭС).

II. Су электрлік станциялары (СЭС):

су жинаушы электрлік станциялары (СЖЭС).

Аталған электрлі станциялардың ішінде кең қолданылатын ТЭЦ-80%, ГЭС-16%, АЭС-4%.

Генераторлар мен электр энергиясының тұтынушылары анықталған стандартты кернеуге (ГОСТ 721- 04 ) шығарылған,сондықтан электр энергиясын бергенде, таратқанда оны бірнеше рет түрлендіреді.

 Айнымалы түрлендіргіштер ретінде күштік трансформаторлар қолданылады.Электрлі құрылғылар, айнымалы токты қабылдайтын,бір жиілікте,бір кернеу шамасын басқа шамаға түрлендіру және ол энергияны тарату үшін арналған құрылым трансформаторлы қосалқы станция деп аталады.

 Трансформаторлы қосалқы станциялар құрылған жерлеріне байланысты аудандық жәнежергілікті түрлерге  бөлінеді.Түрлендірілген кернеу бойынша жоғарылату және төмендету түрлерге бөлінеді.Фазалар бойынша бір фазалы,үш фазалы (ТМД бойынша),т.б.

Аудандық қосалқы станциялар үлкен аудандарды - қалалық,өнеркәсіптік,электрлендірілген темір жол тұтынушыларды электрмен жабдықтайды.

Жергілікті қосалқы станциялар көлемі үлкен емес қалаларды, ауылшаруашылықтарды, темір жол станцияларды, тораптарды электрлі энергиямен жабдықтайды.

       Электр  энергияның  тұтынушылары беріктігі бойынша (сенімділігі бойынша) үш категорияға бөлінеді:

    * I-категория – ең  жауапты  тұтынушылар,оларды үздіксіз электрлі энергиямен қамтамасыз  ету керек. Олар екі  және одан көп қоректендіру көзінен жабдықталынады, резерв  қоректендіру көзі жұмысқа автоматты түрде қосылады, мысалы, стратегиялық объектілер.

    * II-категория – жауапты тұтынушылар,оларды  қысқаша уақытқа қоректендіру көзінен  ажыратуға  болады.

    * III-категория – барлық қалған  тұтынушылар, оларды  тәулік бойы апаттық жағдайда қоректендіру  көзінен ажыратуға  болады.

 Тұтынушылардың түріне  байланысты сыртқы электрмен жабдықтау  желісі және бастапқы  коммутация қондырғылары таңдалады.

    Сондай-ақ қосалқы станцияларда әр түрлі аппараттар қолданылады.Тағайындалуы бойынша аппараттар бөлінеді:

   I)Коммутациялық аппараттар, оларды төмен және жоғары кернеулі тізбектерді қосу және ажырату үшін қолданылады.Төмен кернеулі тізбектерде -  рубильниктер,ауыстырып-қосқыш,

контактрлар,магнитті қосқыш,әуе ажыратқыш.

 Жоғары кернеулі тарату құрылғыларда: әуе ажыратқыштар және тұрақты токты шапшаң әрекеттесетін  автоматты ажыратқыш, қысқа тұйықталғыштар және бөлгіштер,айырғыштар.

 II)Қорғау аппараттары: балқығыш сақтандырғыштар және разрядтауыштар.

 III) Қысқа  тұйықталу токтарға кедергі жасау аппараттары-қосымша резисторлар,реакторлар.

 IV)Өлшеу аппараттары және аспаптары ток және кернеу трансформаторлары;электрлі параметрлерді өлшеу аспаптары (A,V,W т.б.)

 V)Қорғау,басқару,автоматика және электрлі жүйенің ПӘК

...

Скачать:   txt (97.2 Kb)   pdf (773.2 Kb)   docx (880.9 Kb)  
Продолжить читать еще 39 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club