Магниттік дауыл
Автор: Dariusha01 • Май 11, 2022 • Реферат • 1,098 Слов (5 Страниц) • 366 Просмотры
Магниттік дауыл — Жердің магнит өрісінің күшті ұйтқуы. Магниттік дауыл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады әрі ол жер бетінің барлық нүктесінде бір мезгілде өтеді; өте үлкен қарқындылығы (5,10–2 Э-ке дейін) жоғары ендіктерде байқалады. Магниттік дауыл кезінде геомагниттік өріс кернеулігінің өзгерісі орта ендіктерде 0,1-ден 1А/м (1,10–3 — 1,10–2 Э) аралығында тербеледі. Магниттік дауыл Күннің активті аймағынан бөлінген плазма ағыны (Күн желі) салдарынан пайда болады. Сондықтан ол күн активтілігінің 11 жылдық цикліндегі максимумы маңында жиі байқалады. Энергиясы орасан зор бөлшектердің жер атмосферасының жоғары қабатына енуі және олардың жер магнитосферасымен әсерлесуі нәтижесінде ондағы элетр токтардың күшеюіне және өндірілуіне (генерациялануына) әкеледі. Магниттік дауыл кезінде одан гөрі күрделірек геофизика процесс — магнитосфералық дауыл байқалады. Ол жер атмосферасының жоғары қабатындағы полярлық шұғыламен, ионосфералық ұйтқумен, рентген сәулесімен, т.б. қабаттаса жүреді. Магниттік дауыл салдарынан радиотолқындарды шағылыстыратын және жұтатын ионосфера қабатының параметрлері айтарлықтай өзгереді. Оның барысында қысқа толқынды радиобайланыс едәуір қиындайды. Магниттік ұйытқу кезінде Жер атмосферасының жоғарғы қабаты қызады да, жылу төменгі — тропосфера қабатына беріледі. Нәтижесінде тропосферада әр түрлі циркуляция қозғалыстар мен циклондар пайда болады.
Магниттік дауыл жерге қандай әсерін тигізеді? ХХ ғасырдың 30 жылдарының өзінен бастап Ниццада Франция адамдардың миокард жүрек талмасы және инсульт соғу жиі болатыны,жергілікті телефон станцисының жұмыс орнында желінің қамту аймағы түгелімен жоғалатын кездері байқала бастаған.Соңында, бұл телефон ауытқулары магниттік дауыл әсерінен болатыны орнықтырылған. Бұл негіздерге сене келе. адамдар жүрек талмасы мен инсульт осы магниттік дауылға байланысты болады деп шешті.
Қызу талқылаулар бола келе,күн әсерінің траснпорттарда, қозғалыстарда келеңсіз жағдайлар мен травматизмге әкелетіні туралы сұрақтар туындады.Бұл туралы 1928 жылы бірінші атап көрсеткен А.Л.Чижевский,ал ХХ ғасырдың 50 жылдары неміс ғалымдары Р.Рейтер және К.Вернер анализдер жасай отырып, олар 100мыңдаған афтокатастрофалардың күн жарқылы болған соң, 2 күннен кейін жиілейтінін анықтаған.Кейін Томск қаласынан шыққан ресейлік дәрігер В.П.Десятое күн жарқылынан 2 күн өткеннен кейін өз-өзіне қол жұмсау фактілері(суицид) 2 есеге көбейетінін атап көрсеткен. Ал бұл магниттік дауыл соғатын кезге дәлме дәл келеді.
Магниттік дауылдың техникалық жүйелерге кері әсерін тигізетіні туралы да айтарлықтай дәлелдемелер бар,әсіресе ауқымды электрөткізгіш жүйелерге деген әсері.Жақсы танылған,магниттік дауыл салдарынан болған жағдай,1989 жылы 13 наурызда басты трансформатор Квебекс гидроузласында орын алған үлкен ақау болып табылады.Оның нәтижесінде 6 млннан астам канадалық және американдық тұрғындар 9 сағат бойы электр қуатынсыз қалған.
Электронды жүйелердің ауытқуларынан магниттік дауыл кезінде спутниктердің жоғалып кетуі ,үйреншікті әрі жиі болатын жағдайлар болып кетті.Бірнеше қатты жарқылдардан кейін урагандар мен тайфундар,жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы орын ала бастады.Магниттік дауылдан кейін әдетте полярлық шұғыла болады,олар қозғалған күн бөлшектерімен магнитосфераның оттегі атомы мен азот молекуласының жарқылдауынан пайда болады.
1.Магниттік дауыл және ғаламзат.
Геомагнитік дауыл космостық құбылыстағы адам әрекеттеріне,өміріне әсерін тигізетін ең маңызды элемент болып табылады.Оның әсерінен энергеткалық жүйелер бұзылып тіпті,космостық апараттарда істен шығады.Және телефон байланыстарының бұзылуы да осы магниттік дауыл ықпалынан болатыны белгілі болды.
Бірнеше ғасырлар бойы адамзат тарихында магниттік дауылдарды адам іш құрылысындағы
...