Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жел генераторының қозғалу жылдамдығын өлшеу

Автор:   •  Февраль 27, 2021  •  Практическая работа  •  1,158 Слов (5 Страниц)  •  974 Просмотры

Страница 1 из 5

Коммерциялық емес акционерлік қоғам 

«Ғ.Ж.ДӘУКЕЕВ атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ» 

«Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері» кафедрасы 

 

 

 

 

 

 

№1 зертханалық жұмыс  

Тақырыбы:  Жел  генераторының  қозғалу жылдамдығын өлшеу

Мамандығы: Электроэнергетика         

Орындаған:  Копжасар Ғ.Ә.                 Тобы:ЭЭк-19-21 

Қабылдаған: Изтелеуова И.К.

_________    ____________«____» _____________2021 жыл                                                                                       

    (бағасы)                  (қолы) 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2021

Зертханалық  жұмыс  №1.  Жел  генераторының  қозғалу жылдамдығын өлшеу

Жұмыстың мақсаты:  зертханалық стендтің жұмыс істеу принципімен танысу, жел генераторының жылдамдығын өлшеу.

Жұмыстың бағдарламасы.

1. Зертханалық  құрылғымен  және  зертханалық  жұмыстың сипаттамасымен танысу.

2. Жел  электр  қондырғысының  мнемосұлбасын  зерттеу  және басқару элементтерін тағайындау.

3.  Жел генераторының соғу жылдамдығын өлшеуді жүргізу.

4.  Тәжірибелік  тәуелділіктерді  тұрғызу,  зертханалық  жұмыс бойынша есеп беруді жасау.

Жұмыстың сипаттамасы.

Зертханалық жұмысты жүргізу кезінде синхронды жел гернераторы  бос жүріс  режимінде  болуы  керек.  Ол  үшін  жұмысты  бастамас  бұрын  стендпен сөндірілген  автоматты  ажыратқыш  QF1  стендті  қоректендіру  модулі  кезінде келесі тапсырмаларды орындау қажет:

-  аккумуляторлы  батарея  АКБ  модулінің  клеммаларының  ауыстырып қосқышын «ОТКЛ» жағдайына қою;

-  «Жүктеме»  модулінің  ауыстырып  қосқышы  SA1  –  SA5  төменгі жағдайға қою;

-  жел  жылдамдығының  беріліс  блогының  «Пуск»  ауыстырып қосқышын  төменгі жағдайға  қою. Бұл кезде жиілік түрлендіргішінің жұмысы блокталады.

-  жел  жылдамдығының  беріліс  потенциометрі  сағат  тіліне  қарсы  ең шеткі жағдайға қою.

Зертханалық  жұмысты  өлшеуіш  аспаптардың  көрсеткіштерін  тіркей отырып  жүргізуге  болады.  Сондай-ақ  жел  электр  қондырғысының параметрлерін өлшеу үшін дербес компьютерді пайдалануға болады. Ол үшін компьютерді  қосып,  Windows  толық  жүктелуін  күтіп  және  «DeltaProfi» бағдарламасын  қосу  қажет,  оның  жұмыс  белгісі  қондырғыны  орнату  кезінде

жұмыс  үстеліне  қойылған.  «Работы»  мәзірінде  №1  жұмысты  таңдау  керек, одан кейін «Пуск» батырмасын (немесе F5) басу арқылы мәліметтерді жинау процесін қосу керек.

Жел  генераторының  соғу  жылдамдығын  өлшеу  тәжірибесі  синхронды генератор жылдамдығының жел жылдамдығына тәуелділігін алу арқылы іске асады  nr=f(nk).  Тәжірибені  жүргізу  үшін  1  суретке  сәйкес  сұлбаны  жинау қажет.


1 сурет – Жел генераторының соғу жылдамдығын алу бойынша
[pic 1]

тәжірибе жүргізу сұлбасы

Синхронды  жел  генераторының  статорлық  тізбегінің  А,  В,  С шығыстары  «Түзеткіш»  модулінің  кірістері  А,  В,  С  қосылады.  Түзеткіштің шығысындағы  кернеу  U1  вольтметрмен  өлшенеді.  Асинхронды  электр қозғалтқыш  жиілік  түрлендіргіштің  шығысына  қосылады  (сұлбада көрсетілмеген).

Тәжірибе келесі ретпен орындалады:

-  стендті  қоректендіру  модулінің  QF1  автоматты  ажыратқышын  қосу арқылы стенд элементтеріне кернеу беру;

-  желдің  беріліс  блогының  «Сеть»  батырмасын  қосу  арқылы  жиілік түрлендіргіштің  кірістеріне  кернеу  беру.  Түрлендіргіш  қосымшаға  сәйкес скалярлы басқару режиміне бағдарламалануы тиіс;

-  желдің  беріліс  жылдамдығы  потенциометрінің  бірқалыпты  өзгеріс жағдайы  арқылы  келтірілген  асинхронды  қозғалтқыштың   айналу жылдамдығының өзгерісін 0-ден максималды мәнге дейін өзгерту. Бұл кезде генератордың  айналуы  іске  асатын  жел  жылдамдығын  табу  керек.  Жел генераторының  жылдамдығы  «Жел  генераторы»  модулінің  беткі  панелінде орналасқан  сандық  индикаторда  бейнеленеді.  Көрсеткіштерді  тіркеу қондырылған  жұмыс  режиміне  жұмыс  жүйесінен  шыққаннан  кейін  жүргізу керек.  Бұл  өлшеу  үшін   жүйенің  кейбір  параметрлерін  бірнеше  уақыт өткеннен  кейін  ғана  іске  асырған  дұрыс. Зерттеулер  нәтижесін 1 кестеге енгізу керек.

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (266.3 Kb)   docx (2 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club