Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

“Python”-ға таныстырылым

Автор:   •  Апрель 23, 2024  •  Лекция  •  2,357 Слов (10 Страниц)  •  138 Просмотры

Страница 1 из 10

1-Бөлім: “Python”-ға таныстырылым

Пайтонның тарихы мен ерекшеліктері

        “Python”-көптеген тапсырмаларды орындауға арналған бағдарламалау тілі. Ол нидерландық маман Гидо ван Россум арқылы дүние көріп, кейін “Python software foundation” компаниясымен басқарылған.  Бастапқыда, Пайтон Гидо үшін хобби ретінде болу керек еді, бірақ ол “ABC” бағдарламалау тілінің қарапайымдылығымен шабыттанып, өзінің шығармашылығындағы кодты оқуды жеңілдетуге тырысты. Оның арқасында нақты бір құрылым пайда болып, кодтың көлемін ықшамдатуға көмектесті. Қызықты факт: Python атауы жыланның атынан емес, BBC TV телеарнасында жүрген “Монти Пайтонның ұшатын циркі” телешоуының атымен аталды. Атап айтқандай пайтонның ең басты ерекшелігі-кодты оқудағы  ыңғайлылық пен жасаушылардың еңбегің тиімділеу. Бұл пайтонды басқа тілдерден артық жасап, алемге танытты. Қазіргі кезде пайтон тілінде жазылған қосымшалар көбімен танылған платформаларында орындалады, олардың ішінде Windows, Mac OS, Android, iOS және т.б. Негізі пайтонның басқа да ерекшеліктері бар, мысалы: [pic 1][pic 2]

  1. Оның ауқымды кітапханасы* өзінің ішінде алуаң-түрлі есептерді шешуге арналған модульдармен* қамтамасыз ете алады.
  2. Пайтон өзінің жадын автоматты тірде басқара алады. Бұл күрделі деректер құрылымдарымен жұмыс істеуді жеңілдетеді, сонымен қатар есінің жоғалтуын болдырмайды.
  3. Оның интерактивті қабықшасы немесе REPL (оқу-бағалау-басып шығару циклі) бар, ол бағдарламашыларға өз коды тез және оңай тексеріп, оны жөндеуге мүмкіндік береді.
  4. Пайтон мамандарға реттелетін сыныптар* мен операторларды* жасауға мүмкіндік беретін бірнеше мұраға және оператордың шамадан тыс жүктелуін қолдайды.

Әрине, осы тізімді әлі де көп жалғастыра беруге болады, бірақ қазірге кезге осы да жетер.

[pic 3]

Кітапхана*-бағдарламалауда кітапхана деп біз алдын ала жазылған кодтардың, функциялардың және сыныптардың жиынтығын білдіреді. Мысалы “math” кітапханасында математикаға қажет барлық функциялар бар

Модуль*-Модуль деген нақты бір есепті шешуге бағытталған кодтың бөлшектері. Мысалы, есептеу, ақпаратты экранға шығару және т.б. Модуль мен кітапхананың ең басты айырмашылығы-олардың көлемінде. Себебі ол ішінде бірнеше модульды сақтай алады.

Сынып*-Сынып деп біз объекттің жалпы үлгісін атаймыз. Оңайырақ түсіну үшін қуыршақты елестетіңіз. Барлық қуыршақтардың басы, қолы және аяқтары болады, бірақ олардың киімдері бір-бірінен ерекшеленеді. Сол қуыршақты біз сынып деп атаймыз, себебі ол қуыршақтың қандай болуын көрсетеді, ал қуыршақтардың киімі объект болып табылады.

Оператор*-Бағдарламалаудағы ең басты нәрсе, ол нақты бір әрекетті жасату үшін арналған. Операторлар алуаң-түрлі болады. Мысалы арифметикалық операторлар-олар қосу, азайту, көбейту және бөлу.              

Пайтонды орнату және бағдарламалау ортасын дайындау

        Пайтонда кодты жазуды бастау үшін ең бастымен, ол тілді орнату керекпіз. Басында бұл өте қиын болып көріне алады, бірақ сендер менің нұсқаулығымды мұқият оқып, бәрін жазылғандай жасасаңыз еш қиыншылық тумайды.

  1. www.python.org парақшасына кіріңіз
    [pic 4]

www.python.org парақшасының басты беті

  1. “Downloads” жазуына басыңыз. Одан кейін пайтонның түрлі нұсқаларын көресіз.
    [pic 5]

Downloads жазуын басқаннан кейін ашылатын бет

  1. Егер сіздің Операциялық жүйеңіз MacOs немесе Windows 10-нан үлкен болса онда ең жаңадан шыққан нұсқасын орнатуды кеңес беремін, бірақ сіздің ОЖ-ңіз (операциялық жүйе) Windows 8 немесе кішірек болса онда ескі нұсқаларын жүктеп алыңыз.
  2. Енді біз пайтонды дұрыс орнатқанымызды тексеру үшін Win+R басып, cmd деп жазу керекпіз. [pic 6]
  3. Шыққан терезеге “python –-version” деп жазыңыз. Егер сіз пайтонды дұрыс жүктесеңіз, онда өзініз орнатқан нұсқаңыз көріну керек. Мысалы мен 3.10.11 нұсқасын жүктеп алғаннан соң, менде 3.10.11 деп көрсетіліп тұр.

[pic 7]

  1.  Енді сіз мәтіндік редактор орнатып алу керексіз. Өз тәжірибеме сүйене отырып PyCharm Community-ді ұсынар едім. Өйткені ол тегін, интерфейсі қарапайым және көптеген кітапханалармен жабдықталған. Сонымен қатар, сіз кодты редактордан шықпай-ақ, оның ішіңде тексере аласыз.

[pic 8]

PyCharm Community-дің басты беті 1

  1. Біздің редакторымызды орнатқаннан кейін жаңа файл ашу керек. Егер де сіз PyCharm Community-ді жүктесеңіз, онда үстінгі жақта “File” деген жазуды іздеу керексіз, содан “New”-ға басасыз. Шыққан терезеде “Python file” дегенге басасыз. Бірақ файл ашуға дейін, сіз жаңа жоба ашу керексіз. Оны жасау үшін сіз сол баяға “File” деген жазуға басып, “New Project”, содан кейін “Create” дегенді басасыз. Енді жаңа жоба жасағаннан кейін, оның ішінде жаңа файлда ашуға болады.
  2. Файлды ашқаннан кейін оны бір тексеріп, кодтың бірінші тармақтарың жазу керек. Бағдарламаушыларда бір қызық әдет бар. Олар өзінің кез келген кодтың басына “Hello world” деп жазады. Біз пайтонды зерттеп жатқанымыздан, біздің ең бірінші тармағымыз: print (‘hello world’), дегеннен басталады. 
    [pic 9]

2-Бөлім: Айнымалылар және ақпарат түрлері

Айнымалы деген не?

        Пайтонда айнымалы ақпаратты сақтау орны ретінде қолданылады. Олардың арқасында біз керекті деректерді сақтап, оларды дұрыс қолдана аламыз. Айнымалыны жасау үшін біз біріншіден оған есім беріп, ішінде бір ақпарат сақтау керекпіз (Сурет 2.1). Бұл жерде біз “name” деген айнымалыға Алия деген ақпаратты жазып алдық және “print” командасы арқылы оны экранға шығардық. Негізі біз біреудің атың шығару үшін айнымалыларды қолдануды міндетті емеспіз, яғни біз басқаша да оны жасай аламыз (Сурет 2.2). Бұл жерде біз “print” функциясы арқылы Алияның есімін шығардық. Бұл тәсілді қолдана отырып, біз толық сөйлемдерді де жаза аламыз. Ол үшін біз “print” функциясының синтаксисің* жаттап алу керекпіз. [pic 10][pic 11][pic 12][pic 13]

...

Скачать:   txt (28.7 Kb)   pdf (837.9 Kb)   docx (692.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club