С++ программалау тiлiнiң негiзгi элементтерi
Автор: Lovelace • Февраль 4, 2021 • Контрольная работа • 20,317 Слов (82 Страниц) • 442 Просмотры
І. С++ программалау тiлiнiң негiзгi элементтерi.
1.1. Тiл алфавитi.
Компьютер белгiлi бiр есептердi шешу үшiн адам тарапынан сол есептi қандай жолмен және қалай шығару керектiгi туралы тапсырма алуы қажет. Бұл тапсырмалар бiр жағынан компьютерге түсiнiктi болып жазылуы керек болса, екiншi жағынан тапсырма берушiге де ыңғайлы болғаны жөн. Осындай компьютерлiк тiлде жазылған тапсырмалар мен командалар жинағы программа деп аталады. Ал программалық мәтіндердi жазу үшiн пайдаланылатын символдардың жиынтығы компьютерлiк тiл алфавитiн құрайды.
Кез келген программалық тiл символдардан, сөздерден, сөз тiзбектерi және сөйлемдерден(операторлардан) тұрады. Сөздер символдардан құралады, ал операторлар сөз тiркестерiнен тұрады. Қазiргi кезде программа жазу үшiн көптеген программалау тiлдерi қолданылады. Солардың бiрi - С++ программалау тiлi құрылымының қарапайымдылығы мен игеруге жеңiлдiгiнiң арқасында программалаушылар арасында кеңiнен қолданылады. С++ программалау тiлiнiң алфавитi келесi символдардан тұрады:
- Латын алфавитiнiң бас және кіші әрiптерiнен: A, B, C, D, E, F, G, H, I, J, K, L, M, N, O, P, Q, R, S, T, U, V, W, X, Y, Z, a, b, c, d, e, f, g, h, i, j, k, l, m, n, o, p, q, r, s, t, u, v, w, x, y, z.
Олармен қызметшi сөздер және идентификаторлар жазылады. Қызметшi сөздер деп С++ тілінің өзiне ғана тән, өзгертуге болмайтын, әрқайсысының өзiнiң атқаратын белгiлi қызметi бар сөздердi айтады. Программада айнымалылар мен тұрақтылардың атауларын анықтайтын, әрi программалаушының өзi тағайындайтын қызметшi сөздер кездеседi. Ондай сөздердi идентификаторлар деп атайды. Идентификаторларды бiр немесе бірнеше латын алфавитi әріптерімен атауға болады(мысалы: X, Y, Z, Audan, Qosyndy, т.б.). Кейбiр программаларда идентификаторлар атауларын тек латын алфавитi әрiптерiмен ғана атау программалық мәтіннiң оқылуын ауырлатып жiбередi. Сондықтан оларды әрiптер, цифрлар және асты сызылған символдарды(төменгі сызықша) араластырып қолдану арқылы атаған ыңғайлы. Мысалы: Summa_1, Summa_2, Min_1, Min_2, Audan_1, Audan_2, т.с.с.
Сонымен идентификаторлар деп программада кездесетiн барлық тұрақтыларды, айнымалыларды, функциялар мен процедураларды атау үшiн қолданылатын әрiптер, цифрлар және төменгі сызықша символдарынан тұратын қызметшi сөздердi айтады.
С++ программалау тiлiнің қызметші сөздері пернетақтаның төменгі регистрімен(тек кіші әріптермен ғана) жазылады. Мысалы, #include, using namespace std, int, cin, cout, endl, for, while, do, т.б.
Тырнақшалар немесе бұрыштық жақшалардың ішінде жазылатын қызметші сөздерді бас немесе кіші әріптермен жаза беруге болады, тек олардың ішінде бос орын болмауы тиіс. #include "ioSTREAM", #include "IOstream", #include "IOStream", #include <iostream>, #include <IoStream>, #include <IOSTREAM> қызметші сөздері бір ұғымды білдіреді. Мысалы:
1. Екі санның көбейтіндісін есептейтін программа:
#include <IOStream>
int A, a, Kob;
int main ()
{ std:: cout<<"2 сан енгіз: ";
std:: cin>>A>>a; //Айнымалылар енгізу
Kob =A*a;
std:: cout<<"Көбейтінді: "<< Kob;}
2. Сандарды белгiлейтiн араб цифрларынан: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. Сандар бүтiн және нақты болып екi түрде берiледi. Нақты сандардың бүтiн бөлiгi мен бөлшегiн нүкте арқылы бөлiп жазады: – 9.7, 6.25, .41, -8.178. Ал өте үлкен немесе өте кiшi шамалар экспоненциал сандар түрiнде жазылады:
1.74e +3(1.74*103),
2.55e +5(2.55*105),
5.81e -4(5.81*10-4).
- Ұлттық алфавит әрiптерiнен.
Ұлттық алфавит әрiптері түсiнiктеме мен комментарийлер жазуда және символдық айнымалыларға мән беруде қолданылады.
Ұлттық алфавит әрiптерi арнаулы драйверлер қосылғанда ғана жұмыс iстейдi және программалық мәтінде тырнақшаға алынып жазылады.
“үшбүрыштың ауданы=”
“ең үлкен сан: ”
Мәтін түсiнiктеме қызметін атқаратын болса - // (қос слэш - екі көлбеу сызық) символынан кейін жазылады. Егер түсініктеме бірнеше қатарға жазылатын үлкен мәтіннен тұрса, онда оны /*(/**) және */ символдарының арасына жазуға болады. Түсініктеме жазу мысалдары:
...