Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Массивтермен жұмыс. Векторлар мен матрицаларды құру

Автор:   •  Октябрь 11, 2021  •  Реферат  •  1,467 Слов (6 Страниц)  •  372 Просмотры

Страница 1 из 6

Тәжірибелік сабақ №2-3.   Массивтермен жұмыс. Векторлар мен матрицаларды құру.

Мақсаты: блоктық матрицаларды құруды, арнайы құрылған функцияларды блоктық матрицаларды құруда қолдануды, теңдеулерді шешуде М-файл функциялар құруды, сызықты теңдеулер жүйесін шешуді үйрену

Жолдар мен бағандарды жою

Матрицалардың жолдары мен бағандарын қос бос тікжақша арқылы жоюға болады. Матрица келесі түрде болсын:

>>X=D;

және X матрицасының екінші бағанын жою керек. Ол үшін төмендегідей іс әрекет жасау керек:

>>X(:,2)=[ ]

Бұл амал Х матрицасын төмендегідей түрге келтіреді:

>> X=D;

>> X(:,2)=[]

X =

     16     3     13

     5     10     8

     9     6       12

     4     15     1

Блоктық матрица

Блоктық матрица дегеніміз – кіші матрицаларды үлкен матрица құру үшін біріктіру. Қос тік жақша – біріктіру операторы. D матрицасы арқылы (сиқырлы квадрат 4х4) жаңа матрицаны құруға болады.

>> B=[D;D+32;D+48;D+16]

Нәтижесінде 8х8 матрицасы төрт матрицалардың бірігуінен алынады:

B =

     0     0     0     0

     0     0     0     0

     1     0     0     0

     0     2     0     0

    32    32    32    32

    32    32    32    32

    33    32    32    32

    32    34    32    32

    48    48    48    48

    48    48    48    48

    49    48    48    48

    48    50    48    48

    16    16    16    16

    16    16    16    16

    17    16    16    16

    16    18    16    16

                     

Матрицаны визуализациялау

М матрицасын 5х5 өлшемді 4 квадраттық матрицадан құралған блоктық матрица түрінде көрсетейік (диагоналдық блоктар еуе көмегімен, ал диагоналдық емес бөліктері ones көмегімен құрастырылады):

>> M=[eye(5) 2*ones(5); 3*ones(5) -4*eye(5)]

[pic 1]

Біз бас диагоналы 1-ден құралған, барлық элементтері 2-ден тұратын және 3-тен тұратын, бас диагоналы  -4-тен құралған 4 матрицадан үлкен 10х10 өлшемді блоктық матрица құрдық.

Енді бас диагональ элементтері 2-ден құралған, бас диагоналдың үстіңгі және астыңғы элементтері 1 болатын матрица құрайық.

>> G=2*eye(7)+diag(ones(1,6),1)+diag(ones(1,6),-1)

G =

     2     1     0     0     0     0     0

     1     2     1     0     0     0     0

     0     1     2     1     0     0     0

     0     0     1     2     1     0     0

     0     0     0     1     2     1     0

     0     0     0     0     1     2     1

     0     0     0     0     0     1     2

 

Егер түбірдің абсолюттік дәл мәні белгілі болса онда функция мәні бұл нүктеде нольге тең. Демек, табылған жуық нольде функция шамасы нәтиженің қателігін сипаттайды. Қателікті басқару үшін fzero функциясын шақыру үш аргументпен орындалады fzero(name, x0, tol ), мұндағы tol қажетті қателіктің шамасын көрсетеді.  fzero функциясы нақты бір айнымалы  функциялардың тек қана нақты мәнді шешімдерін табады.  Бірақ кейде нақты мәнді функциялардың комплекс түбірлерін табу керек болады, әсіресе көпмүшеліктер болса. Бұл үшін MATLAB жүйесінде арнайы roots(p) функциясы бар, бұл функция р көпмүшелігінің коэффициенттерінің массивін аргумент ретінде береді.  Мысалы, [pic 2] көпмүшелігі үшін  алдымен оның коэффициенттерінің массивін құру керек. (х дәрежесінің  кему ретімен орналастырамыз):

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (248.5 Kb)   docx (707.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club