Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

BASIC Stamp

Автор:   •  Июнь 16, 2018  •  Реферат  •  388 Слов (2 Страниц)  •  622 Просмотры

Страница 1 из 2

        Ивреа қаласында жобалау және өзара әрекеттесу институтында (Interaction Design Institute Ivrea, IDII) 2002 жылы Массимо Банци жаңа интерактивті жобаларды жаңа тәсілдермен ойлап табу үшін программист болып тағайындалған болатын. Алайда, базаға қол жетімділік уақыты мен қаржы көлемінің жеткіліксіз болуынан, оның талпынысының бәрі заяға кетті. Ол өзінің алғашқы жобаларына Калифорния компаниясы Parallax ұсынған BASIC Stamp құрылғысын пайдаланған болатын.

        BASIC Stamp алғашқы микроконтроллер болып табылады. Basic Stamp – Basic  бағдарламалау тіліне негізделген, өзінің интерпретаторы бар микроконтроллер. Бұл микроконтроллердің ерекшелігі деректер көзін жылдам өңдеу. Дегенмен, Банцидің командасы жобалаған платаның кемшілігі – бағасы жоғары болды.

        Бұл микроконтроллерлер радио әуесқойлар мен студенттер арасында кеңінен қолданылғандықтан, Банцидің командасы қарапайым, ашық және қол жетімді өңдеу ортасы бар микроконтроллер жасап шығу мақсатын қойды. Осы мақсат пен үлкен қызығушылық арқылы Банци командасы көздеген мақсатына жетті. Олар нарықты зерттей отырып, және басқа өндірушілермен салыстыра келе, платаға көп шығыстар орнатады. Осы шығыстарды Банци командасы көк түсті қылды, ал басқа өндірушілер жасыл түсті қылып өндіретін.

        Нәтижесінде олар ATmega328 микроконтроллеріне негізделген қымбат емес және қолжетімді компоненттерден жаңа плата шығарды. Қолданушы тікелей платаны алып, компьютерге жалғап, «plug-and-play» (қос және ойна) ережесі бойынша жұмысқа тікелей кірісіп кететін, яғни бұл платамен жұмыс істеу жаңадан қолданып бастаған тұтынушыға ауыр соқпайтын.

        Платаның алғашқы прототипі 2005 жылы жарыққа шықты, алайда бұл кезде Банци командасы платаға Arduino атын бермеген еді. Плата ешқандай жарнамасыз және маркетинг құралынсыз интернет желісінде үлкен сұранысқа ие болды. Қазіргі таңда  ардуино комплектісінің  250 мың данасы сатылды, және де бұл көптеген клондық платаларды есепке алмағанда.

        Arduino басында бір платадан басталып, үлкен ұйымға айналды. Core Electronics, Cytron Technologies сияқты ірі компаниялар бұл өнімнің ресми дистрибьюторлары болып табылады.

...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (49.9 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club