Тесла катушкасы
Автор: asyl1237 • Апрель 17, 2018 • Реферат • 1,553 Слов (7 Страниц) • 771 Просмотры
Тесла катушкасы
XXI-ғасыр– теxнология заманы, миллиондаған ақпараттарға толған алпауыт ғасыр. Дегенмен де, бүгінгі жетістіктердің түп тамыры,әрине, көптеген ғасырлар бұрын бастау алғанын мойындау керек. Себебі, бүгінгі жеміс– өткеннің еңбегі болып табылады. Мысалы, қарапайым ғана, өзімізге күнделікті үйреншікті болып қалған электр энергиясынсыз өмір сүруді елестете алмас едік. Және де осындай таңғажайып туындылардың артында қарапайым ғана адамдар тұрғаны айдан анық. Солардың бірі, "XX-ғасырды ойлап тапқан адам" Никола Тесла. Оның алған шыңдарын айта берсек шегіне жете алмаспыз деп ойлаймын. Ішіндегі, сымсыз байланыс арқылы электр жарығын шығаратын "Тесла катушкасы(трансформаторы)" туралы мәлімет қызықтырды. Тесла трансформаторы–бүгін Никола Тесланың атындағы өнертабысының бірегейі. Бұл жоғары кернеуді жоғары жиілікте шығаратын классикалық резонанстық трансформатор.Қарапайым Tesla трансформаторына екі катушка, тороид, конденсатор, артерия, қорғаныш сақина және жер кіреді. Трансформаторда бастапқы және қайталама екі катушкалар бар. Ақыр соңында бір-бірімен байланыстырылған тербелістердің екеуі қалыптасады. Бұл дәстүрлі трансформатордан Tesla катушкаларының негізгі айырмашылығы. Бұл трансформаторлар көптеген қолданысқа ие болған.Фильмдерде, компьютерлік ойындарда эпизодтар Тесла трансформаторларына негізделген.20-шы ғасырдың басында Тесла трансформаторы медицинада кеңінен танымал болған. Әлсіз жоғары жиіліктегі токтармен науқастарды емдеген. Ток терінің жұқа қабатымен өтсе де,ағзаға ешқандай зиян келтірмеген.
Қорыта келе,Тесла трансформатордың қасиеттерін және резонанстық құбылысты бір құрылғыда біріктірді. Осылайша, электротехника, радиотехника салаларының көптеген салаларын дамытуда үлкен рөл атқарды.Ең бастысы,адам ағзасының беті арқылы өтетін жоғары жиіліктердің ағымдары оған зиян келтірмейді, керісінше, олар тоник және сауықтырушы әсерге ие, тіпті қазіргі заманғы медицинада (әйгілі ғылыми әдебиеттерден) пайдалануға болатынын дәлелдеп берді.
Радио таратқыш (радиоқабылдағышы) - бұл радиожиілік сигналын шығаратын электронды құрылғы .
Радио таратқыш радио жиіліктің ауыспалы токын генерациялау қабілетіне ие, ол таратушы антеннаға жіберіледі, ол өз кезегінде радио толқындарын шығарады
Менің алып отырған тақырыбым триггерлер
Триггер және оның түрлері
Триггер деп, электрондық есептеуіш машиналарында, автоматика мен телемеханиада әртүрлі операциялар орындауға арналған, яғни алынған информация сақтауға (сақтағыш құрылғы), уақыт датчигі схемасында және цифрлы санауыштарда импульстарды санауға, цифрлы жиілікті бөлгіштерде қолданылатын электрондық ауыстырып қосылғыш құрылғыны немесе аударылып түскіш құрылғыны айтады.
Триггердің екі шығысында басқарушы сигналдардың /Usac/әрекетінен кернеудің бір тұрақталған деңгейінен екінші тұрақталған деңгейге дейін, Uшығ1 және Uшығ2 кернеудің шұғыл өзгерістері пайда болады. Шығыс кернеудің тұрақталған екі деңгейіне сай осы мәндер артты түрде «0» және «1» деп көрсетілген триггердің тепе-теңдігіне екі орнықты күйі сәйкес келеді. t1 – t2 уақыт аралығында Uшығ1 кернеудің нольдік деңгейіне, ал Uшығ2 бірлік деңгейіне сәйкес келеді /мұны триггердің бірінші орнықты тепе-теңдік жағдайы немесе күйі деп аламыз/. Осы жағдайда триггер басқарушы импульс келгенге дейін көп уақыт тұра алады.
Яғни, триггер өзіндегі информацияны сол қалпында сақтап тұрады. T2 – уақыт аралығында триггердің кірісіне басқарушы импульс әрекет еткенде, триггердің екі шығысындағы кернеулер деңгейі қарама-қарсы шамаға өзгереді, яғни триггер аударылып түседі бұл екінші орнықты тепе-теңдік жағдай – t2 – t3 уақыт аралығында өтеді.
RS-триггер.
Зерде элементті триггер.
ЭЕМ
...