Ауалы сеператор
Автор: Kaznur01 • Октябрь 29, 2022 • Реферат • 937 Слов (4 Страниц) • 276 Просмотры
[pic 1]
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Ауалы сеператор
Орындаған:Нұржігіт Қ.
Тобы:ТМО 19-14
Тексерген Оралбаев С.
ЖОСПАР
1.Сеператор
2.Ауалы сеператор
3. Ауалы сеператор түрлері
4. А1-БИС
Сепаратор - газдан сұйық немесе қатты бөлшектерді, сұйықтықтан қатты бөлшектерді бөлу және сұйық немесе қатты бөлшектер қоспасын құрамдас бөліктерге ажыратуға арналған аппарат. Сепаратордың бірнеше түрі белгілі: центрден тебу сепараторлары (центрифугалар) неғұрлым ауыр сұйықтықтар мен сұйықтықтағы қатты бөлшектер қоспасын центрден тебу күшінің шеткі аймақтарға әсер етуі нәтижесінде сығып, бөледі (мысалы, сүт сепараторы). Магниттік сепараторлар электрмагнит әсерімен магнитті бөлшектерді (мысалы, темір, кобальт, т.б. кентастарын) магнитті емес (мысалы, бос топырақтан) бөлшектерден немесе әр түрлі бөлшектер тасқынын неғұрлым магниттілігі төмен бөлшектерден бөледі. Тұнбалық сепараторлар бір-бірімен араласпайтын екі сұйықтықты резервуарда тұндыру жолымен бөлуде қолданылады. Олардан шығатын түтіктің жоғарғысы — жеңіл, төменгісі ауыр сұйықтықтарға арналады. Әр түрлі физикалық қағидалар негізінде жұмыс істейтін сепаратордың басқа да типтері бар (мысалы, элекрстатикалық, тәждік, т.б.).
А1-БИС үлгісіндегі сепаратор астық партиясының негізгі дәнінен ені мен қалыңдығы бойынша және аэродинамикалық қасиеті бойынша ерекше болатын қалдықтарды ажыратады. Сепаратордың жұмыс істеу принципі келесідей: тазаланатын астық өздігінен ағып елегіш корпусқа түседі. Ірі қоспалар науа арқылы сепараторлардан шығарылады, ал астықтың майда қоспалары сорттайтын елек арқылы қосымша елекке жіберіледі. Майда қоспалар науаға түседі және сепараторлардан шығарылады.
Електерде ірі және майда қоспалардан тазартылған астық самаотекпен дірілді арнаға түседі. Астық ағынынан ауа өткенде жеңіл қоспалар астықтан бөлініп, ауалы канал арқылы горизонтальды циклонға түседі.Тазартылған астық пневмосепаратор каналымен тесікте арқылы самотек құбыры бойымен басқа өңдеуге кетеді.
Ауа сепараторы - әуе классификациясына арналған құрылғы. Ауа сепараторындағы бөлу бастапқы қоспаны құрайтын бөлшектердің мөлшері, тығыздығы және пішіні бойынша бір уақытта турбулентті екі фазалы ағындарда жүзеге асырылады. Әрекет принципі бойынша ауа сепараторларының кластары бөлінеді: центрифугалық, гравитациялық, каскадты, аралас.Орталықтан тепкіш ауа сепараторларының түрлері: айналмалы табақшалары бар; қозғалмайтын бөлу аймағы бар; айналмалы бөлу аймағы бар, айналмалы табақшалары бар ауа сепараторлары - қозғалмайтын бөлу аймағы және ағынның ішкі айналымы бар аппараттар; олардың өнімділігі корпустың диаметрі 5 м болған кезде 120 т/сағ дейін; кемшілігі-бөлінудің салыстырмалы түрде төмен дәрежесі.
...