Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аппаратты иіру жүйесі

Автор:   •  Октябрь 24, 2018  •  Реферат  •  2,139 Слов (9 Страниц)  •  1,297 Просмотры

Страница 1 из 9

Аппаратты иіру жүйесі
Аппаратты иіру жүйесі тарақты жүйе бойынша өндіруге келмейтін өте қысқа жүннен иірімжіп алуға мүмкіндік береді.Аппаратты иірімжіп тарақтыдан сыртқы түрі, құрылымы және қасиеттері бойынша ерекшеленеді.Аппаратты иіру жүйесі тек өз өндірісі қалдықтарының үлкен бөлігін ғана емес, сонымен бірге тарақты өндірістің қалдықтарын да пайдалануға мүмкіндік береді.
Аппаратты иірімжіп таза жүнді және жартылай жүнді болуы мүмкін, ал оны жіптің басқа түрімен( мысалы, мақталы, химиялық талшықтан жасалған иірімжіп немесе кешенді химиялық жіптермен) ширатқан кезде аралас ширатылған болуы мүмкін.Жүннен жасалған аппаратты иірімжіп жіңішке мен жартылай жіңішке, дөрекі және жартылай дөрекі жүннен алынуы мүмкін.
Аппаратты иірімжіпті өндіру үшін әртүрлі шикізатты пайдаланады: ұзындығы 55 мм және одан төмен түбіт талшықтар бар, табиғи жүннің барлық түрлері; химиялық талшықтар камвольды және шұғалы өндірістің барлық иірілетін қалдықтар, қиындылардан өңделген жүн.Белгіленуіне қарай аппаратты иірімжіпті боялған және сұр түрінде өндіреді.Шұғалы меланж маталар үшін иірімжіпті араластыру алдында боялған талшықтардан жасап шығарады.
Аппаратты иірімжіптің негізгі ерекшеліктері болып үлкен сызықтық тығыздығы ,түбіттілігі, беріктігі мен серпімділігі табылады.Аппаратты иірімжіптің тегістігі және беріктігі тарақты иірімжіппен салыстырғанда төмен болып келеді.Аппаратты таза жүнді иірімжіптің қатысты үзілу күші шамамен 3 сН/текс,ал аралас иірімжіптің˗ 3,6˗4,8 сН/текс құрайды. 

Аппаратты иіру жүйесіне техникалық процесстер мен құрал-жабдықтарды таңдау



Математикалық моделін құрастыру

Математикалық модель деп ˗ қажетті процесті немесе аппаратты сипаттайтын математикалық теңдеулер жүйесін айтады.
Модель төрт денгейде түпнұсқаның геоселогиялық орынбасары бола алады: 1 – әлеметтер денгейінде, 2 ˗ құрлым деңгейіде, 3 ˗ қалып күй немесе қызметік деңгейін, 4 – нәтижелер деңгейінде. Сипаты бойынша модельдеу объектінің геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық моделдеуге объектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады.
Математикалық модельдеу(моделирование; simulation) — кез келген құбылыстарды немесе күрделі физикалық процестерді, аппараттарды олардың математикалық модельдерін құру арқылы зерттеу тәсілі; математикалық модельді құру процесі. Математикалық модель үшін кез келген математикалық мүмкіндіктерді (дифференциалдық немесе интегралдық теңдеулерді, жиындар теориясын, абстрактылық алгебраны, математикалық логиканы, ықтималдықтар теориясын, т.б.) пайдаланады. Математикалық модел негізіне түпнұсқа мен модельдің айнымалы параметрлерінің біртектес немесе ұқсас теңдеулермен сипатталуы алынады. Математикалық модельдеу, көбінесе, компьютерлер арқылы зерттеледі, сондықтан оны кейде компьютерлік модельдеу деп те атайды.
Модельдеу ˗ кез˗келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналоктарында (модельде) объектілердің әр˗түрлі табиғатың зеттеу әдісі. 
Қоспаның технологиялық сипаттамасы келесі шектеулермен қамтамасыз етілуі керек:
60 ≤ lc ≤75, Tc ≤ 595, Pc ≥15, φc ≥ 83 
0,30 ≤ x1 ≤ 0,40; 0,40 ≤ x2 ≤ 0,50; 0,30 ≤ x3 ≤ 0,45
х1+х2+х3=1 (2)

1 этап. Мақсатты функцияны таңдау.
Тапсырманың талаптары бойынша қоспа арзан болуы керек, сондықтан мақсатты функция ретінде қоспаның бағасын қабылдаймыз.
Жүннің, вискозаның, нитронның үлесін х1, х2, х3 арқылы көрсетеміз.
F(x)=380* х1+ 220* х2+ 190* х3 →min 
2 этап. Шектеулерді қалыптастырамыз.
Қоспаның сипаттамасын келесі түрде жазамыз:
lc= 65* х1+ 75* х2+ 73* х3;
Тс= 592* х1+ 310* х2+ 400* х3;
Рс= 9,2* х1+ 17,6* х2+ 24,5*х3;
φc= 82,9* х1+ 90* х2+ 72* х3;
Технологиялық шектеулерді (2) ескере отырып математикалық үлгінің шектеуін жазамыз:
65* х1+ 75* х2+ 73* х3≥60;
65* х1+ 75* х2+ 73* х3≤75;
592* х1+ 310* х2+ 400* х3≤595;
9,2* х1+ 17,6* х2+ 24,5* х3 ≥ 15;
82,9* х1+ 90* х2+ 72* х3 ≥ 83;
х1≥0,30; х2≥0,40; х3≥0,40;
х1≤0,50; х2≤0,30; х3≤0,45
х1+х2+х3=1
Оңтайландырылған үлгінің қорытынды түрін келесі түрде жазамыз:
F(x)=380* х1+ 220* х2+190* х3 →min

65* х1+ 75* х2+ 73* х3≥60;
65* х1+ 75* х2+ 73* х3≤75;
592* х1+ 310* х2+ 400* х3≤595;
9,2* х1+ 17,6* х2+ 24,5* х3 ≥ 15;
82,9* х1+ 90* х2+ 72* х3 ≥ 83;
х1≥0,30; х2≥0,40; х3≥0,40;
х1≤0,50; х2≤0,30; х3≤0,45
х1+х2+х3=1



ЭЕМ-де өңдеу

Кез-келген математикалық тапсырма шарттарын құрастыру, бастапқы мәліметтерді және қатаң түрде белгілі математикалық тілде көрсетілетін алғы шарттардан басталынады. Одан кейін шешу мақсаты құрастырылады, яғни тапсырмаларды шешу нәтижесінде нені анықтау қажеттігі көрсетіледі. Тасырма шарттарын дәл және нақты қарастыруды тапсырмаларды математикалық қою деп атайды жәнке кез келген тапсырманы шешу осы қойылымнан басталады. Тапсырманы қою нәтижесінде бастапқы мәліметтер немесе аргументтер және мәні анықтауға қажет шамалар, яғни қортындылар бөлек көрсетіледі. Тапсырманы қою, оны шешудің бірінші кезеңі болып табылады.
Тәжірибелік тапсырмалардышешкен кезде нақты объектілермен табиғат құбылыстармен, физикалық және өндірістік процестермен, өнім шығару жоспарымен жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай тапсырма құрастыру үшін, зерттеу объектісін бірінші кезекте математиканың терминімен жазу қажет, яғни математикалық тапсырманы шешуге әкеп соқтыратын нақты оъектіні зерттеуге мүмкіндік беретін оның математикалық үлгісін тұрғызады. Нақты объектіге үлгінің сәйкес келу дәрежесі тәжірибемен, экспериментпен тексеріледі. 
Тәжірибе тұрғызылған үлгіні бағалауға және қажет болған жағдайда анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырманы қойғаннан кейін оны шешу әдісін іздеу басталады. Тапсырманы шешу үшін ЭЕМ қолдану кезінде алгоритм тұрғызылады. Яғни екінші кезең, алгоритмді тұрғызу болып табылады. Үшінші кезең бағдарламалау тілінде алгоритм жазбасы болып табылады, яғни ЭЕМ үшін бағдарлама құрастыру. Төртінші кезеңде ЭЕМ көмегімен алгоритмді орындау жүргізіледі. Бұл кезең шешім нәтижелерін алумен аяқталады.
Тапсырмаларды шешу ең соңғы кезеңі – алынған нәтижелерді талдау. Бұл талдау алынған қортындылар шындыққа сәйкес келеме деген мақсатпен жүргізіледі. Нәтижелерді талдау қажет болған жағдайда үлгіні анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тапсырмаларды шешкен кезде тапсырманың мағынасына қайшы келетін нәтижелер де алынуы мүмкін. Көптеген жағдайда тапсырмалардың нәтижелерін талдау ЭЕМ жүргізіледі. Сонымен ЭЕМ қолдана отырып тапсырмаларды шешу келесі кезеңдерге бөлінеді:
құрамына математикалық үлгіні тұрғызу және аргументтер мен нәтижелерді бөліп көрсету кіретін тапсырманы қою;
алгоритмді тұрғызу;
бағдарламалау тілінде алгоритм жазбасы;
ЭЕМ көмегімен алгоритмді жүзеге асыру;
Алынған нәтижелерді талдау;
Бұл әдістемелік құралда оңтайландыру тапсырмасын тиімді шешу, яғни 2,3 және 4 кезеңдерді шығарып тастау ұсынылады. Бұған қол жеткізу үшін EUREKA жүйесін қолдану қажет.
Eureka: The Solver, Version 1.0 
Tuesday December 8, 2015, 1:03 pm.
Name of input file: D:Aliya

F=(x)=380*x1+220*x2+190*x3
$min(F)
65*x1+75*x2+73*x3>=60
65*x1+75*x2+73*x3<=75
592*x1+310*x2+400*x3<=595
9.2*x1+17.6*x2+24.5*x3>=15
82.9*x1+90*x2+72*x3>=83
x1>0.30
x2<0.40
x3<0.50
x1<0.50
x2>0.30
x3>0.45
x1+x2+x3=1

Solution

Variables Values

F = 230.50000

x = 230.50000

x1 = .15000000

x2 = .40000000

x3 = .45000000


Confidence level = 44.9%
2 constraints not satisfied.






Қорытынды

Берілген курстық жұмыс бойынша “Сызықтық тығыздығы Т=70 Текс аппаратты жартылай иірімжіпке арналған қоспа құрамын оңтайландыру” тақырыбы қарастырылды. Курстық жұмысты жазу барысында келесі тапсырмалар орындалды: аппаратты жартылай иірімжіпті алу үшін технологиялық процестері келтірілді. Жалпы технологиялық процестерде аппаратты иіру жүйесі, аппаратты иіру жүйесінде қолданылатын шикізатты таңдау және қоспаларды дайындау процестері қарастырылды. Сонымен бірге, аппаратты жартылай иірімжіпті өндірудің технологиялық процестері мен құрал-жабдықтары келтірілді. Жалпы, курстық жұмыста иірімжіптің құрамы, сызықтық тығыздығы, құны және үзілуге беріктілігі зерттелді. 
Аппаратты жартылай иірімжіпке арналған қоспа құрамын оңтайландыру бойынша математикалық моделі құрастырылды: жүн талшығының сызықтық тығыздығы 592 текс; үзілу күші 9,2 сН/текс; иірімжіптің шығуы 82,9 %; химиялық талшықтың (вискоза талшығы) сызықтық тығыздығы 310 текс; үзілу күші 17,6 сН/текс; иірімжіптің шығуы 72 %; химиялық талшықтың (нитрон талшығы) сызықтық тығыздығы 400 текс; үзілу күші 24,5 сН/текс; иірімжіптің шығуы 90 %; 1кг иірімжіптің құны жүн талшығы 380 т; вискоза талшығы 220 т; нитрон талшығы 190 т.
Жалпы, осы математикалық модельді құру негізінде оны «EUREKA.EXE.» жүйесіне енгізу арқылы оңтайландыру тапсырмасы шешілді. «EUREKA.EXE.» жүйесінде көрсетілген нәтижесі бойынша 1 кг иірімжімжіптің құны F=230.50000 теңге; жүн талшығы x1=0.15000000%; вискоза талшығы x2=0.40000000%; нитрон талшығы x3=0.45000000%.
Берілген тапсырманы шешу барысында басты мақсат – барлық талаптарға сәйкес оптимальды тапсырманы тиімді шешу болып табылады.


Назар аударғандарыңызға рахмет!!
Полиакрилонитрильді талшықтар.Нитрон тас көмір, мұнай, газды өңдегенде шығатын өнімнен алынады.Сондай талшықтарды ГДР˗де ветрелон, Польшада˗ анилон, Швеция мен Швейцарияда˗ акрил, Жапонияда- беслон,экслан,кашмилон,боннель деп атайды.
ПАН талшықтары басқа текстильді талшықтарға қарағанда жарыққа тұрақтылығы өте жоғары.Олар өте төмен гигроскопиялығымен сипатталады,яғни қалыпты жағдайда ылғалдылығы 1,5% және жылу өткізгіштігі мен жуылуы, тұрақтылығы салыстырмалы төмен болып келеді.
Капрон мен лавсанға қарағанда нитрон талшықтары қолға жұмсақ және жібектей болып тұрады.Нитронның үзілу беріктігі капрон мен лавсанға қарағанда екі есе кем, үзілердегі ұзаруы 16˗22%.Гигроскопиялық қасиеті бар: киімді химиялық тазартудан өткізгенде сідтілер, органикалық минералды қышқылдар, бактериялар, өңез, күйенің әсеріне төзімді.
Нитронның жылу сақтау қасиеті жүннен артық.Нитронның жұмсару температурасы 200˗250°С.Нитронды жалынға ұстасақ балқиды және түтіндеген сары жалын болып лапылдап жанады.
Таза күйінде нитрон сырт киімдік трикотажға, ал жүнмен, мақтамен, вискоза талшықтармен араласып көйлек және костьюмдік маталар шығаруда пайдаланылады.


Жартылай жүнді иірімжіпті өндірудің технологиялық процестері мен құрал˗жабдықтары

№ Технологиялық процестер. Құрал˗жабдықтар. Маркалар 
1 Компонентерді араластыруға дайындау 
1.1 Табиғи жүнді қопсыту˗түту,ошағаннан айыру. Қопсыту˗түту машинасы(ТН˗120˗Ш˗2),ошағансыздандыратын машина(О˗120˗Ш) 
1.2 Химиялық талшықтарды қопсыту. Қопсыту˗майлау машинасы (ЩЗ˗140Ш3),автоқоректендіргіші(АПМ˗120˗Ш1) 
2 Араластыру. Араластыру машинасы( МСП-9Т) 
3 Майлау. Компонетті лабаздар (ЛРМ˗40˗Ш ) 
4 Кардты тарау. Тарау аппараты (Ч˗22˗Ш) 
5 Иіру. Иіру машинасы (ПБ˗132˗Ш) 


Компоненттерді араластыруға дайындау және араластыру 

Компоненттерді араластыруға дайындауға талшықтардың сызықтық тығыздығы, ұзындығы және түсі бойынша компоненттерді бояу және таңдау қоқымдардан тазалау, қарқынды қопсыту жатады.Араластыру мақсаты – компоненттер талшықтарын жақсылап араластыру және оларды қоспаның бар массасында біртегіс үлестіру. Бұл үлестіру былай болуы керек, яғни қоспаның азғантай үлгісіндегі компоненттер арасындағы қатынас берілген қоспа рецептісіне жақын болуы тиіс. 
Жүнді қопсыту, оны шаңнан және әртүрлі қоспалардан тазалау оқтынды қозғалыстағы түту машиналарында немесе үзіліссіз қозғалатын екі барабанды машиналарда жүзеге асырылады.
Өндірістерге келіп түсетін жүн көбінесе өсімдік қоспасы – ошағанмен ластанған болып келеді.Түту машиналарында қиын тазаланатын мұндай қоспалардың болуы, иірімжіптердің және маталардың сапасын елеулі түрде төмендетеді. 
Кәсіпорындарға киптерде келіп түсетін жіңішке және жартылай жіңішке, дөрекі және жартылай дөрекі жүндерді түту және қопсыту ТН˗120˗Ш˗2 қопсытып˗түту машинасында жүргізіледі. 
Бұл машинада жүндер қопсытылып˗түтіледі. Жүннің түріне байланысты машинаның қоректенуі және қоректендіргіш тордағы төсеніштің массасы өзгеруі мүмкін, бұл машинаның өнімділігіне әсер етеді.
ТН˗120˗Ш˗2 қопсытып˗түту машинасының өнімділігі 300˗600 кг/сағ дейін.


Аппаратты созба өндірісінің ағынды сызығы

Ағынды желіге арнайы құрал˗жабдықтарда немесе жеке ағынды желілерде алдын˗ала дайындалған қоспа компоненттері келіп түседі. Қоспа компоненттері алдын˗ала таразыға тартылады және қоспадағы олардың үлесіне сәйкес мөлшерде беріледі.
Қоспа компоненттері алдын˗ала автоқоректендіргіші бар қопсыту машинасында қопсытылады және араластырылады. Пневмоқұбырды немесе компонентті конвейерді қолдана отырып, бірнеше қопсыту машиналарын топқа біріктіреді. Компонентті конвейерден талшықтар майлау қондырғысына одан кейін пневмоқұбыр бойынша араластырғыш машиналарына беріледі. Араластырғыш машиналардан дайындалған қоспа механикаландырылған лабаздарға бағытталады, мұнда қоспа бірнеше сағат ұсталынады.
Лабаздардан қоспаны тарау аппараттары бойынша автоқоректендіргіштің көмегімен тегіс бөледі. Көбінесе кәсіпорындарда бір мезетте құрамы бойынша бірнеше қоспаларды өңдейді, сондықтан да барлық тарау аппараттарын 2˗3 аппарат бойынша топтарға бөледі және әр аппарат тобына қоспаның бір түрі болатын 3˗4 шығынды лабаздарды бекітеді. 
Ағынды желілерде компоненттерді алдын˗ала қопсыту және араластыру, АПМ˗120˗Ш1 автоқоректендіргіші бар ЩЗ˗140˗Ш3 қопсытып˗майлау машинасында жүзеге асырылады.
Ағынды желіде компоненттерді араластыру, араластырғыш машиналарда жүргізіледі.МСП-9Т араластыру машинасы, түбі таспалы конвейер болып табылатын тік бұрышты камерадан тұрады.Ағынды желілерде араластырудың ең жоғарғы тиімділігіне жету үшін 2˗3 араластыру машиналарын орналастырады. 
Талшықтарды майлау кардты тараудың жүруіне көп әсер тигізеді.
Майлау нәтижесінде кардты тарау процесінде талшықтың үзілуін, үлпектің пайда болуын, талшықтардың электрленуін және қалдықтардың мөлшерін төмендетеді. Бұл жерде ЛРМ˗40˗Ш типті компонентті лабазды қолданады.
Майлау, эмульсиялы-майлау қондырғысының құбыры бойынша қозғалатын талшық ағынына форсункадан эмульсияны шашырату арқылы жүзеге асырылады. Эмульсия құрамына су және майлы заттар – ұршық немесе машина майы, олеин қышқылы немесе кір сабын және басқа да қосымшалар кіреді. Майдың мөлшері жүн салмағынан 4-10% құрайды, ал эмульсия шығыны қоспаның салмағынан 30% дейін жетеді.


Кардты тарау және аппаратты созбаны қалыптастыру

Ағынды желілерде дайындалған қоспа, түйдек құрамы және өлшемдері әртүрлі талшықты масса болады. Түйдектердегі талшықтар өзара шатастырылған, көбінесе олар қоспаның бір компонентіне жатады және құрамында қоқымдардың бірнеше мөлшері болады. 
Құрамы бірдей талшықты материал алу үшін талшық түйдектерін жеке талшықтарға бөліп, оларды араластыру қажет. Талшықтарды қарқынды араластыру, білікті кардты тарау машиналарында жүзеге асырылады.
Білікті тарау машиналары кардты тарау аппаратының құрамына кіреді, онда жүретін процестер кардты тарау, құрамы және сызықтық тығыздығы бойынша талшықтар ағынын араластыру және тегістеу, сонымен қатар жартылай дайын өнімнің – аппаратты созбаның қалыптасуы жүреді.
Жіңішке және жартылай жіңішке жүнді және олардың химиялық талшықтармен қоспасын тарау үшін үш тарамды аппараттар қолданылады, дөрекі және жартылай дөрекі жүнді және олардың химиялық талшықтармен қоспасын тарау үшін екі тарамды аппараттар қолданылады.
Үштарамды аппараттың құрамына мынандай машиналар кіреді: қоректендіргіш ˗ өзіндік тараз, алдын˗ала түткіш, бірінші білікті тарау машинасы, қысатын біліктер, тор көз – таспа қалыптастырғыш, таспа төсегіш, екінші білікті тарау машинасы, екінші тор көз – таспа қалыптастырғыш, екінші таспа төсегіш, үшінші білікті тарау машинасы және созба кареткасы. Мұндай аппараттың ұзындығы 23 м, ал машинаның жұмысшы ені 1800, 2200, 2500 мм.


Иіру – аппаратты иірімжіптің қалыптасуы

Аппаратты иіру жүйесі бойынша иірімжіпті сақиналы иіру машиналарында, камералы пневмомеханикалық немесе роторлы иіру машиналарында өндіруге болады. Иірімжіпті дайындау түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Иірімжіп дайындаудың кеңінен таралған әдісі – сақиналы тәсілі, ол әртүрлі белгіленуі иірімжіпті алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар бұл әдіс өте жіңішке иірімжіп алуды қамтамасыз етеді.
ПБ-132-Ш машинасының басқа машиналардан айырмашылығы бар. Бұл машина баллонсыз машина деп аталады.
ПБ-132-Ш 125-1000 текс аралығындағы иірімжіп өндіруге арналған.
Сақиналы иіру машиналарында иіру өндірісінің соңғы өнімі – иірімжіп өндіріледі. Иірімжіп өзінің қасиеттері бойынша мемлекет стандарттарының талаптарына жауап беруі тиіс.

Жүн ˗ кейбір жануарлардың тері жамылғысының мүйіз тәрізді құрылымы, дене түгі.Тоқыма өнеркәсібінде қойдың, түйенің, ешкінің, сиырдың жүні және қоянның түбіті кең қолданылады. Қазақстан республикасының текстиль өнеркәсібі үшін жүн негізгі шикізаты болып табылады. Дүниежүзілік текстиль талшығының өндірісі құрамында жүн мөлшері 5 % астам болу керек, ал одан жасалған дайын бұйымдардың көлемі бағасынан 15 есе көп, және де ол тек қажетті тауарларды жасауға арналады.
Жүн – қымбат шикізат түрі және одан жасалған бұйымдарда жоғарғы құнға ие. Сондықтан жүн шикізатының негізгі базасын кеңейту жолымен жүнді химиялық талшықтармен қосып және екіншілік жүн шикізатын қолдану арқылы ерекше мәнге ие болады. Қайта өңдеу өнеркәсібі мен агрокешеннің қызметтері мен ғалымдарының назарлары бірнеше жылдар бойы жүн шикізатының сапасын жақсарту мәселелерде екеніне қарамастан, бұл мәселе әлі де ашық қалып отыр, өйткені өндірісте жүннің саны мен сапасы бойынша жұмысы жүнді өңдеу кәсіпорынның талаптарына жауап бермейді. Жүн шикізатының ресурстарын көбейтуде негізгі көзі болып жүнді алғашқы өңдеу кезінде оның сапасын жақсарту екені белгілі. Өнімнің жоғары сапалылығын қамтамасыз ететін тиімді технологияларды жасау қазіргі кезде өзекті мәселе болып табылады. 
Жартылай жүнді аппаратты иірімжіпті өндіруге арналған шикізатты таңдау 
Гидратцеллюлозды талшықтар. 
Вискозды талшықтардың гигроскопиялық, жарыққа төзімділік, жұмсақтыққа және жууға төзімділік қасиеттері жоғары. Бірақ, олардың кемшілігі, бірқалыпты емес, жұмсақ және аз реттелген құрылымына байланысты. Вискозды талшықтар ылғалдау кезінде қатты ісініп, тоқыма материалдардың отыруын жоғарылатады (50%˗ға дейін), созылу кезіндегі беріктік шегін және қажалуға тұрақтылығын айтарлықтай жоғалтады. Кемшіліктерін азайту үшін вискозды материалдардың арнайы әрлеуі қолданылады.
Вискозды талшықтардың қасиеттері. Вискозды талшықтар жақсы гигроскопиялық ˗11%, жарыққа төзімділік болады. Қарапайым талшықтардың сызықтық тығыздығы 0,27˗0,66 текс, кесе-көлденең ені 25˗60 мкм құрайды. Құрамдас вискозды жіптердің жуандығы оларды құрайтын элементарлы талшықтардың саны мен жуандығына байланысты болады.
Полиакрилонитрильді талшықтар.Нитрон тас көмір, мұнай, газды өңдегенде шығатын өнімнен алынады.Сондай талшықтарды ГДР˗де ветрелон, Польшада˗ анилон, Швеция мен Швейцарияда˗ акрил, Жапонияда- беслон,экслан,кашмилон,боннель деп атайды.

...

Скачать:   txt (33.1 Kb)   pdf (219.2 Kb)   docx (884.9 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club