Қайталанушы операторлар. While цикл операторы
Автор: magamedd • Апрель 2, 2023 • Контрольная работа • 603 Слов (3 Страниц) • 184 Просмотры
Зертханалықжұмыс №4
Тақырыбы: Қайталанушы операторлар. While цикл операторы
Мақсаты: While цикл операторыныңқұрылымымен, орындалу ретімен танысу және есеп шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: Python программалау тілінде цикл операторының екі түрі қарастырылады: while және for.
While цикл операторы (цикл «әзір») әрекеттер тізбегін шартты өрнек нәтижесі ақиқат мән қабылдаса орындайды. Қайталанушы оператордан кейін қайта шарт тексеріледі. Егер шарт ақиқат болмаса онда қайталану(цикл) тоқтатылады. Шартты өрнек цикл денесінің алдында жазылады және тексеріледі. Әдетте While цикл операторы циклдың қайталану саны белгісіз болған жағдайда қолданылады.
Жалпы түрде жазылу формасы:
while шартты өрнек:
операторлар блогы
Мысалы, келесі программа фрагменті 1ден 10 ға дейінгі барлық сандарды экранға шығарады:
i = 1
while i <= 10:
print(‘i=’ i )
i += 1
Егер цикл денесі бірнеше операторлардан тұратын болса онда олар бір деңгейде жазылуы керек. Алдыңғы мысалда цикл денесі екі оператордан тұрады.
While операторының кеңейтілген түрінде else қызметші сөзі қолданылады.
Жалпы жазылу формасы:
while шартты өрнек:
оператор1
else
оператор2
Шарт орындалмаған жағдайда, else қызметші сөзінен кейінгі оператор орындалады. Else қызметші сөзі көбіне циклді үзу операторларымен (break немесе continue) бірге қолданылады. Break инструкциясы цикл операторының жұмысын тоқтады, ал continue ағымдағы циклдың жұмысын аяқтайды және while блогындағы шартты тексеруге көшеді.
Мысалы:
a = int(input())
while a != 0:
if a < 0:
print('Теріс сан енгіздіңіз!', a)
...