Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Автор:   •  Сентябрь 20, 2026  •  Реферат  •  4,446 Слов (18 Страниц)  •  2 Просмотры

Страница 1 из 18

                                                  Мазмұны

Кіріспе        3

1.1        Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы        4

1.2 Зауыттың тарихы, оның даму перспективалары, ұйымдық құрылымы        6

1.3 Жабдықты құрастыру бірлігін, электр машиналары мен аппаратураның бөлшектерін жөндеудің технологиялық процесі.        8

1.4 Таңдалған технологиялық жабдықтың сипатттамасы.        9

1.5 Құрастыру бірліктерін құрастыру, сапасын бақылау әдістері.        11

1.6 Тікелей жұмыс орнында орындалатын жұмыстардың сипаттамасы        12

1.7 Технологиялык жабдықты қызмет көрсетудің қауіпсіздігіне сынау әдістері        13

1.8 Экономика, цех қызметін басқаруды ұйымдастыру, жоспарлау.        15

1.9 Кәсіпорынның өнеркәсіптік экологиясы        18

Қорытынды        20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі        21

Кіріспе

Өндірістік тәжірибе – студенттің оқу барысында алған теориялық білімін нақты өндірістік ортада іс жүзінде қолдануға бағытталған маңызды кезең. Бұл – болашақ маман ретінде тәжірибе жинап, кәсіби дағдыларды меңгеруге берілетін үлкен мүмкіндік. Мен өз тәжірибемді 2025 жылдың мамыр-маусым айларында ТОО «Sealmaster» компаниясында өттім. Бұл кәсіпорын мұнай-газ саласына арналған герметикалау жүйелері мен гидравликалық жабдықтарды өндіру және жөндеумен айналысады. Менің тәжірибедегі негізгі бағытым – гидрожетектері бар мұнай станцияларын жөндеу болды. Бұл жүйелер – күрделі техникалық құрылымдар, олардың дұрыс жұмыс істеуі өндірістің қауіпсіздігі мен тиімділігіне тікелей әсер етеді. Тәжірибе барысында мен жабдықтарды құрастыру, ақауларын анықтау, сапасын тексеру және оларды сынақтан өткізу сияқты жұмыстарға қатыстым. Сонымен қатар, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, сапаны бақылау әдістері, өндірістік мәдениет және құжаттамамен жұмыс істеу тәртібімен таныстым. Бұл тәжірибе маған өндірістегі нақты процестердің қалай жүзеге асатынын терең түсінуге, мамандардың шеберлігінен үйренуге және болашақ кәсібіме деген сенімділігімді арттыруға мүмкіндік берді.

  1. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Кәсіпорын жұмысшылары үшін еңбекті қорғау басты талаптардың бірі болып табылады.  Өндірістік процестерде жұмысшылардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында қабылданатын шаралар жиынтығы. Бұл салада Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары мен стандарттары маңызды рөл атқарады.

Еңбекті қорғау –  еңбек процесі кезінде қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында жүзеге асырылатын шаралар жүйесі. Ол жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуді көздейді.

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік шаралары:

Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ): Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы киімдер, аяқ киімдер, көзілдіріктер, қолғаптар және басқа да құралдар пайдаланылады. ЖКҚ тозған жағдайда ауыстырылып отырады.                                        

Қауіпсіздік белгілері мен ескертпелер: Жұмыс орнында қауіпті аймақтар мен жағдайлар туралы ақпарат беру үшін арнайы белгілер мен ескертпелер орналастырылады.

Жұмыс орындарын ұйымдастыру: Жұмыс орындары қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, жұмысшылардың еркін қозғалуына мүмкіндік берілуі тиіс. Жұмыс аймақтары жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі тиіс. Жұмыс үстелдері мен жабдықтар дұрыс орналастырылған, бос жүретін жолдар бос тұруы тиіс.

Техника қауіпсіздігі: Қолданылатын жабдықтар мен машиналар техникалық талаптарға сай болуы керек.

Оқу және тренингтер: Жұмысшыларға қауіпсіздік техникасы бойынша тұрақты түрде оқу курстары мен тренингтер өткізіліп, олардың біліктілігі арттырылуы тиіс.

Қауіпсіздік техникасы – бұл жұмыс процесінде жарақат алу немесе басқа да жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған нұсқаулар мен ережелер жиынтығы.

Қауіпсіздік техникасының негізгі бағыттары:

Өрт қауіпсіздігі: Өрттің алдын алу және оны сөндіру шаралары. Қызметкерлер өрт кезінде эвакуация ережелерін білуі тиіс. Өрт сөдіргіш құралдар жұмыс орнына жақын орналасуы тиіс.

...

Скачать:   txt (60.4 Kb)   pdf (408.8 Kb)   docx (325.4 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club