Лекция по "Физике"
Автор: Бекасыл Мырзакул • Февраль 28, 2021 • Лекция • 683 Слов (3 Страниц) • 334 Просмотры
1.Физика- материя қозғалысының ең қарапайым формалары туралы және оларға сай келетін жалпы табиғат заңдары туралы ғылым.
2. Халықаралық бірліктер жүйесі (СИ) (System International - SI).
3.Метр (м)- вакуумда 1/299792458 с уақытта жарықтың өтетін жолының ұзындығы.
4.Секунд (с) –цезий-13.3 атомның негізгі күйінің аса жіңішке екі деңгейі арасындағы өтуге сәйекес келетін 9192631770 сәуленену периодына тең уақыт.
5.Кельвин (К)- судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273.16 бөлігі.
6.Моль- С көміртегі изотобының 12 г- да неше атом болса, сонша құрылымдық элементі бар жүйесінің зат мөлшері.
7.Радиан- шеңбердің екі радиусы арасындағы бұрыш, олардың арасындағыы доғаның ұзындығы радиусына тең.
8.Механика- физиканың бөлімі, ол механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және сол қозғалысты жасайтын немесе өзгертетін себептерді зеріттейді.
9.Орын аустыру векторы [pic 1]- қозғалатын нүктенің бастапқы орнынан қарастырылатын уақыт кезеңіндегі орнына жүргізілген вектор (нүктенің қарастырылған уақыт аралығындағы радиус-векторының өсімшесі).
[pic 2].
10.Жылдамдық- векторлық шама, ол берілген уақыт кезеңіндегі қозғалыстың шапшаңдығын және оныңбағытын анықтайды.
[pic 3]
12.Үдеу - жылдамдықтың модулі және бағыты бойынша өзгеріс шапшаңдығын сипаттайтын векторлық шама.
[pic 4]
13.Бұрыштық орын ауыстыру [pic 5]- модулі бұрылу бұрышына тең, ал бағыты оң бұранданың ілгерілемелі қозғалысының бағытымен сәйкес келетін векторлық шама
[pic 6]
14. Күш – денеге басқа денелер немесе өрістер тарапынан механикалық әсерінің өлшемі болып табылатын векторлық шама, оның нәтижесінде дене үдеу алады немесе формасы мен өлшемдерін өзгертеді.
...