Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Функцияларды анықтау және декларациялау

Автор:   •  Ноябрь 4, 2022  •  Лекция  •  1,761 Слов (8 Страниц)  •  194 Просмотры

Страница 1 из 8

Функцияларды анықтау және декларациялау

Жоспар:  1. Функция

                2. Функцияларды анықтау және декларациялау                            

С++ тілі С тілінің стандартты математикалық функцияларын мұралаған,  олардың сипаттамалары <math.h> (<cmath>) тақырыптық файлдарында орналасқан. Олар санның абсолюттік мəнін (abs, fabs), дөңгелектенген санды (ceil, floor), санның квадрат түбірін (sqrt), дəрежесін (pow), тригонометриялық функциялардың мəндерін (sin, cos, tan, sinh, cosh, tanh, asin, acos, atan, atan2), экспонентаны (ехр), логарифмді (log, logl0), санның бүтін жəне бөлшек бөліктерін (modf), бөлуден қалған қалдықты (fmod) жəне т.б. есептеуге мүмкіндік береді.

Препроцессор директивалары

Компилятордың алғашқы іс-əрекеттерді орындау кезеңі (фазасы препроцессор деп аталады. Препроцессор нұсқаулары директивалар деп аталады. Олар # символынан басталуы тиіс, бұл символдың алдында тек бос орын символдары орналасуы мүмкін (10 б.).

#include директивасы

#include <файл_аты> директивасы көрсетілген файлдың құрамындағы

ішкі мəліметтерді бастапқы файлдағы өзі жазылған орынға кірістіреді.

Қосылатын файлдың құрамында да #include директивалары болуы мүмкін. Егер файлдың орналасқан каталогының жолы толық көрсетілмесе, ол кіріктірілетін файлдардың стандартты каталогтарынан ізделеді. Бұрыштық жақшалардың орнына тырнақшаларды (" ") қолдануға болады – мұндайда файлды іздеу бастапқы файл орналасқан каталогта, содан кейін барып стандартты каталогта жүргізіледі.

#include директивасы əртүрлі файлдардағы жарияланымдардың үйлесімділігін қамтамасыз етудің қарапайым құралы болып табылады, бұл директива

файлдарға тақырыптық файлдардың интерфейсі туралы ақпарат береді.

Тақырыптық файлдардың кеңейтілуі əдетте .h болады жəне олардың

құрамында келесі элементтер болуы мүмкін:

□ типтердің, тұрақтылардың, құрамдас функциялардың, шаблондар мен

тізбелердің анықтамалары;

□ функциялардың, мəліметтердің, атаулар мен шаблондардың жарияланымдары;

□ атаулар кеңістіктері;

□ препроцессор директивалары;

□ түсініктемелер.

Тақырыптық файлда функциялар мен мəліметтердің анықтамалары болмауы тиіс. Мұндай ережелер тілдің талабы бойынша емес, олар директиваны

қолданудың ыңғайлы тəсілін бейнелейді.

Стандартты кітапхананың тақырыптық файлдарын жазу кезінде .h

кеңейтілуін жазу міндетті емес1

. Бұл оларды сақтау тəсілдеріне шек қоймау

мақсатында жасалған. С кітапханасының əрбір <name.h> атты файлы

үшін С++ кітапханасында соған сəйкес <сname> файлы бар, бұл файлда С

кітапханасының құралдары std атаулар кеңістігінде сипатталады. Мысалы,

#include <cstdio> директивасы #include <stdio.h> директивасымен

бірдей қызмет атқарады, бірақ стандартты функцияларды пайдалану кезінде

std атаулар кеңістігінің атын көрсету талап етіледі («Атау берілген аймақтар»

бөлімін, 106 б. қараңыздар).

Компиляторлардың ескі нұсқалары стандарттың бұл жаңа талабын қанағаттандырмауы мүмкін.

#define директивасы

#define директивасы программа мəтініне алмастыру арқылы енгізілетін

қосымша мəліметтерді анықтайды. Ол төмендегі элементтерді анықтау үшін

қолданылады:

□ символдық тұрақтыларды:

#define атауы алмастыру_мəтіні

(атаудың барлық нұсқалары алмастыру мəтініне ауыстырылады);

□ макростарды, олардың түрі функцияларға ұқсас болады, бірақ олар

программадағы мəтінін өздерінің мəтініне алмастыру арқылы жүзеге асырылады:

#define атауы( параметрлер ) алмастыру_мəтіні

□ шартты компиляцияны басқаратын символдарды, олар #ifdef жəне

#ifndef директиваларымен бірге қолданылады. Форматы:

#define атауы

...

Скачать:   txt (25.5 Kb)   pdf (161.8 Kb)   docx (16.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club