Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қалалық телефон желісінің кабельдік желісі

Автор:   •  Апрель 25, 2019  •  Дипломная работа  •  6,394 Слов (26 Страниц)  •  569 Просмотры

Страница 1 из 26

Диплом жұмысының мазмұны

Диплом жұмысының мазмұны.

  1. Кіріспе…………………………………………………………..

  1. Негізгі бөлім…………………………………………………….

Конструкторлық бөлім

  1. Қалалық телефон желісінің әуе желілері………………………
  2. Байланыс желісінің тіреулері……………………………………
  3. Желілі өткізгіштер……………………………………………….
  4. Арматура…………………………………………………………
  5. Әуе байланыс желісі электромонтерінің құрал-жабдықтары…

Технологиялық бөлім

  1. Желілерді бөлу…………………………………………………….
  2. Бағаналарға ор қазу……………………………………………….
  3. Тіреулерді жабдықтау …………………….………………………
  4. Тіреулерді орнату………………………………………………….
  5. Тіреулерді бекіту ………………………………………………….
  6. Өткізгіштерді ілу ………………………………………………….
  7. Өткізгіштерді жалғау………………………………………………

  1. Экономикалық бөлім……………………………………………..
  1.   Еңбекті қорғау бөлімі…………………………………………….
  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………………

I. Кіріспе

I. Кіріспе.

Кабельді желісінің сипаттамаларына қарағанда әуе желісінің сипаттамалары төмен болуына қарамастан, олар өздерінің мәндерін жоғалтқан жоқ. Әуе желілері белгіленген бір каналдарда ғана қолданылады. Себебі олар белгіленген ішкі электромагниттік әсерлерге (күннің күркіреуі, найзағай) және атмосфералық жағдайларға (температура, ылғалдылық) ұшырағыш, сонымен бірге оның бойындағы байланыс жер асты кабельді желілерге қарағанда тұрақсыздау. Бірақ, әуе байланыс желілердің құрылысы өте қолайлы және капиталдық шығындары арзанырақ.

Қазіргі кезде әуе байланыс желілерін зонаішілік желілерде (облысішілік) және көбінесе селолық телефон желісінде (СТС) қолданады.

Қолданылуына байланысты әуе байланыс желілері 3 классқа бөлінеді:

I класс – магистральды желілер, II класс – зонаішілік және селолық телефон желілерін қосатын желілер, III класс – селолық байланыстың абоненттік желілері.

Қаланың шет жақтарында, абоненттер бір-бірінен және телефон станциясынан айтарлықтай қашықта болған жағдайда телефон аппараттарын абонентке жер асты құрылғыларымен немесе тіректі енгізулер арқылы қосу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан бұндай жерлерде тіреулерден, арматурадан және өткізгіштерден тұратын әуе-бағаналы желілерді тұрғызады. Әуе желілерімен жұмыс жасау өте қолайсыз жағдайларға есептелген. Қолайсыз жағдайларға мұзды аудандандармен жұмыс жатады. Мұзды күндерде өткізгіштердің салмағы және оларға әсер ететін желдің қысымы біршама артады.

Аудандардың климаттық жағдайларына (мұздың қалыңдығына) байланысты мынадай бірнеше топқа бөлінеді: Ж-жеңілдетілген (мұздың орташа қалыңдығы 5 мм-ден аспайды); Қ- қалыпты (мұздың орташа қалыңдығы 10мм-ден аспайды); К- күшейтілген (мұздың орташа қалыңдығы 15 мм-ге жетеді).

Механикалық беріктілігіне байланысты ӘБЖ төрт түрге бөлінеді:

  1. Жеңілдетілген «Ж» (облегченный)
  2. Қалыпты «Қ» (нормальный)
  3. Күшейтілген «К» (усиленный)
  4. Ерекше күшейтілген «ЕК» ( особо усиленный)

Кейбір конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты әуе желілері температуралық аймақтарына қарай анықталады:

I зона (солтүстік) – 550C-тан +300С –қа дейін;

II зона (орташа) -400С-тан +450С-қа дейін;

III  зона (оңтүстік) -250C-тан +600C-қа дейін.

Көрсетілген классификация аудан құрылысының метеорологиялық жағдайларына байланысты анықталады. Мұның негізгі критерийі өткізгіште қалыптасқан мұздың эквиваленттік қалыңдығы болып табылады. Себебі мұздың әсерінен өткізгіштердің салмағының көбеюінен, желдің қысымына ұшырауынан әуе желілері механикалық жүктемеге ұшырайды. Берілген желілердің әрқайсы түрі 1 км-ге орнатылатын бағаналардың санымен сипатталады (1-кесте)

1-кесте. Желінің түрлері және сипаттамалары.

...

Скачать:   txt (86.4 Kb)   pdf (772.7 Kb)   docx (480.5 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club