Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекция по "Физике"

Автор:   •  Май 11, 2020  •  Лекция  •  826 Слов (4 Страниц)  •  471 Просмотры

Страница 1 из 4

Практикада Электрокардиографияда жүректің потенциал айырымы аяқ қолдарға және кеудеге электродтарды қойып, 12 бекітпелер жүйесі бойынша тіркеледі.

[pic 1]

Әрбір бекітпенің нақты шамасы мен бағыты болады, электрод жазуды кернеуді қосу немесе алумен сипатталатын.

Биполярлы бекітпелер:

I бекітпе - LA  (сол қол) және RA (оң қол)(LA-RA) электродтар арасындағы кернеудің айырымы, LA-ға нөл градусқа бағытталған.

II бекітпе – LL(сол аяқ) және RА(оң қол) (LL - RA) электродтар арасындағы кернеудің айырымы, LL +60 градусқа бағытталған.

III – бекітпе - LL (сол аяқ) және LA (сол қол) (LL - LA) электродтар арасындағы кернеудің айырымы LL +120 градусқа бағытталған.

Күшейтілген униполярлы бекітпе.

Бекітпе AVL - LA (-30 градус) электродқа бағытталған, LA(сол қол+)-(біріккен электрод RA+LL(-))/2 деп сипатталады.

Бекітпе aVF - LL электродқа (сол аяқ) (+90 градус) бағытталған, LL-(LA+RA)/2 деп айтылады.

Бекітпе аVR - RA электродқа (-150 градусов)бағытталған, RA-(LA+LL)/2 деп айтылады.

Электродтарды аяқ-қолдардан кездейсоқ дұрыс орнатпау ЭКГ-дағы ауытқулардың жиі себебі болып табылады және эктопиялық жүрекше ырғағы, жүрек камераларының дилатациясы немесе миокард ишемиясы сияқты әртүрлі патологияны симуляциялау мүмкін.

Аяқ-қолдарға қойылатын электродтар алмасу (LA / RA)

LA және RA жоғарғы қолдарға қойылатын электродтарды ауыстырғанда, Эйнтховен үшбұрышы aVF бекітпесімен қалыптасқан осьтің айналасында 180 градусқа бұрылады.

Қалыпты жағдайда I бекітпедегі QRS комплексінің векторы  0 градус бағытында болады және шамамен V6 бекітпесіндегі (ол да солға бағытталған) QRS векторымен сәйкес келеді.

[pic 2]

Бұл келесі эффекттерді тудырады:

* I бекітпе төңкерілген болады

* I бекітпедегіді QRS комплексінің векторы v6 бекітпесімен сәйкес келмейді.

* ІІ және ІІІ бекітпелер орындармен өзгереді

* АVL және аVR бекітпелері орындармен өзгереді

* AVR бекітпесіндегі PQRST комплексі әдетте оң болады.

* АVF бекітпесі өзгермейді.

[pic 3]

[pic 4]

LA / RA орнының ауысқанын қалай тез байқауға болады:

  • I бекітпедегі ЭКГ элементтері толығымен аударылған (р тісшесі, QRS комплексі, Т тісшесі).
  • АVR бекітпесіндегі Р тісшенің оң болуы.
  • Осьтің оң жаққа ауытқуы белгіленуі мүмкін.

Сол қол – сол аяқ электродтарының алмасуы (LA/LL).

  • Электродтардың аяқ-қолдары бойынша  дислокациясы, яғни  орын алмасуы диагностикасында ең қиын болып табылады, әсіресе бастапқы ЭКГ жоқ болғанда. Тіпті алдыңғы ЭКГ-мен салыстырудың өзі дислокация туралы бірден ойлануға мәжбүрлемейді, өйткені көріністер біріншіден  мүмкін немесе ишемиямен байланысты сипат алады. 
  • LA (сол қол) және LL (сол аяқ) электродтарының алмасуы кезінде Эйнтховен үшбұрышы aVR бекітпесімен қалыптасқан осьтің айналасында 180 градусқа бұрылады.

[pic 5]

Ол келесі эффекттердің туындауына алып келеді:

  • III бекітпе төңкерілген.
  • I және II бекітпелер орындарымен ауысқан.
  • аVL және аVF бекітпелері орындарымен ауысқан.
  • аVR бекітпесі өзгермей қалады.

Бүйірлік бекітпелер (I, aVL) төмен, ал төменгі бекітпелер (II, aVF) бүйірлік болады.

[pic 6]

[pic 7]

LA/LL орнының ауысқанын қалай тез байқауға болады:
III бекітпе толық төңкерілген (Р тісшесі, QRS комплексі, Т тісшесі).
I  бекітпеде Р тісшесі күрт жоғарлаған, II бекітпеге қарағанда (қалыптыда керсінше).

Оң қол - оң аяқ электродтарының алмасуы (RA/RL(N)).

RA (оң қол) және RL (оң аяқ) элетродтары алмасып кеткен жағдайда, Эйнтховен ұшбұрышы мүлдем ауытқып, "тілімге" ұқсас болады. RА және LL электродтары енді практика жүзінде бірдей кернеуді тіркейді, (II бекітпе  нөлге тең болады). аVL бекітпесі шамамен III  бекітпеге қарама-қарсы "тілім" негізіне бағытталған.

Бейтарап электродтың алмасуы аVR және аVF бекітпелері матиматикалық тұрғыда және көрінісі де бірдей болады.

[pic 8]

Бұл келесі эффектілерді тудырады:

...

Скачать:   txt (12.3 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club