Қаржылық инвестиция есебі
Автор: 12Inabat • Декабрь 2, 2018 • Курсовая работа • 15,528 Слов (63 Страниц) • 1,268 Просмотры
Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі
Бөлім_________________
Курстық жоба
Тақырыбы:Қаржылық инвестиция есебі
Қорғауға жіберілген
жұмыс жетекші
Топ оқушысы:_______________
Жетекшісі:_______________
Бағасы:_______________
Ақтөбе қаласы
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................................4
І Инвестиция есебін ұйымдастыру...........................................................................5
- Инвестиция түсінігі және жіктелуі.........................................................................5
- Инвестицияның бағалануы......................................................................................7
ІІ Қаржылық инвестиция есебі.................................................................................12
2.1 Қаржылық инвестиция есебі...................................................................................12
2.2 Қаржылық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы...........................19
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі......................................................................26
Қорытынды...................................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................................30
Қосымша
Кіріспе
Менің курстық жобамның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның эконогмикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген «Қазақстанда ең жоғары деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет».
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жлбаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.
Қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқада құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.
Олар қысқы мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.
Қаржылық инвестициялардың есебі ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық құралдар танылып және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы», және №2 ҰҚЕС стандартына қарастырылған.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен префенциялар әзірленіп жасалған.
Курстық жобамның негізі мақсаты, яғни түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты-жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және нұсқауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірісті дамыту, Қазақстан Республккасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғ менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың білікті деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып таылады.
...