Лекции по "Физике"
Автор: miko362 • Декабрь 7, 2018 • Курс лекций • 3,775 Слов (16 Страниц) • 684 Просмотры
1 Түсіндірме жазба
«Физиканы оқыту әдістемесі және мектептегі тәжірибелер техникасы» пәні бойынша осы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ҚР МЖМБС 04.05.160-2010) сәйкес 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығының 011107 3 «Физика мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.
Пәннің міндеті – жалпы физика курсы мен теорилық физика, бағдарламалау және математикалық модельдеу, педагогика, психология пәндерінен алған білім, білік және дағдыларына, логикалық операциялар көмегімен физикалық ұғымдар, заңдар, қасиеттері, фактілері, әдіс-тәсілдерін оқыту.
«Физиканы оқыту әдістемесі және мектептегі тәжірибелер техникасы» пәнінің негізгі міндеттері:
- Мектептегі физика курсының ғылыми және психологиялық-педагогикалық негізгі құрылымы мен мазмұнын зерттеу;
- Негізгі мектепте физиканы оқыту әдістемесінің принциптері, әдістері мен оқыту құралдарын зерттеу;
- Пән бойынша оқыту қызметін жоспарлау, оқу материалын ғылыми – әдістемелік талдау, материалдың ерекшеліктерін есепке ала отырып әдіс-тәсілдерді таңдау біліктерін қалыптастыру;
- Мектептегі физикалық тәжірибелердің қойылымы мен есептерді шешу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
«Физиканы оқыту әдістемесі және мектептегі тәжірибелер техникасы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: лекция, семинар, тәжірибелік сабақтар және басқалар.
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: әңгіме, пікірсайыс, дөңгелек стол, іскерлік ойын, жағдайлық мәселелерді шешу.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады. Бөлімдерді оқытуға арналған сағаттар саны тақырып мазмұнының минимумын сақтау кезінде өзгертілуі мүмкін.
Үлгілік оқу бағдарламасы физика, математика, педагогика, психология пәндері бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді.
Пәнді келесі механика, оптика, электр және магнетизматомдық физика, педагогика, психология, математика, жаңа педагогикалық технологиялар пәндермен байланыстырып ұсынылады.
«Физиканы оқыту әдістемесі және мектептегі тәжірибелер техникасы» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы білім ұйымының жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:
- Үлгілік оқу жоспарында цикл пәндерін зерделеуге бөлінген оқу уақыты көлемін 15-25% шамасында өзгеруге құқылы (ҚР МЖМБС 4.05-2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік білім. Негізгі ережелер»);
- Бөлімдер мен тақырыптарға жалпы сағат санын бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);
- Бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;
- Жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.
Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі жергілікті шарттарды және жұмыс берушілердің талаптарын ескеретін аймақтық компоненттерді енгізу арқылы тереңдетілген және / немесе кеңейтілген жағына өзгеруі мүмкін.
- Пәнді оқытуда жаспарланатын нәтижелер
Стандартта және білім беру бағдарламаларында жоспарланған құзыреттер | Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер |
Білім алушылар төмендегідей құзіреттерді меңгеруі қажет Базалық БҚ 3. Әртүрлі жағдайдағы мәселелерді анықтай, жауапты шешімдер қабылдай, өз шешімінің салдарын бағалай білу. | Пәнді оқыту нәтижесіндебілім алушылар біледі: -жұмыстардың тиімділігін анықтаудың жалпы және жекелеген шарттарын; -білім алушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас жасау жолдарын; Меңгереді: -өзбетіндік жұмыстардың рөлін, түрлерін, ұйымдастыру жолдарын; -мәселелерді анықтай, жауапты шешімдер қабылдай, өз шешімін бағалауды; Дағдысын қалыптастырады: -жаңа педагогикалық технологиялар бойынша сабақтарды жоспарлаудың, өткізудің әдістемесі; Құзіретті: -оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға, ұйымдастыруға, талдауға, бағалауға |
БҚ5. Логикалық операцияларды қолдану арқылы ақпараттарды өңдей білу | біледі: -физиканы оқыту әдістемесі пәнінде білім алушылардың танымдық қабілетін қалыптастыруға, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға үйретуді; - ақпаратты дәлелдеуді, бағалауды түсіндірулер келтіруді; -берілген ақпаратты тапсырмамаен сәйкес қорытындылауды немесе нақтылауды; меңгереді: -логикалық операцияларды қолдау арқылы ақпараттарды өңдеуді; дағдысын қалыптастырады: -ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың компьютерлік әдістерін қолдануды; - құзіретті: -өмірдегі түрлі жағдайлардан шешім қабылдай білуден; -логикалық операцияларды пайдаланып белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын жоспарлап, талдаудан; |
БҚ10. Ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың компьютерлік әдістерін, интернеттен ақпараттарды іздеу әдістерін, электронды поштаны, АКТ меңгеру | біледі: - ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың компьютерлік әдістерін; -интернеттен ақпараттарды алу әдістері мен мекен-жайларын; -білім алушылардың білімін тексеру бағытында компбютерде өз бетіндік жұмыстарды әзірлеу мен автоматтандырылған тестілерді құрастыру; меңгереді: -электрондыоқулықтар мен көрнекі құралдарды әзірлеуді; -ақпараттық ортаға дайындығын бағалауды; дағдысын қалыптастырады: -қәзіргі ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен өз бетімен ақпараттарды іздеу, талдау, іріктеу, сақтау арқылы; құзіретті: -өз бетімен мақсатты жоспарлауға, дәлелдеуге және іске асыруға; |
Кәсіби КҚ2. Мақсат пен міндеттерді анықтай, білім алушылардың іс-әрекетін жобалай, ұйымдастырушылық дағдыларын дамыта білу. | біледі: -физика әдістемесі пәнінің мақсат пен міндеттерін, негізгі бағыттарын; -сабақтың жоспар-конспектісін жасау талаптарын; -өзбетіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін; -білім алушылардың іс-әрекетін жобалай, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуды; меңгереді: -жасерекшеліктеріне сай білім алушылардың шығармашылық іс-әрекетін жобалауды; дағдысын қалыптастырады: -ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыру; -білім алушылардың танымдық қабілетін қалыптастыруға, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға үйрету; құзіретті: -физика пәні мұғаліміне қажетті мақсат пен міндеттерді анықтаудан. |
КҚ3. Өзін-өзі бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру. | біледі: -өзін-өзі бақылаудың тиімді әдіс-тәсілдерін; -бақылаудың түрлерін жоспарлауды; меңгереді: -жүйелі түрде өзін-өзі бақылаудың ұйымдастыруды; -оқу жылының соңында білім алушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарды, бағалау нормаларын талдау, қабылдауды; дағдысын қалыптастырады: -өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлармен салыстыра білу; -өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау; құзіретті: -өз пәні бойынша ақпаратты, талдаудан, жүйелеуден. |
КҚ5. Сабақты жобалау және құрастыру, педагогикалық мақсатқа жету үшін алған білімін саралауға, талдап және жинақтауға қабілетті ойлауды дамыту тәсілдерін меңгеру. | біледі: -сабақтың құрылысы мен түрін; -сабаққа қойылатын талаптарды; -сабақты ұйымдастыру нысандарын; -ғылыми-педагогикалық жаңалықтар мен физика әдістемесінен озық тәжірибенің жетістіктерін; меңгереді: -физика сабағын ұйымдастыруды; -құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастыруды; дағдысын қалыптастырады: -күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастыру; -сабақ, сыныптан тыс сабақ жоспарын құрастыру; -оқыту мазмұны мен оның құрылысын анықтау;; құзіретті: -қазіргі ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы сабақтың тиімді түрін, әдісін, пәнаралығын байланысты, педагогикалық технологиларды таңдаудан |
КҚ7. Оқу-бағдарламалық құжаттарын жасақтау негіздерін меңгеру, мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын талдай білу. | біледі: -физика мұғалімінің кәсіби мамандығының маңыздылығын; -физика пәнінің даму кезеңдері мен негізгі фактілерін; -қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды; -білім стандарты мен оқу бағдарламасын талдауды; -бағдарламаға сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастыруды; меңгереді: -есептеу техникаларының мүмкіндіктерін есептерді шешу үшін қолдануды; -ғылыми-педагогикалық жаңалықтар мен озық тәжірибенің жетістіктерін оқу үрдісіне енгізудің технологиясы мен әдістемесін; дағдысын қалыптастырады: -білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу; -сабақ жоспарын құрастыру; -қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін, озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктерін сынып сағаттарында қолдану; құзіретті: -оқу қызметін тиімді жоспарлаудан; -білім алушылардың танымдық қызығушылығын тудырып, ғылыми көзқарасын қалыптастырудан. |
арнайы АҚ1. Арнайы-кәсіптік білімді, негізгі мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқыту нысандары мен құралдарын, қазіргі заманғы әдістерді, тәсілдерді,оқу-әдістемелік кешенді қолдана білу. | біледі: -пән бойынша оқыту нысандары ме құралдарын, қазіргі заманғы әдістер мен тәсілдерді, оқу-әдістемелік кешенді; меңгереді: -тест, бақылау және өзіндік жұмыстар, физикалық диктант, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар құрастыруды; -физика сабағын, сыныптан тыс сабақ жоспарын құрастырып, өткізуді; дағдысын қалыптастырады: -дидактикалық материалдар мен ойындар, қызықты есептерді тиімді қолданудан; құзіретті: -білім стандарты мен оқу бағдарламасын, оқулықтарды талдаудан. |
АҚ2. Негізгі ұғымдар мен терминдерді, әртүрлі обьектілер мен нақты құбылыстар мен байланыстарды ашатын ғылым заңдарын білу. | біледі: -физиканы оқытудың мақсат-міндеттері мен мазмұнын; -физиканың оқу-әдістемелік кешенді; -физика сабағының мақсат – міндеттерін, қолданатын әдіс – тәсілдер мен оқыту құралдарын, сабақтың құралы мен типін; Компьбтер мүмкіндіктерін пайдаланып белгілі бір тақырыпқа сабақ жоспарын құрастыруды, өзбетімен өткізуді талдауды; меңгереді: -негізгі физикалық ұғымдарды оқытуда әдістер мен құралдарды пайдалануды; -көрнекілік, техникалық құралдарды пайдалануды; -электрондық оқулық ішінен қажетті ақпаратты іріктеуді; -тест, бақылау, өзіндік жұмыстар, физикалық диктант, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар құрастыруды; дағдысын қалыптастырады: -әртүрлі обьектілер мен негізгі құбылыстар арасындағы қатынастар мен байланыстарды ашатын ғылым заңдарын қолданудан; құзіретті: -демонстрациялық тәжірибені жоспарлауда және сабақта қолдануда; -зертханалық жұмыстарды жүргізуге; -жаңа технологиялардың мүмкіншіліктерін сабақта қолдануда; Тәжірибелік қызметте алған білімдерін қолданудан. |
АҚ3. Информатика мен физика пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру | біледі: -АКТ құралдар түсінігін, қасиеттерін, жасақтау мен пайдалану тәсілдерін, түрлерін; -АКТ құралдарын жасақтау мен тиімді пайдалану әдістемесін; меңгереді: -АКТ пайдаланумен өткізілетін сабақтарды, шараларды жоспарлап, нәтижесін жобалау тәсілдерін; дағдысын қалыптастырады: - АКТ құралдарын дұрыс таңдау; - АКТ құралдарын қауіпсіздік техникасы ережелеріне сай сауатты пайдалану; құзіретті: -оқу пәндері бойынша АКТ пайдаланып сабақ беруден. |
АҚ4. Мұғалім мен білім алушының портфолиосының мазмұнын жинақтау әдістерін меңгеру | біледі: -тәжірибелік және әдістемелік материалды жинақтау жүйесін құрастыруды; -қағидаларды және қосымша хрестоматиялық материалды әзірлеу әдістерін; меңгереді: -бағдарламалық құралдарды қолдануын; -аудио, видео материалдарды құрастыру және ОӘК материалдарын дайындайды; дағдысын қалыптастырады: -болашақ жұмысының мазмұнына сәйкес қажетті материалдарды іріктеуден; құзіретті: -ОӘК жоспарлауға, жасақтауға, қолдануға, тестілеуге. |
АҚ5. Оқу ақпаратын модельдеу әдістерін меңгеру. | біледі: -физика пәнінің оқу әдістемесін, оқыту процесінің психологгиялық ерекшеліктерін; меңгереді: -білім беру стандартын және оқу ақпаратын талдаудың тәсілдерін; -оқыту ақпаратын логикалық құрастырудың тәсілдерін; дағдысын қалыптастырады: -білім берудің мазмұнын құрылымдандыру мен алгоритмдеуден; құзіретті: -оқу ақпаратын логикалық құрастыру мен алгоритмдеуден. |
АҚ6. Ақпараттық – оқыту ортасын құрастыра білу. | біледі: -мультимедиалық технологияны; -интернет технологияны; -қазіргі ақпараттық ресурстарды меңгереді: -жүйелі түрде есептер шешу қадамдарын құрастыруды және анықтауды; дағдысын қалыптастырады: -физика әдістемесі сабағында ЭӘЖ қолдануды; -интерактивтік тақта арқылы оқудың тиімділігін көтеруді; құзіретті: -ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалануда; -ақпаратты іріктеу, сақтау және тасымалдауда. |
АҚ7. Оқу сапасының мониторингін жүргізе білу. | біледі: -оқу сапасының мониторингін жүргізуді; -білім сапасын бағалаудың көрсеткіші мен кретерийлерін; -оқу үрдісіне қортындысына талдауды; меңгереді: -тест тапсырмалалар мен бақылау жұмыстарын құрастыруды; дағдысын қалыптастырады: -АКТ қолданумен білім алушылардың үлгерімін талдаудан; құзіретті: -оқу сапасының мониторингісін анықтаудан, жүргізуден. |
...